Шикізатты кептіру
Шикізатты алғашқы өңдеуден өткізіп болғаннан кейін кептіріп жібереді. Жинаушылар бұл жұмысты өз күштерімен жасауға тырысады немесе тез арада шикізатты орталықтанған кептіру орындарына жібереді.
Өсімдікті кептіру дегеніміз оларды сорғытып құрғату арқылы консервілейтін спецификалық әдіс.
Шикізаттың әр түріне немесе шикізат тобына тәжірибе түрінде анықталған кептірудің қолайлы жағдайы бар. Сонымен шикізаттың морфологиялық, анатомиялық құрылысына, оның химиялық құрамына әсер етуші заттардың тұрақтылық деңгейіне қарай кептіру әдісінің белгілі бір түрін таңдайды. Дәрілік өсімдік шикізатын ашық күн астында кептіру қарапайым, қолайлы, әрі тиімді әдіс.
Ашық аспан астында кептіруді көбінесе тамырларға, тамырсабақтар мен қабықтарға қолдану олардың сапасына онша әсер ете қоймайтындай етіп жүргізеді.Ашық аспан астында кептіру көптеген дәрілік өсімдіктерді кептіруге қолданылатын әдіс. Оны шатыр астында, арнайы шатырлы бөлмелерде өткезеді. Бұндай жағдайда кептіру үшін желдетілген шатыр астында күн сәулесі арқылы әбден қыздыру керек.
Жылу арқылы кептіру күннің кез келген уақытында әрі жылдың кез келген мезгілінде пайдаланылатын әдіс. Стационарлық кептіргіштер арнайы ірі кептіру орталықтарында, жабық бөлмелерде орналасқан, әрі екі бөлмнен тұрады – кептіру камерасы және жеке отелдық қондырғыдан.
Кептіру камерасы кептіргіш төсеніштері мен рамалардан, жылыту түтіктері жүйесінен және жылуды ішке және сыртқа тартып тұратын желдеткіштен (күшпен және табиғи жолмен) тұрады. Түтіктерден ыстық су, бу жұмыс жасайтын су және бу қазандары немесе пештер қондырылады.
Жылжымалы кептіргіштердің құрылысы әр түрлі болады. Сөлді жиделерді (қара жиде, таңқурай) кептіруге жиде-жеміс кептіргіштерін қолдану дұрыс. Жеке шикізаттар мен әр түрлі шикізат үшін жылу температурасының көрсеткіші әр түрлі болуы керек. Ол көрсеткіштерді тәжірибе жасау арқылы анықтайды.
Дәрілік өсімдік шикізатын шикізат түріне қарай 10-14 % қалдықтағы ылғалдылықта құрғақ етіп кептіреді; көмірсуларға бай жиделер үшін ылғалдылық қалдығы жоғары болуы мүмкін; қара жиде үшін 17 %; арша жемістері үшін 20%-ды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |