2. БАСПАГЕР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖАРИЯЛАНЫМ ЭТИКАСЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ «Қазақстан онкология және радиологиясы» ғылыми журналының баспагері өз қызметінде жарияланым этикасының келесі негізгі қағидаларын басшылыққа алады:
2.1 Жарияланым этикасы стандартына сәйкес редакция алқасының, редакторлардың, рецензенттер мен авторлардың этикалық қағидаларының орындалуына жағдай жасайды.
2.2 ҚазОжРҒЗИ-ның ғылыми журналы үшін жарияланым этикасы стандартының талаптарын бұзушылықтардың алдын алуға, оның ішінде журналдың редакциясына кінәрат-талап(тар)ты қарастыруға қолдау көрсету арқылы септігін тигізеді.
2.3 «Қазақстан онкологиясы және радиологиясы» журналының редакциялық саясатының қағидаларына сәйкес, ашық қол жетімді ақпаратқа қатысты мәліметтерді қоспағанда, жариялау процесіне қатысты барлық ақпараттық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
2.4 Редакцияға ғылыми сипат, объективтілік және ашықтық қағидаларына сәйкес, сондай-ақ рецензиялау нәтижелері бойынша журналға жариялау үшін авторлық шығармаларды еркін таңдау мүмкіндігін ұсынады.
3. РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖАРИЯЛАНЫМ ЭТИКАСЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ 3.1 Журналдың редакциялық алқасы қолжазбалардың рәсімдеу талаптарына сәйкестігін тексеру мен сараптамалық қарау нәтижелері негізінде редакцияға келіп түскен қолжазбалардың қайсысын жариялауға болатындығы туралы соңғы шешімді қабылдайды.
3.2 Қолжазбаны жариялау туралы шешім қабылдаған кезде, редакция алқасы журналдың редакциялық саясатын басшылыққа алады, ғылыми және / немесе жарияланым этикасын, авторлық құқықты бұзушылықтарға жол берген немесе плагиат қолжазбаны жариялауға жол бермейді.
3.3 Редакция автор (лар) ұсынған қолжазба(лар) ны журналға жариялау / жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға жауапты.
3.4 Егер алынған мәліметтер сенімсіз және / немесе ғылыми және / немесе жарияланым этикасының қағидаларын, нормаларын, стандарттарын бұзу, заңға қайшы әрекеттер жасау нәтижесінде алынғандығы; эксперименттік қателердің болуы; мақаланың бұған дейін Редакцияға ескертусіз басқа басылымдарда жарияланғаны; мақалада плагиаттың болуы; этикаға жатпайтын зерттеулер жайлы ақпараттың болуы туралы бұлтартпас дәлелдер болса, редакция мақалаға қатысты ретракция процедурасын жүзеге асыруы керек.
3.5 Редакция қолжазбаларды нәсіліне, жынысына, жыныстық бағдарына, діни сенімдеріне, этносына, азаматтығына, автордың саяси көзқарасына және коммерциялық ойларына қарамастан, интеллектуалды мазмұнына қарай бағалайды.
3.6 Журналдың редакциялық алқасы ұсынылған қолжазбалар туралы ақпаратты тиісті автордан, әлеуетті рецензенттерден және баспагерден басқа ешкімге жарияламауы керек. Редакцияға қарау үшін ұсынылған кез-келген қолжазба құпия құжат болып саналады. Қолжазбалар ешқашан үшінші тарапқа көрсетілмеуі немесе талқыланбауы керек.
3.7 Редакция алқасы жарияланымға қабылданбаған қолжазбаны автор(-лар) дың жазбаша келісімінсіз, редакция алқасы мүшелері өз зерттеулерінде қолданбайтынына кепілдік береді.