ФГЗ Оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы: Жасталапова Әсима Ғаділжанқызы
тегі, аты, әкесінің аты ( ол бар болған жағдайда)
18. 01. 2021.
Р\с№
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған)жұмыстардың атауы
|
Кәсіптік практикааның бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері
|
Өндірістен
кәсіптік
практика жетекшісінің
қолы
|
|
|
басталуы
|
аяқталуы
|
|
15.
|
Фитотерапияда жиі қолданы латын және емдеу үшін тиімді өсімдіктер. Халық медицинасын дағы дәрілік өсімдіктер . Гомеопатия туралы түсінік
|
9:00 14:00
|
|
Қызыл таспа, құс таран шөбі – трава спорыша – Нerba Polygoni avicularis
Қызыл таспа, құс таран – Горец птиций, спорыщ - Polygonum aviculare
Тарандар тұқымдасы – семейство гречнишные – Polygonaceae
Сипаттамасы. Бір жылдық, сабағының ұзындығы 10-40 см, тік сабақты шөптесін өсімдік. Негізінен бұтақты, жапырақтары қандауыр тәрізді. Маусым-қазан айларында гүлдейді.
Таралуы. Бұл топырақ талғамайтын өсімдік. Жолдардың, су қоймалардың жағасында өседі. Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Украинада, Евразияда, Солтүстік Америкада, Австралияда таралған.
Дәрілік шикізаты. Жер үсті бөлігін (Нerba Polygoni avicularis) өсімдік гүлдеген кезінде орып жинап алады.
Химиялық құрамы. Шикізаттың бойында флавоноидтар, К дәрумені бар Флавоноидтардан басқа шөбінде иілік заттар (15%), аскорбин; галло, сірке, май ышқылдары, пектин (5,4 % ), кілегей, эфир майы (0,05 % ), флабафендер, кальций тұздары, қант болады
Қолданылуы. Медицинада қан тоқтататын дәрі ретінде жатырдан қан кеткенде қолданады. Несеп жолдары қабығында, бүйрекке тас байлағанда пайдаланса өте жақсы нәтиже береді. Қызыл таспаның мал азығында маңызы зор. Өсімдікті мал сүйсініп жейді. Тамырларынан көк түсті бояу алынады.
Қызыл таспа, құс таран – Горец птиций, спорыщ - Polygonum aviculare
Көк гүлкекіре гүлдері – цветки василика синего – Flores Centaurae
Cyani
Көк гүлкекіре, көк кекіре – Василек синий - Centaurea cyanus L.
Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae
Сипаттамасы. Биіктігі 30-60 см-ге дейін жететін, сұрғылт-жасыл түсті екі жылдық шөптесін өсімдік. Гүлдері өте әдемі қауашаққа жиналған, шетіндегілер үлкендеу, көгілдір қызғылт түсті, сирек болса да ақ түстілері де кездеседі. Гүл кекіренің бір немесе екі жылдығы болады. Маусым-тамыз айларында гүлдейді.
Таралуы. Қазақстанның барлық аудандарында, еліміздің Европалық бөлігінен Қиыр оңтүстігі мен Қиыр солтүстігінен өзге аймақтарында, Кавказда, Сібңрде, Орта Азияда және Қиыр шығыста кездеседі. Бұл әсіресе, республикамыздың оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ Қостанай, Семей Шығысс Қазақстан облыстарында кең таралған. Оны кейде әсемдік ретінде өсіреді
Дәрілік шикізаты. Гүл қауашағының шетінде өсетін гүлдері (Flores Centaurae Cyani) қолданаылады. Ортаңғы түкті гүлдерін қолмен жұлып жинайды, гүл табанын орамасымен қосып алып тастайды. Көлеңкеде жедел кепітіреді. Күннің көзінде кептіруге болмайды, өйткені шикізаттың өңі өзгеріп, сапасы төмендейді. Жинауды гүлдеу кезінде бір, екі жылдық жабайы өсімдіктерге жүргізеді.
Химиялық құрамы. Гүлдерінің бойында антоциан гликозидтері, флавоноидтар бар. Көк гүлкекіре гүлдерінде ащы гликозидтер, иілік заттар, минералды тұздар кумариндер, мырыш, полацетилен қосылыстары бар. Қолданылуы. Көк гүлкекіренің гүлдерін несеп жүргізетін, көз ауруларына қарсы дәрі ретінде қолданылады. Өсімдіктің гүлдерін нефритке яғни, бүйректің қабынуына , несептің жүрмей қалуына немесе қуықтың қабынуына, бүйрекке тас байлағанда қарсы ішіледі.
Көк гүлкекіре, көк кекіре – Василек синий - Centaurea cyanus
Шелна тамырсабақтары мен тамырлары – корневища и корни кровохлебки - Rhizomata et radices Sanguisorbae Дәрілік шелна - Кровохлебка лекарственная - Sanguisorba officinalis Раушангүлділер тұқымдасы – семейство рооцаетные - Rosaceae Сипаттамасы. Биіктігі 100 см. көпжылдық шөптесін өсімдік. Жуан, көлденең орналасқан ағаштанған амырсабағы мен ірі тармақты тамырлары бар. Тамыржапырақтары ірі, ұзын сағақты, күрделі, тақсалаланған 7-25-тен ұзынша өткір тісті жапырақ күлтелірі бар сабақ жапырақтары отырмалы, сирек орналасқан, күрделі, жоғары қарай кеми береді. Гүлдері қою-күлгін түсті, қосжынысты немесе аналық гүлдерден тұрады, сопақ, масақ тәрізді гүл шоғырларын түзеп ұзын гүл табанынан орналасқан. Жаздың соныңа қарай гүлдейді. Таралуы. Сібірде, Қиыр Шығыста, Ресейдің Европалық бөліктерінде, Кавказда, Қырымда таралған. Шалғынды жерлерде, ашық алаңқайларда, сирек ормандарда, батпақты сазды жерлерде ну құрап өседі. Дәрілік шикізаты. Күзге қарай жер асты бөліктерін (Rhizomata et radices Sanguisorbae) түгел жинап алады да топырағынан тазартып, бөліктерге келіп, кептіреді. Дайын шикізаты тамырсабақтары мен тамырлары цилиндр немесе бұрыс формалы, ұзындықтары 10-15 см, жуандығы 1-2 см кесінділер. Сыртынан қарағанда қара-бурыл, ал сынығынан қарағанда сары түсті. Дәмі күшті бырыстырғыш, иіссіз. Химиялық құрамы. Иілік заттардың гидроизденген тобынан тамырсабақтарында 12-13% ,тамырларында 16-17 % табылған. Бұдан басқа галла және эллага қышқылдары бос күйінде табылған. Сонымен қатар, сапониндер сангвисорбин және потерин (4 % дейін), стериндер мен крахмалдың көп мөлшері кездеседі. Жапырақтарында 0,9% дейін аскорбин қышқылы, флавонидтар табылған. Қолданылуы. Өсімдіктің сұйық экстрактсы мен сулы қайнатпасы н энтероколитте, интоксикациялық және гастрогенді іш өтуде қолданады. Жатырдан әсіресе, гемморойидан қан кеткенде күшті әсері бар. Халық медицинасында кеңінен қолданылады.
Білім алушының қолы _______
Достарыңызбен бөлісу: |