Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері



бет2/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
кунделик 2021-2022 фгнозия практика УПП (1) (3)

Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері 

және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері

    Дәрілік өсімік шикізаттарын партиямен қабылдайды. Партия деп салмағы 50 кг-нан кем емес, белгілі бір атпен аталып, арлық көрсеткіштері  бойынша бір текті, сапасын куәландыратын құжатпен безендірілген шикізат  мөлшерін атайды. Құжатта келесі мәліметтер тіркелуі қажет:

-құжаттың номері мен берілген мерзімі;

-жіберушінің аты мен мекен-жайы;

-шикізаттың аты;

-партия номері;

-жинау мерзімінің жылы мен айы;

-жинау немесе дайындау ауданы (жабай өсімдіктен шикізат алу);

-шикізат сапасын сынау нәтижелері;

-шикізаттың нормативті құжатын белгілеу;

    Әр өнімдік бірлікті оны орау мен таңбалаудың нормативтік құжатқа сәйкестігін анықтау үшін сырттай бақылаудан өткізеді. Ораудың дұрыстығына ыдыс жағдайына (шикіззаттың сапасына және дұрыс сақталуына әсер ететін әр түрлі зақымданулардың болмауына) назар аударады. Шикізаттың сапасының нормативтік құжатқа сәйкестігін анықтау мақсатында өнімнің зақымдалған бірліктерінен партияның әр жерінен сынама алу арқылы анықтайды.

    Таңдап алынған өнімнің бірліктерін ашып сырттай шикізаттың біртектілігін (бүтін, ұсақтығын, престеу) түсін, иісіне, көгергендігіне, шірігендігіне, желдетуден кетпейтін тұрақты бөгде иістің болуын; улы өсімдіктер мен бөгде қоспалардың болуын (тас, шыны, кеміргіштер мен құстардың тезектері және т.б.) анықтайды. Сонымен қатар, жәй көзбен және үлкейткіштің көмегімен (5—10х) ондағы қамба зиянкестерін анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет