Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп



бет9/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Дәрілік шикізаты. Шөбін (Herba Bidentis) өсімдіктің қауыздану кезеңінде жоғары ұшынан 15 см ұзындықта кеседі. Плантацияларында итошаған комбайнмен бүкіл жер үсті бөлігін орып, ұсақтап, жинайды. Шөбін жұқалап брезентке жайып кептіреді. Кептіргіштерде 350 – 400 С температурада кептіруге болады.Кептірілген шикізаты өсімдіктің бүтін сабағы мен жапырақтары, қауызы бар 15 см ұзындықта кесілген жоғары бөлігі. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Жапырақтарының ұзындығы 7-15 см, қысқа сағақты, 3-5 қияқты саусақ салаланған жапырақтарға бөлінген, ортаңғысы ірірек болып келген. Жапырақтары жәй жапырақтар. Жапырақтарының түсі жасыл немесе қоңырқай – жасыл түсті; сабағы жасыл немесе жасыл-күлгін түсті. Өзіне тәне иісі бар, дімі ащы, аздап бырыстырғыш.                                                                                                         Химиялық құрамы. Шөбінің құрамында флавоноидтар, кумариндар (умбеллиферен және скополетин) , аскорбин қышқылының 600-70%6 аскорбин қышқылы 50м%, кариотин 4,46%-ға дейін, иілік заттар 4,46%. ащы заттар, шырыштар, γ-лактондар, аминдар, эфир майының іздері табылды. Қолданылуы. Итошағанның тәбет ашатын, асқорытуды көтеріп, жақсартатын қасиеті бар. Тері дертінің зат алмасуының бұызылуын реттейтін, несеп пен терінің бөлінуін жақсартып, орталық жүйке жүйесінің жұмысын ретке келтіреді. Итошаған препараттары қабынуға қарсы әсер етеді, қан қысымын төмендетеді және аллергияға қарсы әсер береді. Шөбінің қайнатпасын суық тигенде, жөтелде, бауыр мен көк бауыр дертінде, буын дертінде (подагра), артрит пен мешелде қолданылады. Қайнатпасын безеуде, көршиқанда (фурункулез) қолднылады. Тамыр қайнатпасы улы заттарға қарсы әсер етеді. Орта Азияда жылан шаққанда оның уына қарсы қолданылады.

   

 Қырмызыгүл гүлдері – цветки ноготков – Flores Calendulae

    Дәрілік қырмызыгүл –Ноготки лекарственные 

    Calendula officinalis L.

    Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae

    Сипаттамасы. Биіктігі 2-70 см тік тармақты сабағы бар бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақ жапырақтары сағақты, ұзын қандауыр тәрізді. Гүл себеттері ірі, енінің шамасы 50 мм, шеткі тілше гүлдері сары, ішкі түтікшелі гүлдері қызғылт түсті, қос жынысты өсімдік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет