Ғылым, ғылымның жіктелуі Ғылымның дамуының кезеңдері


 Анонимді түрде берілген шағымдар қарауға қабылданбайды. 3.16



бет9/11
Дата02.05.2023
өлшемі41,43 Kb.
#88917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
СРС ғз

3.15 Анонимді түрде берілген шағымдар қарауға қабылданбайды.
3.16 Редакция адамнан (адамдар тобынан) түскен ғылыми және / немесе жарияланым этикасының стандарттарын, нормаларын және қағидаларын бұзу фактілері көрсетілген, (ҚазОжРҒЗИ журналында жарияланған қолжазбалар немесе мақалалар автор(лар)ының этикаға жат мінез-құлқы туралы кінірат-талаптары бойынша ақылға қонымды шаралар қабылдауға міндеттенеді.
3.17 Егер кінәрат-талапта көрсетілген дәлелдер расталса, редакция қолжазбаны жариялаудан бас тартуға және осы қолжазбаны басып шығару бойынша автор(лар)мен одан әрі ынтымақтастықты тоқтатуға немесе «Қазақстан онкология және радиологиясы» журналында бұрын жарияланған мақалаға қатысты ретракция процедурасын жасауға құқылы.
4. ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМ АВТОРЫНА АРНАЛҒАН ЖАРИЯЛАНЫМДЫҚ ЭТИКА ҚАҒИДАЛАРЫ
4.1 Автор (лар) мақаланың қолжазбасын журналдың редакциясына ұсынады және оның бұрын жарияланбағанына, сондай-ақ ұсынылмағандығына және басқа басылымдарда жариялануы қарастырылмағанына кепілдік береді.
4.2 Қолжазбаны бірнеше журналға / басылымға бір уақытта жіберу өрескел және жарияланым этикасының стандарттарын бұзу болып саналады.
4.3 Автор (лар) қолжазбада келтірілген зерттеу нәтижелері дербес және түпнұсқа жұмыс болып табылатындығында және дұрыс емес шеттен алып пайдаланулардан (плагиат) тұрмайтынына кепілдік береді.
4.4 Егер нәтижелері қолжазбада көрсетілген және сипатталған зерттеу бірнеше автор тарапынан жүргізген болса, авторлар тізімінде алдымен негізгі автор бірінші болып көрсетіледі.
4.5 Зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан тұлғалар бірлесіп жазған авторлар қатарына қосылуы керек.
4.6 Хат алмасу үшін автор барлық бірлесіп жазған авторлардың деректерінің қолжазбаға енуін қамтамасыз етуі керек.
4.7 Қолжазбада көрсетілген барлық авторлар қолжазбаның мазмұнына жауапты.
4.8 Хат алмасу үшін автор редакцияға басқа бірлесіп жазған авторлармен бекітілген қолжазбаны ұсынуы керек.
4.9 Автор (лар) ғылыми және / немесе жарияланым этикасының стандарттарын, нормалары мен қағидаларын бұзу белгілері бар қолжазбаны ұсынуға, этикаға жат мінез-құлық, плагиат, өзін-өзі плагиат, шамадан тыс өзіне сілтеме жасау, фабрикация, деректерді бұрмалау, жалған авторлық, өтірік авторлық, көшіру, мүдделер қақтығысы, алдау үшін жауапты.
4.10 Басқа адамдардың шығармаларының фрагменттері қолданылған және / немесе басқа авторлардың тұжырым(дар)ын шеттен алған жағдайда, қолжазбада міндетті түрде бастапқы түпнұсқа дереккөзі көрсетілген библиографиялық сілтемелер болуы керек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет