Ғылым, ғылымның жіктелуі Ғылымның дамуының кезеңдері


Мақаланың «жұмыс нәтижелерін талқылау» бөлімінде қандай ақпараттар жазылады?



бет11/11
Дата02.05.2023
өлшемі41,43 Kb.
#88917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
СРС ғз

Мақаланың «жұмыс нәтижелерін талқылау» бөлімінде қандай ақпараттар жазылады?

Нәтижелерді талқылау. Нәтижелерді талқылау бөлімі мақала құрылымында жеке бөлімге шығарылуы мүмкін, кей жағдайда «Қорытынды» бөліміне де кіруі мүмкін. Мұндай талқылау бөлімі болуы маңызды. Бұл бөлімнің міндеті - алынған нәтижелерге түсініктеме беру. Талқылауға ұсынылған нәтижелер неге дәл осындай екенін және олар мақаланың негізгі идеясына қалай сәйкес келетінін көрсетуі тиіс. «Талқылау» бөлімінде жұмыс нәтижелерінің ерекшеліктерін көрсету, яғни жұмыс нәтижесінен алынған тұжырымдарды бағалау қажет. Мақалада алынған нәтижелерді осы саладағы алдыңғы жұмыстармен салыстыру қажет. Мұндай салыстыру фактілері ауызша дәлелдерге қарағанда жұмыстың жаңалығын жақсы анықтайды. Сондай-ақ, талқылау бөлімінде жұмыста алынған нәтижелердің соңынан келетін гипотезаларды тұжырымдау орынды. Мұндай тұжырым біріншіден, болашақта зерттеу тақырыбына өтінім болып табылады және екіншіден, мұндай зерттеулермен қатар бірнеше зерттеу топтары айналысатын жағдайда нәтижелерді түсіндіруде басымдыққа үміткер болуға мүмкіндік береді.



  1. Мақаланың атауын таңдау қалай жүзеге асырылады.

Мақаланың атауы - оның өте маңызды элементі болып табылады. Көпшілік зерттеушілер мақаланың мазмұнын оқымай-ақ, оның атауына ғана көңіл бөледі. Мақала атауының негізгі артықшылықтары – оның қысқа және нақтылығы. Көптеген журналдардың талаптары бойынша тақырып ұзындығы 10-12 сөзбен шектеледі. Тақырыпты қысқа, мазмұнды және мәнерлі қылып құрастырудың өзі оңай жұмыс емес, сондықтан тақырыпты бірнеше рет өзгертуден қорықпаған жөн. Жұмыстың мәнін көрсететін түйінді сөздерді тақырыпта қолдануға тырысыңыз. Мақаланың атауының өзі алынған нәтижелерге қарағанда қарастыратын мәселені көп дәрежеде сипаттауы тиіс.



  1. Идеализация, формализация, аксиоматикалық әдіс, гипотеза және болжам, теория мағынасын ашыңыз.

  2. Индукция және дедукция, модельдеуді қалай түсінесіз?

  3. Мәселелердің (проблема) пайда болуы және оларды шешу

  4. Теориялық зерттеулердің әдіснамасы. Гипотеза

  5. Теориялық зерттеулердің әдіснамасы. Синтез

  6. Патенттік ақпараттар

  7. Басылып шығарылатын мақаланы дайындау тәртібі

  8. Монография. Жоспар. Формула

  9. Аннотация. Баяндама

  10. Эмпирикалық ғылымды қалай түсінесіз?

  11. Іргелі және қолданбалы ғылым мағынасы?

  12. Іргелі ғылыми зерттеулер

  13. Қолданбалы ғылыми зерттеулер

  14. Таным теориясында зерттеудің екі деңгейі: теориялық және эмпирикалық

  15. Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері: Тақырыпты таңдау.

  16. Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау

  17. Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері: Модельдеу

  18. Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері: Эксперименттік (тәжірибелік) зерттеулер

  19. Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері: Нәтижелерді енгізу және экономикалық тиімділікті айқындау

  20. Ғылыми бағыт, ғылыми мәселе және ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдау

  21. Тақырыптардың өзектілігі, ғылыми жаңалығы, экономикалық тиімді, практикалық маңыздылығы дегенді қалай түсінесіз?

  22. Ғылыми нәтижелер және оларды жариялау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет