“Ғылым” баспасы Нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата22.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#103026
түріБиография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
СТУДЕНТ ЖӘНЕ ЕСЕК
Соғыс аяқталған кез. 1945-46 жылдары Покровка 
деген жердегі орыс мектебіне барып оқып, білім алдым. 
Онда біз Покровкадан біраз алыста, үлкен өзеннің ар 
жағындағы айылда – Жидеде тұратынбыз. Бұл қыстақта 
мектеп жоқ еді. Сондықтан да, күн сайын Таластың суын 
кешіп өтетінбіз. Дарияның суы қыста тартылып, ал күн 
жылынып, көктем туа биіктегі қарлар, мұзарттар еріп, 
қойыртпақтанып күркіреп ағатын. Інім Илгиз екеуміз 
мектепке күнде бірге барамыз. Екеуміздің аяғымызда 
жалғыз етік. Кейінірек солдаттар киетіндей бір ескі 
бәтіңке сатып алатын жағдайға жеттік.
Бір рет жолда келе жатып, үлкен өзенге жете бере 
екеуміз ерегесіп қалдық. Мен етігімізді аяп, жыртылып 
қалмасын деп, суды жалаңаяқ кешіп өтейік дегем. Арғы 
бетке шыққаннан кейін құрғақ күйінде аяғымызға қайта 
киіп алмақпыз ғой. Илгиз да мұны бұрын мақұл көріп, 
келісіп жүрген.
Бұл жолы, неге екенін білмеймін, күн өте суық па 
еді, әлде жылы ма, әйтеуір, есімде жоқ, інім шыдамай, 
жаңағы ережемізді бұзып суды етігімен кеше бастады. 
Мен оған айқайлап:
– Бері қара, анау аяғыңдағы етігіңді шеш! Онымен 
неге су кешіп бара жатырсың! – деймін.
– Аяғым жаурайды, – дейді ол. 
– Бұ не дегенің?!
Сөйтіп, сөзден сөз шығып, екеуміз ұрыса бастадық. 
Айналада ешкім жоқ. Мен оны, ол мені ұрдық. Бір уақта 
ол менің етігімді арғы беттегі шөптің арасына лақтырды 
да жіберді.


100
Шыңғыс Айтматов
Қазір де екеуміз оңаша қалсақ, сол бір қылығымызды 
еске түсіріп, күліп аламыз. Етігімізді бүлдірмей, мұздай 
суды жалаңаяқ кешіп өтейік дегеніміз үшін де өстіп, 
шартпа-шұрт ұрсып қалғанымыз бар еді. Бұл оқиға 
қазіргілер үшін күлкілі де болар... ал біз үшін...
Ол кезде сегізінші сыныпты бітіргенмін. Сондықтан 
өзімнің болашағым туралы ойлана бастайтын уақыт та 
жетті. Тұрмыс-тіршілігіміз, ас-ауқатымыз өте жұпыны 
болғандықтан, қарым-қуатымыз да онша емес, бұл 
түрімізбен Покровкадан там алып, көшіп бара қоятындай 
жағдайымыз жоқ. Бұдан соң Таластың суын кешіп, 
мектепке барғаннан басқа амалымыз қайсы. Ал енді, 
мынандай суық қыста бұл біздің арқамызға аяздай 
бататын-ды. Осының бәрін ойлап, көңілі жабырқаған 
кезде апамның айласы таусылып:
– Шаһарға барып оқығаның жөн болар еді-ау, – деуші 
еді маған.
Біз ол кезде Жамбылға жиі қатынап, керек-
жарағымызды сол жақтан базарлап қайтатынбыз. Осы 
шаһар негізгі сауда жасайтын жеріміз болатын. Мектепте 
жақсы оқығандықтан мен бұл қаладағы Ветеринарлық 
техникумға бірден қабылдандым. Ел ішінде мұндай кәсіп 
иелерін «мал техник» деп атаушы еді. Және ол ауылдық 
жерлерде өте сирек кездесетін мамандық болатын. Бірақ 
бізді тек үлкен колхоздардағы малдың ауру-сырқауын 
қарауға ғана емес, жалпы ірі шаруашылықтарға жауап 
беретін білікті мамандар есебінде де даярлап жатты. 
Сондықтан да, мал шаруашылығын өрістету, оларды 
әрқилы ауру-сырқаулардан сақтау, жем-шөбі, ішер суы 
туралы сабақтар өтеміз.
Негізі мен жаман оқыған студент емеспін. Бірақ 
тұрмыс жағдайымыз өте ауыр болды. Техникумның 


101
Балалық шақ
жатақханасында тұрамыз. Бір аптаға жететін тамағымды 
қамдап келу үшін Жамбылдан пойызға мініп Маймақ 
теміржол бекетін жетемін де, одан ары қарай Жидеге 
барамын. Жә болмаса, Шекерге – апамдыкіне жөнеймін.
Техникумдағы оқытушыларымыз өте жақсы азаматтар 
еді. Олардың көбі Мәскеу, Ленинградтан (қазіргі Санкт-
Петербург) Орта Азияға жер аударылып жіберілген 
бұрынғы орыс зиялылары болатын. Кейін біразы өздерінің 
туған жеріне қайтып кетті, енді біразының жасы келіп, 
қартайып әрі осы жаққа үйренісіп, біржола Жамбылда 
қалып қойды. Күні бүгінге дейін майдангер ұстазымыз 
Тигрий Николаевичтің бейнесі көз алдымда тұрады. 
Иван Григориевич деген және бір ұстазымыз болды. Ол 
жылқы бағудың, аттарды қайтіп күтіп-баптаудың қыр-
сырын жақсы білетін бапкер, шабандоз кісі еді. Бізге 
жылқыны күтуге байланысты көп нәрсені үйрететін. 
Осы сабақта мен кешегі қияметі мол қырғын соғысты, 
өзіміздің ілініп-салынып әрең күн көріп жүргенімізді, үй-
ішіміздің қиналып, азап шегіп жатқанын мүлде ұмытып 
кететінмін.
Бірақ өстіп қиналып жүрген күндерде де аяғыма бір 
тәуір аяқ киім алып кисем, інімнің үстіне іліп алар бірдеңе 
тапсам деген ой басымнан шықпайды. Әйткенмен Иван 
Григориевичтің сабақтарының санамды сиқырлап, арбап 
алатыны соншалықты, мұндай нәрселерді де миымнан 
сыпырып тастап, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің гөй-
гөйінен бір босап қалғандай боламын.
Ол кісінің бойында ақындық қабілет те бар еді. 
Жылқыны бағып-қағудан басқа да ішінде бұғып жатқан 
өнері бар екені анық сезіліп тұратын-ды. Әсіресе 
романтикалық жырларды, ескілікті әңгімелерді айтқанды 
ұнататын. Мәселен, аттың биологиялық ерекшеліктерін, 


102
Шыңғыс Айтматов
шыққан тегін және оларды қалай күтіп-баптау керектігін 
айтумен ғана шектелмей, әр түрлі асыл тұқымдарға 
байланысты аңыз әңгімелерді, ескіден жеткен қызықты 
хикаяларды айтып, түсіндіретін. Мені әсіресе, сабақтың 
осындай бір ерекше тұстары сиқырлап алушы еді.
Бүгін де сабақ өте қызықты өтті. Келесі аптада 
жаңа тақырыпты бастайтынымызды айта келіп, Иван 
Григориевич:
– Ендігі сабақта есекті өтеміз. Ол үшін сендер арнайы 
практикаға барасыңдар, - демесі бар ма.
Біз оның бұл сөзіне қатты таң қалдық. 
Ал ағай болса, бізге қарап, тағы да күлімсіреп:
– Неге сонша таңғалып жатырсыңдар? Жан-
жануарлардың осындай да бір түрі бар. Ендеше есекті 
де зерттеп, оған байланысты барлық нәрсені білулерің 
керек. Сендер биыл ақырғы курста оқып жатырсыңдар, 
ертең елге барып жұмыс істейсіңдер. Сондықтан есек 
тақырыбының күлетұғын ештеңесі де жоқ. Жұрттың бәрі 
есекті ақымақ, қырсық жануар деп ойлайды. Оны әр түрлі 
ауыр жұмыстарға пайдаланады. Менің сендерге айтарым, 
егер есек болмаса, адамзат қоғамы осыншалықты 
өркениетке жете алмас еді. Баяғыда пойыз, кеме, машина, 
ұшақ, ат арба сияқты көлік түрлері жоқ болатын. Біз, 
адамдар жан-жануарлардың ішінен ең алғаш есекті қолға 
үйреттік. Одан кейін атты үйреттік. Ежелгі және Орта 
ғасырлардағы адамдардың көлігі дәл осы сендер күліп 
тұрған есек болған, – деді.
Иван Григориевич есектің адамзат тарихындағы 
алатын орнын осыншалықты байыптап түсіндіргендіктен 
бе, біз енді күлкіні доғардық.
– Адам баласы есекпен көптеген жолдарды жүріп өтті. 
Есек адамзат үшін өте ауыр жүктерді тасыды. Сондықтан 
да есекті әлемдік мәдениеттен бөліп қарау мүмкін емес.


103
Балалық шақ
Шекердегі Қарақыз апам менің техникумда оқып 
жүргенімді жалпақ жұртқа мақтанып айтып жүретін. 
Апамның маған деген көңілінің ризашылығы сондай 
– бір диқан ала жаздай тынбай жұмыс істеп, үй-ішінің 
ас-ауқатына қанша ақша жинап алатын болса, Қарақыз 
апам да бір тиынын өзіне жаратпай, маған соншама ақша 
жинап қоюға тырысатын. Әрине, ол мұның бәрін де 
менің қиналып, оқуымды үзіп алмауым үшін жасайтын. 
Оның үстіне ветеринарлық кәсіпті өте жоғары мамандық 
деп есептейтін. Сондықтан да көршілерге:
– Біздің Шыңғыс мал доқтырдың оқуын оқып жатыр, 
– деп мақтанып отырушы еді.
Ол кездегі жоғарғы қызметтер адвокат, сот, 
милиция бастығы, партия ұйымының хатшысы, колхоз 
бастықтары болып келеді. Мен апамның көңілін, ішкі 
дүниесін жақсы түсінемін. Жазықсыз атылып кете 
барған туған бауырының қайғылы тағдырынан кейін 
одан қалған тұяқтың амандығын күндіз-түні құдайдан 
тілеп, бізді көзінің қарашығындай сақтағысы келетін. 
Төреқұл Айтматов бүкіл елдің бір саласын басқарып, ұлт 
тұлғасына айналған ірі азамат болған. Ел зиялыларының 
алдыңғы қатарынан көрініп, орталықтан – Мәскеуден 
білім алған. Міне, осындай інісі жазықсыздан жазықсыз 
халық жауы атанып, апақ-сапақта атылып кеткен соң 
апам оның ұлы ер жетіп, әкесінің ізін басып, елге оның 
ақ екендігін дәлелдесе деп үміттенетін. Апам өзінің 
осы ойын отырса да тұрса да қайталап айта беруші еді.
Жамбылда қандай оқу оқып жатқанымды толық ұға 
қоймаса да, әйтеуір, іс қылып, менің тура жолда кетіп 
бара жатқаныма шүкіршілік ететін.
Қашан болса да, Жамбылдан жүк таситын вагонға 
отырып, Маймаққа жетіп, одан соң Шекерге келгенімде 


104
Шыңғыс Айтматов
апамның көңілі жер-көкке сыймай бір жасап қалушы 
еді. Қуанғанынан асып-сасып, жинап жүрген ақшасын 
беріп, қолындағы бар тәтті-дәмді асының бәрін алдыма 
жайып салушы еді. Реті кеп жатса, қалаға қайтарымда 
мені темір жол бекетіне дейін жеткізіп салатын кісіні де 
айылдан сұрастырып жүріп тауып қоюшы еді.Таң азанда 
Маймақтан өтетін пойызға үлгеруім үшін Шекерден түн 
ортасында жолға шығуым керек.
Кейін апам үшін үлкен уайымға айналған осы бір 
күлкілі оқиға жалпыға түсінікті болуы үшін арнайы 
тоқталып, айта кетпесем болмас.
Техникумда теория жүзінде оқығанымызды іс-
тәжірибеде сынап көретін нәрселер жоқ болғандықтан, 
Иван Григориевич бізді әрдайым Атшабар базарына алып 
баратын-ды. Өйткені, оқыған-тоқығанымызды іс жүзінде 
көруіміз керек те. Сабақта өткен малды теориялық 
жағынан ғана емес, өмір тәжірибесінен де байқап, білуіміз 
қажет емес пе. Жамбылдың шет жағында бір жылқы 
зауыты болушы еді. Ол атақты маршал Буденныйдың 
бұйрығымен 1947 жылы құрылған. Біз оған бір жолы 
барғанбыз да.
Буденныйдың бұл бұйрығы Жамбылда ерекше 
салтанатты оқиға ретінде аталып өтілді. Міне, сонда 
атақты Буденныйды да көріп қалғанбыз. Қартайып қалған 
кезі екен, Жамбылға пойызбен келіп, шаһарды үсті ашық 
машинамен бір айналып шықты. Біз оның жолын тосып, 
қолын қысып қалуға ұмтылып, жанұшырып жүрдік.
Жылқы зауытына бару ол кезде жұмаққа барумен 
бірдей еді. Жоғарыда айтқанымдай, Иван Григориевич 
бізді әрдайым базарға алып баратын да, практикалық 
сабақты сонда өткізетін.


105
Балалық шақ
Ол базар өте үлкен, ел көп жиналатын жер еді. Қой, 
жылқы, қара мал сатылатын. Бірақ, онда есек сатылыпты 
дегенді ешқашан естіген емеспін. Бірақ жақын маңда 
тұратын кісілердің көбісі мұнда есекпен келетін.
Осы базарға келіп қайту біз үшін сыныпта отырып 
сабақ тыңдағаннан әлдеқайда қызық болушы еді. Көше-
көшені кезіп, үлкен базарды бес-алты рет айналып 
шығатынбыз. Уақытты өстіп өткізгенімізге өзіміз мәзбіз.
Мал базарға тізіп қойған қойларға, сиырларға, жылқыға 
жақындап барамыз. Иван Григориевич ортамыздағы 
біреуімізді жанына шақырып алып:
– Сен, ия, менің қасыма кел. Мұнда тұр. Қане, мына 
жылқыға мінездеме бер. Тұқымы қандай? Түсі қандай? 
Жасы нешеде? Тұяқ, жалы келіскен бе? – деп, сабақта 
өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтар қоя бастайды. 
Ал студент оған жауап беруі керек. Әлгі малдың жанында 
тұрып алып, әрбір мүшесін бізге көрсетіп, айтып шығуы 
қажет.
Жамбыл базарындағы біздің тәжірибе сабағымыз 
осылай өтуші еді.
Әңгімеміздің басында айтқан есек тақырыбына 
келгенде де ағайымыз бізді базарға алып барды. 
Бүкіл тобымызбен аралап жүрміз. Қай жерде болса да 
құмырсқаның ұясындай құжынаған ел. Базарға қой, 
сиырын алып келген сатарман да, аларман да мұнда ат не 
есек мініп келеді.
Ағайымыз бұл жолы басқаларға қарағанда түр-тұлғасы 
ірі, ат сияқты, құйрығы да келіскен бір боз есектің 
жанына барып кідірді. Шынында да, бабына келіп, әбден 
күш-қайраты толып, жетіліп тұрған кезі екен жануардың. 
Есек қартайса, көзге бірден байқалады. Бұты талтайып, 
құлақтары салпайып, көзімен жер тесіп, құдай ұрғандай 


106
Шыңғыс Айтматов
арамза, кежір боп қалады. Ал мына есек тұяғымен жер 
тарпиды, өте тың. Әйтсе де маған мынау жануардың түр-
түсі біртүрлі таныс сияқты. Қайдан көріп ем деп ойланып 
тұрсам, ағайым:
– Студент Айтматов! Кел мұнда! Сенің алдыңда бір 
жануар, дәлірек айтқанда, есек тұр. Қане, бері жақында. 
Қазір сен бізге бұл жануардың түр-сипатын таныстырып, 
мінездеме беріп шығасың, – дейді.
«Базарда бар мың кісі, бірінде жоқ бірінің ісі» 
дегендей, бізге не істеп жүрсіңдер деп ешкім мән беріп 
қарап жатқан жоқ.. Әлгі есектің жанына келіп үңілсем, 
Шекердегі қоңсымыздыкі екен. Есегінің жанында тұрған 
көршіміз де мені көріп, қатты қуанып қалды:
– Ой, сен қаяқтан келесің? Базарда не істеп жүрсің? – 
дейді.
– Мен бе?.. Мен осында оқимын ғой...
– Қалың қалай, айналайын, жақсы оқып жүрсің бе? – 
Көршім менің қал-жағдайымды сұрай бастады.
Бірақ ағай осы тұста сөзімізді бөліп:
– Жетеді! Студент Айтматов, әркіммен сөйлескенді 
қой. Саған есек туралы не білетініңді айтып бер демедім 
бе? – деп даусын өктем-өктем шығарды.
Ойымда ештеңе жоқ, өзімді өте ыңғайсыз сезініп, 
ұяла бастадым. Бір жағынан көршім де жаны қалмай 
қалбалақтап:
– Әй, бұл кісі сені неге сұрақтың астына алып жатыр? 
Не боп қалды? – деп мазамды алуда.
– Мен бұл жерде сабақ оқып жатырмын, – деймін оған 
шекемнен шып-шып тер шығып.
– О-оу, солай ма? Базарда оқып жатырсың ба?
– Иә, бұл жаққа тәжірибе сабағын өтуге келеміз.
– Ол қандай тәжірибе?


107
Балалық шақ
– Есекті оқып жатырмыз.
– Не? Есекті оқып жатырмыз дейсің бе? Әй, қойшы, 
соған бола басыңды ауыртып... Аха-ха, қане, айтшы, есек 
туралы не білетініңді естиік? – деп көршім күліп, мені 
мазақ қыла бастады.
Содан соң, аузыма түскен нәрсені шатып-бұтамын 
деп, бұл жолы жаман баға алып қалдым. Ашуым келіп, 
базардан басым мең-зең болып қайттым. Көп өтпей-ақ 
мен бұл оқиғаны ұмытып та кеткенмін...
Бір айдан кейін бұрынғы әдетім бойынша пойызбен 
Маймаққа қарай тартып отырдым. Шекерге келдім. 
Жамбылдағы базарда болған оқиғаны ұмытып қалғанмын. 
Ешнәрседен хабарсыз қалпымда Қарақыз апамды 
сағынып жеттім. Ал апамның маған деген көзқарасы 
өзгеріп қалыпты. Оны ешқашан мұндай кейіпте көрген 
емеспін. Ашуы бетіне шығып, түксиіп алған.
Маған қарап шүйлігіп:
– Сен бұдан былай мен үшін бір шіріген жұмыртқасың! 
Тегі, осы күнге шейін кімді алдап жүргенсің өзі?! Оқып 
жүрмін дейді ғой тағы да! Нені?! Есекті ме?! Есекші 
болатыныңды о баста неге айтпағансың! – деп айқайға 
басты.
Мен үнімді әзер шығарып, ақырын ғана:
– Не боп қалды, тегі? – дедім шошынып.
– Енді келіп, ештеңе білмегендей өлімсіреуін қарашы! 
Анау қоңсымыз маған бәрін айтып келді. Оқимын деп 
бізді алдап, базарда теңселіп, шерменде болып жүрген 
көрінесің ғой! Мына мен соны енді білдім емес пе. Ол 
жаққа барып алып, базарда есекші болып жүреді екен 
деген кімнің ойына келіпті?!
Мен ақырын ғана:
– Иә-ә, – дедім.


108
Шыңғыс Айтматов
– Олай болса, неменеге сандалып шаһарға барасың? 
Осы айылдағы өзіміздің есектер саған жетпей ме? 
Көшеге шығып ал да, қалағаныңды оқи бер. Әне жолдың 
арғы бетінде бір қора есек тұр. Бар соларға! Мен де сені... 
басыма бір бәле қылып алған екенмін де! – Қарақыз апам 
сөйтіп, ашуын бір ақтарып алды да, көзінің жасын төгіп-
төгіп жылап жіберді. – Мен тісімнің суын сорып, ақырғы 
тиыныма шейін саған ауқат болсын деп жинап жүрсем. 
Саған есектен басқа оқитын нәрсе қалмаған екен де?!
Иә-ә, бұл оқиға міне, осылай болған...
Менің Қарақыз апам сондай бір керемет жан еді.


109
Балалық шақ
ТҮЛКІ
Жамбылда оқып жүрген кезімде мен өзіме алғаш 
рет жаңа пальто сатып алдым. Қазіргі киімдермен 
салыстырғанда құны бес тиынға татымайтын, құрым киіз 
сияқты бірдеңе еді. Бірақ, өз заманында ол да өте бағалы 
болды. Сол үшін ақша жинадым. Қарағыз апам мен 
өзімнің шешем екеуі қосылып, қолында бар нәрселерді 
базарға апарып сатып, маған қосты. Тұрмыс-тіршілігіміз, 
ашығын айтсам, өте ауыр болғандықтан, бір пальто сатып 
алудың өзі біз үшін үлкен машақатқа айналды. Сондықтан 
да, әлгі пальтоны алған күні үйімізде бір той болғандай 
қуанып, бәрі маған құтты болсын айтып жатты.
Ұзын етегі шұбатылған, жапсырма қалтасы бар осы 
пальтоны мен зор мақтаныш көріп жүрдім. Оның түсі 
қаракөк болатын. Ол кезде мен жаспын, қаным қызып, 
теріме симай, дүрдиіп тұратын шағым. Оның үстіне, 
басқаларда жоқ жаңа пальтом бар. Өзімді өзім шоң көріп, 
үлкен көшенің өзі бір басыма тарлық ете бастағандай 
болады. Сөйтіп жүргенде қысқы демалысқа шығып, 
Шекерге әлгі жаңа пальтомды киіп келдім.
Қарағыз апамның күйеуі, жаның жәннатта болғыр 
жездем, аңға құмар кісі еді. Аңшылық құрып, ауылдан 
алыстап кетіп, үй-ішін үнемі уайымға салып, дүрліктіріп 
жүретін. Ол уақтағы аңшылар көбіне түлкі мен киік 
аулайтын. Баспалап аңдып жүріп атқан түлкілердің 
терісін бұзбай сыпырып алып, аудан орталығындағы 
арнайы мекемеге өткізеді. Өйткені мұндай терілерді 
базарға апарып сатуға тыйым салынған. Сол үшін өкімет 
өзі қабылдап алып, аңшыларға арзымаған бір ақы-пұл 
сияқты бірдеңе беретін. Бірақ менің сіздерге айтпақ 
болып отырған оқиғам бұл жайында емес.


110
Шыңғыс Айтматов
Жездемнің төрт-бес аңшы тазысы болатын. Сонымен 
бірге, аңға салатын бүркіті, мінетін аты да бар, әйтеуір, 
не керек, аңшылыққа не қажетті болса, соның бәрі де ол 
кісінің үйінен табылатын. 
Ал айылдағы басқа кісілер колхоздың малын бағып 
күнелтеді. Жездем болса, әрине, үй-ішін аңшылықпен 
асырайды. Ол кісі әсіресе, тазы жүгіртіп аң аулаудың 
шебері. Апам да осы иттердің арқасында күнделікті 
ас-ауқаттарын ажыратып отырғанын жақсы біледі. 
Сондықтан да оларды шамасының келгенінше бағып-
қағып, тоқ ұстауға тырысады. Бірақ тазылар тынымсыз 
аңға шығатындықтан тыриып, үнемі аш-арық боп жүреді. 
Қарағыз апам әйтсе де, оларды үйге жақындатқысы 
келмейді. Мен де иттердің ішке кіріп, қазан-аяққа 
араласып жүргенін жақтырмаймын. Әрине, иттің орны 
үй емес, сондықтан да олардың қорада жүргені дұрыс 
қой.
Қыс ызғары қатты. Тазы байғұстардың жүні үрпиіп, 
үсіп-тоңып жүр. Кешкісін тырбиған денесін әбден суық 
сорып, қалтырап-дірілдеп, шыдай алмай бара жатқан 
кезде қалайда бір амалын тауып, үйге кіріп кетуге 
ұмтылады. Біз болсақ, төсек жетіспегендіктен, екеу-
үшеу боп бір көрпенің астында ұйқтаймыз. Бір мезетте 
әлгі тазылардың біреуі ақырын еңбектеп келіп, көрпенің 
астына сүңгіп бара жатқанын байқап қаласың.
Бірде тоңып өлуге айналған бір тазы ебін тауып ішке 
енді де , жиенім Жапарбек екеуміздің қойнымызға кіріп 
кетті. Біз өзімізше сыр бермей, маужырап ұйқтап жата 
берген сияқты болдық. Тазы да мұны түсінгендей, демін 
шығармай тыныш жатыр. Шынтуайтына келгенде, оның 
да өстіп жылы жерде ұйқтауға қақысы бар ғой, солай емес 
пе?! Бірақ, апам бірдеңені сезіп қалып, біздің қойнымызда 


111
Балалық шақ
жатқан тазыны далаға қуып шықты. Қолындағы таяғын 
сермеп, байқұс итті бас-көзге қарамай төпелеп:
– Қара басыңа көрінгір! Тағы бір рет үйге кірші қане, 
көрсетейін мен саған!.. – деп айқай салды.
Есіктен атып шыққан тазы үріп, қыңсылап қала берді. 
Қайтсін енді, одан басқа амалы да, айласы да жоқ. Мұндай 
кезде жездем де ойланып, иттеріне жаны ашып:
– Әй, оларды неге қуасың?! Сыртта тоңып өлмей ме?.. 
– деп күңкілдейді.
– Тоңбақ түгілі, қатып қалсын! – деп апам бәрібір бой 
бермейді.
Осы тазылардың кесірінен үйде талай рет шатақ та 
шықты. Әйткенмен ол көпке ұзамай, жездем мен апам 
екеуі оп-оңай татуласа салады.
Жаңағы айтқан демалысымда жаңа пальто киіп, 
Шекерге келгенімде жездем менің жоғары курс студенті 
болып қалғанымды ескеріп, өзімен бірге аңға алып 
шықпайтынын айтты. Мен қуанып, мәз боп қалдым. 
Тазылармен түлкі ауламақпыз. Жездем маған түлкіні 
қалай ұстайтынын көрсетпек. Әрине, қатты қызықтым.
Маған айылдан бір ат тауып берді. Қарағыз апам 
ерте тұрып, шай дайындап қойыпты. Шамамда, ақпан 
айы болса керек. Жездем екеуміз екі атқа мініп, алғыр 
тазыларды ертіп, аңға шықтық. Әлбетте, мен аңға бара 
жатқаныма қуанып, жаңа пальтомды киіп алғанмын. 
Неге сөйткенімді қазір өзім де білмеймін. Сірә, мен 
аңшылықта да өзімнің кім екенімді көрсетіп, мақтанғым 
келсе керек. Әдетте аңға баратын адамдар тері тон киеді 
емес пе. Сонымен, не керек, жездем тонға, ал мен драп 
пальтоға оранып алып, ұзынды-қысқалы қос аңшы тауға 
қарай тартып кеттік. 


112
Шыңғыс Айтматов
Көпке дейін қия беткейлетіп, тау-тасты аралап 
жүргеннен кейін кішігірім майда дөңестер көрінді, 
шамасы біз қазақ даласына өткендей болдық-ау деймін.
Далада ши көп өседі екен. Жанымызға ертіп алған 
төрт тазы кейде бұлғаңдап алдымызға шығып, кейде 
артымызда қалып, із кесіп келе жатыр. Таң ағарып атып 
қалған кез.
Жездем де ізге қарап, сонсоң маған бұрылып:
– Мынаны қарашы! Іздер былай қарай кетіпті. Тегі, 
анау қар басып жатқан даланы бетке алған сияқты. 
Түлкілер сірә, алдымыздағы дөңнің ар жағында болуы 
керек, -деп сөйлеп барады.
Шынында да, түлкілердің осы жақта жүргені қардағы 
іздерінен ап-анық байқалып тұр еді. Ұзын құйрығын 
қайқайтып, қай тұстан шыға келетіні белгісіз өте қу 
аң емес пе. Тазылар олардың иісін сезген бойда солай 
қарай атылады. Олардың артынан біз де аттарға қамшы 
басамыз. 
Кенет жездем маған қарап:
– Сен осы жерде қал! Мына маңайдағы түйе тікендерді 
көрдің бе?! Қазір иттер түлкіні қуады. Сол кезде ол осы 
түйе тікенді көздей қашады. Ал сен қайтсең де оны бұл 
тікендердің арасына кіргізбе. Егер кіргізіп алсаң, онда 
айрылып қаламыз, – деді айқайлап. Сөйтті де, өзі ары 
қарай шаба жөнелді. 
Шынымен-ақ, жездемнің айтқаны айнымай келді. 
Алғыр тазылар түлкіні осылай қарай қуалады. Мен 
болсам, манағы жерде жалпиып күтіп отырмын. Түлкі-
екең кең даламен зымырап, тура мені көздей тартып келді. 
Жан-жағымыз жазық алқап. Ол енді ешқайда да қашып 
құтыла алмайды. Өйткені қалқан болар түйе тікендердің 
тұсында мен тұрмын ғой. 


113
Балалық шақ
Әйтсе де түлкі ешқайда бұрылмай, маған қарай тура 
тартып келеді. Апыр-ай, қандай керемет көрініс! Аппақ 
қар. Жанұшыра қашып келе жатқан қызыл түлкі. Қандай 
ғажап сұлулық! Көзі шоқтай жанып, құлағын жымырып, 
құйрығы бұлғаңдап, қалың қарға малтып тұп-тура ағып 
келеді. Мен енді, қандай айла қылсам да оны анау түйе 
тікендердің арасына кіргізбеуім керек. Енді ше, манадан 
бері бұл жерде сол үшін тұрғаным жоқ па?!
Бірақ мен мынау көз арбайтын керемет сұлулыққа 
қызығып, аң-таң болып, аузымды ашып қалсам керек. 
Түлкі де соны сезіп, тура тартқан сияқты. Мен енді оны 
жақыннан көрейін деп аттан секіріп түстім. Дәл осы 
мезетте ол да жалт беріп, көзді ашып-жұмғанша болмай, 
екі-үш қадам жерден зу етіп өте шықты да, манадан бері 
өзім күзетіп тұрған түйе тікендердің арасына зып беріп 
кіріп кетті. Сөйтіп, кірпік қаққанша көзден ғайып болды. 
Тазылар оны қуып жете алмағандарына ыза болып, 
түйе тікендердің арасына кіруге батпай, улап-шулап қала 
берді.
Осы кезде жездем де атын омыраулатып келіп, ентіккен 
демін баса алмай:
– Түлкі қайда? – деді маған қарап аң-таң болып.
– Түлкі ме?.. Түлкі түйе тікендердің арасына кіріп 
кетті ғой, – дедім мен әрең үн қатып.
– Әй, мен сені бұл жерге неге тұрғызып кеттім? Түлкінің 
жолын тосқауылда демедім бе?! И-и-й, осы боқмұрынды 
да оқып жүр дейді-ау! Шаһарда! Пальтосы бар тағы да!.. 
Бір түлкіні қайтара алмайды! Мақау! Міне, сенің мақау 
екеніңді түлкі де сезген ғой! Иттер оны он шақырымдай 
жерден қуалап, сенің алдыңа алып келді. Енді одан не 
пайда? Мен осы кімге сенгенмін? Далбаңдаған аңқау! 


114
Шыңғыс Айтматов
Жоғал, көзіме көрінбей! Сені де адам болады деп жүрміз-
ау?! Өзгелерді қойшы, өз басыңа пайдаң тимейді!
Сөйтіп, жездем ашумен аузына түскен сөзді айтып, 
ұрсып-сөгіп, жер-жебіріме жетті. Тіпті, маған айтпаған 
жаман сөзі қалмады. Содан соң атына қайта мініп, иттерін 
шақырып алды да, ары қарай желіп кете барды.
Мен әлгі жерде селтиіп жападан жалғыз өзім қала 
бердім. Жаңағы айтылған ашулы сөздер жүрегімді тесіп 
өткендей боп қатты ызаландым. Түлкі-екең болса өзінің 
жасырынған жерінен шықпай, тым-тырыс жатыр.
Жездем тазы иттерімен тағы да басқа жаққа аң аулап 
кетті. Маған бұрылып қараған да жоқ. Сонсоң мен де 
ауылды бетке алып, жөней бердім.
Сол күні мен өзімнің қолымнан түк келмейтінін, 
тіпті, балтаға сап болуға жарамайтынымды ойлап, қатты 
қорландым. Және соған өзімді өзім сендіріп, көндіріп те 
қойғандай болдым. Оның үстіне қайтар жолда ауа райы 
да бұзылып, ашық аспанды қара бұлт қаптай бастады. 
Адасып кетпеуге тырысып, таңертеңгі жүріп өткен ізге 
түсіп алдым. Себелеп жауған қар ол іздерді әлі жауып 
үлгермепті.
Үйге күн батпай жетіп алсам деп асықтым. Қар үдей 
түсті. Жаңа пальтомды қанша қағып-сіліксем де аспаннан 
қалқып түсіп жатқан ұп-ұсақ қар түйіршіктері оған сіңе 
берді, сіңе берді. Өзі де бір... соншалықты су тартқыш 
екен...
Ертеңіне қарасам, жаңа пальтомның ұсқыны кетіп, 
кепкен киіздің кесіндісіне ұқсап, бырысып-тырысып, 
ұйысып қалыпты...


115
Балалық шақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет