“Ғылым” баспасы Нұр-Сұлтан 2019


Балалық шақ ЖАН ДҮНИЕМДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата22.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#103026
түріБиография
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
 


137
Балалық шақ
ЖАН ДҮНИЕМДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
Күнделікті абыр-сабыр тіршіліктің қамымен жүріп 
кейде айналамыздағы айтылып жатқан сөздерге ой 
жүгірте алмай қалатынымыз бар. Содан да болар, 
арада біраз жыл жылжып өтсе де көңіліміз сол бір ескі 
күндерде қалып қойғандай көрінеді де тұрады, ал одан 
беріде көптеген өзгерістердің болғанын, осынау уақыт 
аралығында қандай тәжірибе жинақтағанымызды тіпті 
байқап та үлгермейміз. 
Арада өткен біраз оқиғалар жадымыздан шығып, 
ұмытылып кетеді. Оның үстіне әлгі ұмытылған нәрселер 
тарих қойнауынан тысқары қалып, мүлде басымыздан 
өтпегендей ғайыпқа айналады. Бәлкім, өткен күндердің 
қандай да бір жақсы естеліктерін өмір бойы жадыңда 
сақтап, қастерлеп жүру үшін де бір тынымсыз күрес, 
күш-қайрат қажет шығар-ау?.. Өйткені мезгіл өлшемімен 
ақыл да өлшенеді емес пе...
Балалық және жастық шақта өзіме шоң ықпал еткен 
қырғыз халқының ауыз әдебиетіне өлшеусіз қарыздармын. 
Әр аймақтың өзіне ғана тән ғұрып-әдеттерін паш ететін 
ауыз әдебиетінің шексіз табынушысы, жанкүйері боп 
қала беремін қашанда. Олардың бәрі де өз кезегінде 
адамдарға рухани ләззат сыйлап, тіршілігіне тірек бола 
алады. Есейе келе елдік кәде-салт, жоралғыларды, халық 
әндеріндегі философияны, сенім, үміттерді, мақсаттарды, 
табиғат пен адам арасындағы тығыз байланыстарды 
тереңірек түсінетін болдық. Олар әрдайым жақсылыққа 
қарай шақырып, жақсы істерге жұмылдырып отыратын 
адамзаттың асыл армандары ғой.
Айталық, егін себетін кезде айтылатын «Диқан жыры» 
мен үшін мәңгілік дұға, қазіргіше айтқанда, манифест 


138
Шыңғыс Айтматов
сияқты. Ата-бабаларымыз өздерінің бұл дүниедегі 
парызын осынау халықтық жыр арқылы түсініп әрі 
түйсініп өтсе керек. Мен үшін атамұрамыздың бәрі де 
құнды әрі құтты тәберік.
Қазіргі кезде егіннің нан болғанға дейінгі бейнетін кім 
біліп, кім түсініп жатыр? Кәдімгі қара нан үшін жанын 
салып еңбек еткен жандардың еңбегін кім біліп, кім 
бағалайды? 
Иә, нан да белгілі бір сомаға сатылатын азық
сондықтан да дүкенге ақшаңды санап беріп, ала бересің. 
Алайда байырғы қырғыз диқандарының егін бастырған 
кезде айтатын жырын тыңдап көріңіздерші. Олардың өз 
кәсібіне байланысты барлық мәліметтерді қалай қамтып 
өтетініне аузың ашылып, қайран қаласың, олардың 
қаншалықты дәрежеде көреген, туа бітті білім иесі 
екендігіне көз жеткізесің. Тек, зейін қойып тыңдай бер, 
тыңдай бер... 
Асудан асар алдында айтылатын бата-тілектерде не 
деген терең пәлсафа тұнып жатыр десеңізші. Бүгінгі 
жұрт, өкінішке қарай, табиғаттың адам рухына игі әсер 
ететінін естен шығарып, күнделікті күйбің тіршілікке 
ғана алаңдап, өз бетімен маңып бара жатқандай. Содан 
да болар, бұл дүниеден өтіп кеткен ата-бабалардың ақыл-
ойында, парасатында қандай қазына жатқандығымен 
олардың ісі де болмай қалғандай...


139
Балалық шақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет