“Ғылым” баспасы Нұр-Сұлтан 2019


Шыңғыс Айтматов БӨДЕНЕ АУЛАУ



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата22.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#103026
түріБиография
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
 


134
Шыңғыс Айтматов
БӨДЕНЕ АУЛАУ
Өз өмірімде болған тағы бір оқиғаны айтып берейін.
Ойда-жоқта бір ақын досым жолығып, хал-жағдай 
сұрасқаннан кейін, ол маған былай деп қалды: «Тегі, 
сенің мұның қалай осы? Ылғи да үлкен жиналыстардан 
қолың босамай жүріп, тіршілік пен табиғаттың 
рақатынан алыстап кетіпсің ғой. Ал мен болсам, әр апта 
сайын машинама отырып аламын да, қала шетіндегі тау 
шатқалына барып, аңшылықпен айналысамын.
Ол жердің ауасы таза. Сарқырап аққан асау өзен, 
көк майса, гүлзар аймақ, оның үстіне, құр босқа қарап 
отырмай, бөдене аулаймын. Бұл бір рақат қой, көңілің 
сергіп, жыр жазғың келеді. Ал сенің ылғи да қолың 
босамайды. Жүрсейші, табиғатқа шығып қайтайық. 
Отыр, мына машинаға. Көңілің көтеріліп, жан дүниең 
жаңарып, өзіңді жеңіл сезініп қаласың».
Қысқасы, сөйтіп... ол менің келісімімді алды. Түстен 
кейін екеуміз машинаға отырып, сапарға шықтық. Әуелі 
күре жолмен зымырап, содан кейін айыл шетіндегі қара 
жолға түстік. Көк майсасы ырғалған жасыл дала, таза 
ауа, ұшып-қонып, құйқылжыта сайраған әр түрлі құстар, 
алыстан көрінген ақ бас таулар, расында да, көңілімді 
көкке көтерді. Сол күні жан-жағыма қызыға көз салып 
отырып: «Көп нәрседен құр қалыппын-ау, бұдан былай 
балаларымды алып, жиі-жиі табиғат аясына шығып 
тұруым керек екен,» деп ойлағаным да есімде. 
Бір кезде машинаның моторын сөндіріп, кең далаға 
масаттана қараған аңшы досым: «Ал енді, аңшылықты 
бөденеден бастаймыз,» деді.
– Қалай? – деп таңғалдым мен. – Біздің қолымызда 
мылтық жоқ қой?..


135
Балалық шақ
– О-о, бұл жерде бөдене жыртылып-айырылады, 
сондықтан да, адамдар оларды атпай-ақ, тормен аулай 
береді. Міне, біз мына жерге тор жаямыз, ал сен енді
маған бөгет жасамай, қара да тұр, - деді ақын.
– Жақсы, солай-ақ болсын, бірақ, сен оларды қалай 
аулайсың? – деп сұрадым. 
– Мен қазір ұрғашы бөденелердің даусын салып, еркек 
бөденелерді шақырам, – деп түсіндірді ол маған.
Бірақ, мен бұл сөздің мәнісін онша ұға қоймадым.
Бір уақта ақын даусын құбылтып, құстың үнін сала 
бастаған кезде, тым-тырыс жатқан айнала-төңірекке жан 
біткендей болды. Шөп арасынан шуылдаған дыбыстар 
естіліп, тызылдап ұшқан бөденелер көрінді. Олар 
әлгі, азғырған үнге алданып, алдарынан кездескен әр 
түрлі тосқауылдарға қарамай, зуылдап кеп торға түсіп 
жатты. Осы кезде ақын торды тез тартып ала қойып еді, 
оншақты бөдене тордың ішінде тыпырлады да қалды. Өз 
ісіне риза болған ол бөденелерді бір-бірден алып, бөлек-
бөлек салмаса шоқысып қалатынын айтып, қолындағы 
қапшыққа тоғытып жатты .
– Міне, енді бөденені қалай аулау керек екенін де 
көрдің, – деді ол бір кезде.
Бұл сәтте істің мән-жайына толық қанығып үлгерген 
менің жазықсыз бөденелерге қатты жаным ашып кетті.
– Не деген ұятсыз едің?! Сенің бұның барып тұрған 
қатыгездік қой!.. Байғұс бөденелерді азғырып, алдап, 
қолға түсіресің... Егер мені сыйласаң, бұларды босат та, 
бұдан былай мұндай іспен айналысушы болма... – дедім 
қабағымды түйіп.
– Оу, сыйлайсың ба, сыйламайсың ба деп, не айтып 
тұрсың өзі?! Мен бұл бөденелерді неменеге қоя береді 
екенмін! Мынауың өзі, түк ұқпайтын милау адамның сөзі 
ғой! – деп ол да енді ашулана бастады. 


136
Шыңғыс Айтматов
Олай болса, қош бол! Мен кеттім! 
– Кетсең, кете бер, мен өз аңшылығымды жалғастыра 
беремін!
Менің ішім суып, өзімдікінің тура, ал оның пиғылының 
теріс екенін ойлап, жаяу қайтып келе жатырмын. Бірақ, 
арада біраз уақыт өткенде ол мені қуып жетіп, машинасын 
тоқтатты да:
– Отыр... – деді.
– Жоқ, отырмаймын, – деймін.
Ол менің алдымды машинасымен орағытып өтіп, 
есігін ашты да:
– Міне, қара да тұр, сенің көзіңше бәрін де қоя берем, – 
деп, бөденелерді шығара бастады. Олар болса, пырылдап 
ұшып, тұс-тұсқа тарап, әп-сәтте шөптің арасына кіріп, 
жоқ болды. 
– Ал қане, машинаға отырасың ба?! – деді енді аздап 
наразылау үнмен. Мен машинаға отырдым.
– Дүниеде бұдан да сұмдық оқиғалар болып жатқанда, 
сен өзіңше, қайдағы бір бөденелерді аяп, қорғамақ 
боласың... Егерде, мұныңды білгенде, сені аңшылыққа 
алып шықпайтын едім. Бостан босқа көңіл-күйімді 
бұздың... Енді сенің қандай адам екеніңді елдің бәріне 
жайып, айтып беремін.
– Өзің біл... айтсаң, айта бер, – дедім мен.
Кейін ол, шынында да, бұл оқиғаны бір топ адамға 
айтқан көрінеді. Кейбіреулер күліп, кейбіреулер мені 
қоштап, ал енді біреулер мүлде түсінбегенге ұқсайды.
Одан бері де талай жыл өтті: кейде біз жолығып қалып, 
қол қысысып амандасқанда, мен одан:
– Бөденелер қалай? – деп сұрап қаламын.
– Сенің тілегің қабыл боп, олар көбейіп барады, – деп 
күледі ақын.
– Олай болса, біз дос болып қала береміз, – деймін мен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет