Ғылым жаршысы / Вестник науки



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі163,7 Kb.
#10909

С.Сейфуллин  атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы  /

Вестник    науки Казахского  агротехнического  университета    им.  С.  Сейфуллина. –

2013. - №1 (76). – Б. 33-41



ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Әлімқұлова Э.Ж.

Аннотация

Мақалада оқытудың инновациялық технологияларын оқу үдерісінде

қолдану мәселелері қарастырылады. Бүгінде ақпараттандырылған заманда

оқу үдерісінде  ақпараттық технологияларды  пайдалану  түрлі  мәселелер

тудырумен қатар  білім  алушылардың таным  сапасын  жетілдіруге,  оқу

материалдарын меңгеру  сапасын арттыруға және қолдануға тиімді.

Мақалада  оқытудың негізгі  мақсаты,  яғни  жетілдірілген  оқыту

технологияларын қолдана отырып оқу үдерісіндегі ғылыми педагогикалық

іс-әрекетті  дамыту, үздіксіз  жетілдіру,  тәжірибе  жүзінде

қалыптастыру,

қоғам мен айнала қоршаған орта арасындағы байланысты қайта құру,  білім

алушыларда өзіндік жұмыс үлгілері дамыту, тұлғаны нақтылыққа, жүйелі

іс-әрекетке  бейімдеу,  таным  сапасының жетілдірудегі  педагогикалық

қызмет басым қарастырлады.



Кілттік сөздер: білім беруинновациялық технология; білім алушы;

белсенді техникалық құралдар; маман; ақпараттық технологиялар.

Ел 

басшысы 


Н.Назарбаев

«XXI ғасыр  табалдырығы  алдында

білім  беру  капиталға  айналуда.

Оның  өзі  маңыздылығы жөнінен

стратегиялық

ресурстармен

бәсекелесе алады және солай болуы

тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы

бағаланатын  болады»,  деп  білім

беру  мәселесіне  аса  мән  беріп,

педагог

қауымына


үлкен  міндет

артып  отыр.  Бүгінде  еліміздің білім

беру  жүйесін

әлемдік


деңгейге

көтеру мақсатында жасалып жатқан

талпыныстар  көп,  мысалы  түрліше

бағдарламаларға  негізделген  жаңа

түрдегі 

оқу 


орындары, 

лицей,


колледж,  жаңа  типті  мектептердің

пайда 


болуы, 

болашақ


маман

даярлау  ісіне  заман өзгерісіне  сай

нақты 

талаптар 



т.с.с.

Педагог-ғалымдардың

осы  заман

талабына  сай,  орта  мектептерде,

жоғары оқу орындарында білім беру

жүйесін қайта құруға  байланысты

жүргізіліп 

жатқан 


жаңа

технологиялық 

құрылым 

мен


әдіс-тәсілдерді 

зерттеп 


енгізуі,

әлемдік стандартқа сай мамандарды

дайындау 

мақсатында

ғылыми

негізделген 



психологиялық,

педагогикалық 

қызметтері

өмір


талабы, заман сұранысы.

Педагогикалық 

ғылыми

зерттеу жұмысымыздың мақсаты да



білім 

беру 


жүйесін 

жаңғырту


барысында  оқыту үдерісіне қазіргі

заманғы


әдістемелер 

мен


технологияларды  енгізіп,  бәсекеге

қабілетті ұлттық білім беру жүйесін

дамытуға 

 

және 



 

барлық


мүмкіндіктерін

әлемдік 


білімдік

ортаға 


енудегі 

сабақтастыққа

қолдану. 

Білім 


беруді

ақпараттандыру, білім салаларының

барлық 

қызметіне 



ақпараттық

техноло-гияларды

қолданып

еліміздегі  білім  беру

қызметін

сапалы  деңгейге  көтеру.  Бүгінде

кафедрадағы 

атқарылып 

жатқан

педагогикалық 



ғылыми 

зерттеу


жұмыстары-ның

бағыты


«Агротехникалық

жоғары 


оқу

орындарында 

студенттерді

пәнаралық байланыста өздік  және

ғылыми 

зерттеу 


жұмыстары

негізінде 

 

дайындаудың



методологиясы», 

«Аграрлық

техникалық жоғары  оқу  орындары

мамандықтарымен 

сабақтастықта

қазіргі 


заманға 

бейімделген

химиялық

білімді 


жобалау»,

«Қашықтықтан  оқыту  жүйесінде

жалпы 

білім 


беретін 

пәндер


бойынша  (физика  және  экология

пәндері)  мультимедиялық

оқыту

курстарының



моделі»,

«Қашықтықтан  оқыту  жүйесі үшін

on  line  режимінде  виртуалді  білім

беру  кеңістігі  және  бағдарламалық

өнімдерді  дайындау  және  зерттеу)»

тақырыптарымен  тығыз  байланыста

жүргізіліп  отыр.  Осы  тақырыптар

бойынша атқарылған педагогикалық

ізденістер

келесі 


міндеттерді

жүктейді:

Жетілдірілген 

оқыту


технологиясын қолдана отырып оқу

үдерісіндегі

ғылыми педагогикалық іс-әрекетті

дамыту,


үздіксіз 

жетілдіру,

тәжірибеде қалыптастыру.

Білім 


беру 

саласының

гуманистік 

парадигмаға 

аяқ

басуында білім беру



үдерісіндегі әрбір студенттің таным

сапасын  жетілдіруді

қамтамасыз

ету;


Ақпарат 

легі


үздіксіз

жаңарып  отырады,  сол  себепті

жаңартылған

ақпараттан

құлақдар 

болып,


уақтылы

қол 


жетімділікті

қажтамасыз ету;

Бүгінгі

қоғамымыздың



талаптары 

жаңа


оқыту 

және


ақпараттық

технологиялар

құралдарын  еркін

меңгерген, ақпарат көздерімен еркін

жұмыс 

жасай 


алатын 

сауатты,


білікті жастарды  тәрбиелеу;

Өндірісте,  күнделікті өмірде

ақпараттық

технологияларды

кеңінен

қолдану


талаптарын

қанағаттандыру;

ҰБТ

нәтижелері 



мектеп

бітірушілердің

жаратылыстану

пәндерінен

(әсіресе химия, физика) білімдерінің

жеткіліксіз 

екендігі 

мәлім,


сондықтан  оқыту  технологияларын

жетілдіре  отырып  студенттердің

білім сапасын көтеру.

Осы бағыттағы педагогикалық

қызметімізде біз  оқытудың жаңа

технологияларын қолдану  арқылы

химия,  физика  пәндерін  оқыту

үдерісіде

жаңа 

ақпараттық



технология құралдарын қолданып

жұмыс 


жасау 

біліктіліктерін



қалыптастырудағы

ұйымдастырылған 

жұмыстар

жүргізілуде, мысалы:

Химия  курсында  оқытудың

жаңа технологияларын қолдану

мәселелерін 

зерттеп, 

тиімділігін

анықтау 


мақсатында

психологиялық-педагогикалық және

ғылыми-әдістемелік

әдебиеттерді

талдау;

Химияны 


пәнаралық

байланыс  арқылы  оқытуда қазіргі

заманның

оқыту  технологияларын

қолдану

мәселелерін  талдау;



Химияны 

пәнаралық

байланыс  арқылы  оқыту үдерісінде

жаңа оқыту

технологияларын

қолдану


әдіс

тәсілдерін қарастыру;

Химияны 

пәнаралық

байланыс  арқылы  оқытуда қазіргі

замағы оқыту

технологияларын қолдану  бойынша

ұсыныстар

жасап, 

тиімділігін



анықтау;

Химияны 


пәнаралық

байланыс  арқылы  оқытуда  кейбір

физикалық,

химиялық 

 

құбылыстардың



модельдерін жасау;

Химияны 


пәнаралық

байланыс  арқылы  оқыту үдерісінде

қазіргі

заманғы  оқыту  технологияларын



қолдану

әдістемесінің

контент-талдауын жасау.

Бүгінде 


ақпараттандыруды

кең


мағынада  кез-келген  елдің

ғылыми-техникалық

даму

деңгейінің



маңызды 

көрсеткіші

болып табылатын ақпаратты жинау,

сақтау,


өңдеу  және  тасымалдау

құралдарының

инфрақұрылымын

қажет  ететін  адам  іс-әрекетінің

барлық 

қоғамдық


маңызды

түрлеріндегі  шындыққа  сай, толық

және уақытында жеткізілетін білімді

белсенді  және  толық  қолдануға

негізделген қоғам өмірін қайта құру

үдерісі ретінде қарастыруға болады.

Осы  жағдайда  ақпарат қоғамның

негізгі  стратегиялық  қоры  болып

табылады  және  экономикада,  білім

беру  саласында  және  мәдениетте

маңызды 

орынға 


ие 

болады.


Ақпаратты оқу үдерісінде қолдануда

ақпараттық мәдениет қалыптасуы

тиіс.

Педагогикалық



зерттеулерде

ақпараттық мәдениет – бұл әлемнің

қазіргі 

көрінісін 

түсіне 

білу,


ақпараттық

ағымдарды 

кеңінен

қолдану  және  оларды  талдай  білу,



айнала қоршаған  ортаға  бейімдеу

мақсатында 

тура 

және 


кері

байланыстарды 

іске 

асыру,


компьютермен 

сауатты 


түрде

қатынас 


жасай 

білу, 


оның

мүмкіндіктерін    және  адамның

интеллектуалдық

ортадағы  орны

мен  рөлін ұғына  білу  екендігін

көрсетеді.

Бүгінде 

педагогикалық

жүйелерді  компьютерлендіру  және

ақпараттандыру негізінде оқытудың

жаңа 

технологияларының



пайда

болуына 


төмендегі

әлемдік


тенденциялар әсер етеді:

Ауқымды


өндірістік

инфрақұрылымның дамуы;

Ғылымның,

техниканың

және 

технологияның



барлық

салаларын

ақпараттандыру 

және


автоматтандыру;

Қоғамның

кәсіби


құрылымының

және 


адам

баласының еңбекке деген

дүниетанымдық көзқарасының жаңа

бағытта өзгеруі;

Білім 

беру 


саласының

әлемдік


жүйедегі 

ақпараттық

интеграциясы.

Кадрлардың

көпдеңгейлі

және озық дайындығы;

Білім  берудің  үздіксіздігі,

үздіксіз білім беруді жетілдіру және

білім

мен 


 

білікті 


толықтырудың

қажеттілігі;

Тұлғаны

әлеуметтендіру



және кәсіби деңгейін жетілдіру.

Сонымен, 

білім 

беруде


оқытудың жаңа  технологияларын

қолдану  білім  беру  мазмұнының

сапасын

арттыруға, 



зерттеулер

жүргізуге, әдістемелік  нұсқауларды

дайындауға, 

оқытудың


дәстүрлі

және 


жаңа 

технологияларын

кіріктіріп 

білім 


беру 

жүйесіне


енгізуге  бағытталған үдеріс  ретінде

қарастыруға  болады. Өйткені  білім

беруде 

жаңа 


оқыту

технологияларын қолдану қоғамның

сұраныстарын

қанағаттандыратын

білім  беру  сапасының тиімділігін

арттыру  болып саналады.  Ауқымды

мақсат  көпжақты,  ол өз  кезегінде

төмендегідей 

ішкі 

мақсаттардан



тұрады:

Жаһандану  заманында  білім

алушыларды қоғамның барлық

салаларында  толық

және

тиімді


қатысуға дайындау;

Білім беру сапасы мен білігін

арттыру;

Ұлттық


білім 

беру


жүйесінің    әлемдік  бірлестіктің

инфрақұрылымына

ақпараттық интеграциялануы.

Білім 


беру 

жүйесін


модернизциялаудағы

технологиялық ішкі  жүйенің рөлін

қарастыра 

отырып, 


келесі

қорытынды  жасауға  болады:  жаңа

ақпараттық

технологияларды

қолдану  білім  беру  жүйесіндегі

қазіргі 


заманғы 

маңызды


мәселелерін  шешуді  сол  жағдайда

ғана


қамтамасыз 

етеді, 


егер

технологиялық

ішкі 

жүйенің


дамуымен қатар,  барлық басқа  ішкі

жүйелерде: 

педагогикалық,

ұйымдастыру-шылық,

экономикалық,

айтарлықтай

өзгерістер  орын  алса  және  де  білім

беру  жүйесінің

теориялық

және


әдіснамалық

негіздеріне

әсері

байқалса.  Басқаша  айтқанда,  жаңа



оқыту  технологяларының

дамуы


миллиондаған 

адамдарға 

оқыту

қызметтерін 



салыстырмалы 

аз

шығынмен ұсына  алатын  түпкілікті



жаңа білім беру жүйесінің орнауына

әкеледі.


Қазіргі

кезде 


барлық

деңгейдегі 

оқу 

орындары


компьютерлермен 

толық


жабдықталған.  Білім  беру  саласын,

ұсынылған  бағдарлама  бойынша

оның теориясы  мен  практикасымен

қамтамасыз  ету  және  оқыту  мен

тәрбиелеудің

психологиялық-педагогикалық

мақсаттарын 

жүзеге 


асыруға

бағытталған  жаңа  технологияларды

пайдалану      білім      беру      саласын

ақпараттандыру деп



аталады 

[1]. 


 

Ақпараттандыру

(А.П. Ершов бойынша) үдерісі:

ақпараттық 

әлеуметтік

маңызы  бар  барлық

ақпаратты

сақтауға,

өңдеуге, 

электрондық

құралдармен  беруге қолайлы  түрде

ұсыну;

танымдық -

қоғамға, өзінің

барлық

деңгейде 



дамуын

динамикалық

реттеуді 

жүзеге


асыруға  мүмкіндік  беретін әлемнің

тұтас ақпараттық моделін құру және

сақтау;  жеке

қызметтен  жалпы

адамзаттық институттардың  қызмет

істеуіне  дейін жету.



материалдық

ақпаратты



сақтаудың

электрондық

құралдарының,  өңдеу  мен  берудің

толық инфрақұрылымын құру.

Білім 

саласын


ақпараттандырудағы  біздің басты

мақсатымыз 

білім 

алушыларды



ақпараттық 

қоғамда


өмірдің

қоғамдық,

кәсіптік, 

тұрмыстық

салаларында 

толыққанды 

және

тиімді қатысуына дайындау, үйрету.



Қазір «Ақпараттандыру» және

«компьютерлендіру» 

деген

түсініктер  жиі қолданылады.  Білім



саласын  ақпараттандыру  дегеніміз

білім 


алушының

мәліметтер

базасында, 

компьютерлік

бағдарламаларда, 

түрлі


анықтамалық 

әдебиеттерде

ұсынылған зор көлемді ақпартқа қол

жеткізуі. 

Ал 

компьютерлендіру



оқытудың

жекелеген 

жағдайы»,

дейді 


[2]. 

Біз 


педагогикалық

қызметімізде 

«білім 

саласын


ақпараттандыру  дегеніміз – «білім

беру 


саласын, 

оқыту 


мен

тәрбиелеудің

психологиялық-педагогикалық

мақсаттарын 

жүзеге 

асыру


мақсатында,

қазіргі 


жаңа

ақпараттық

технологияларды

қолдану мен жасаудың теориясымен

және  практикасымен

қамтамасыз

ету үдерісі»  деген    көзқарасты

қолдаймыз. Өйткені  бүгінде  білім

беруде  ақпаратты  сақтау, өңдеу,

беру 


жаңа 

ақпараттық

технологиялардың көмегімен жүзеге

асырылады.

Оқытудың  қазіргі  заманғы

технологияларында 

ақпараттық

технология-ларды

қолдану

педагогикалық қызметіміз үнемділік



(уақытты,  еңбекті,    материалдық

ресурстарды

үнемдейді),

оңтайландыру 

(тапсырысты 

т.б.


іздеудің

автоматтық

жүйесін

жақсартады), 



шығармашылық

(адамды 


ақпаратты

өңдеу 


мен

пайдалану 

жүйесіне 

енгізеді)

бағыттағы 

жаңа 


 

деңгейге


көтеріледі.

Педагог


ғалымдардың

пікірінше «…қазіргі кезде оқытудың

ақпараттық

технологиясы  (ОАТ)

дегеніміз – бұл  ақпаратпен  жұмыс

істеу үшін түрлі арнаулы жолдарды,

бағдарламалық

және  техникалық

құралдарды  (кино,  дыбыстық- және

бейне құралдарын, компьютерлерді,

телекоммуни-кациялық тораптарды)

қолданатын 

педагогикалық

технология  және  «…ОАТ  білімді

беруге 

(педагогтің 



қызметі),

қабылдауға 

(білім 

алушының


қызметі), 

оқытудың


сапасын

бағалауға,  білім  алушы  тұлғасының

оқу-тәрбие үдерісінде  жан-жақты

дамуына  жағдай  жасауға  арналған

ақпарттық

технологиялардың

қосымшасы  деп  түсіну

қажет».


Компьютерлік 

технологияларды

пайдаланып  ақпаратты  табу  және

оны  пайдалана  алу,  нысана  жасау

мен  ақпаратты  жеткізудің барлық

типтерінен  тұратын  гиперортада

байланыс  орнату;  шынайы өмірде

нысаналар 

мен

қызметтерді



конструкциялап 

және 


олардың

модельдерін 

компьютердің

көмегімен 

жасай 

білу 


деп

түсіндіреді. 

Компьютерлік

сауаттылық

тұлғаның 

әлемнің


ақпараттық бейнесін символдар мен

белгілердің және  тура  және  кері

ақпараттық байланыстардың жүйесі

деп


қабылдап,

өзі 


ақпараттық

қоғамда  еркін  бағыт  тауып,  соған

ыңғайлану

қабілетін 

танытатын

ақпараттық мәдениетінің бөлшегі

болып табылады.

Біз  оқу үдерісінде  оқытудың

жаңа  технологияларын қолдануда,

мысалы 


жаңа 

ақпараттық

технологияларды  пайдалану  түрлі

мәселелер  тудырумен қатар  білім

алушылардың танымдық  қызметін,

соның


нәтижесінде 

оқудың


тиімділігін 

арттыратынын

көрсетеміз. 

Танымдық 

әрекетсіз

ешбір


ғылыми 

түсінік 


толық

қабылданбайтындықтан, 

белсенді

танымдық  әрекетті

ұйымдастыру

үшін өздік  жұмыстарының жүйесі

мен  «түсініктерді,  заңдарды,  және

теорияны қабылдаудағы қателерді

уақытында 

танып, 


оқытушының

өзінің


педагогикалық  қызметінің

нәтижелерін 

бағалап,

өзінің


қолданған

әдістері 

мен 

оқыту


тәсілдерінің

тиімділігін 

танып,

оларға  тиісті



өзгерістер  енгізуі

үшін»  берілген  білімді қабылдау

сапасы  мен  нәтижесін  бақылауы

тиіс».


Оқытудың  қазіргі  заманғы

техноло-гияларын қолдануда:

оқу-тәрбие

үдерісін  білім

алушылардың 

қабілеттерін,

дайындықтарын, 

материалды

игерудегі 

жеке-тұлғалық

ерекшеліктерін, қызығушылықтары

мен


қажеттіліктерінің

деңгейін


есепке алып жекелендіру;

білім  алушының танымдық

әрекеті сипатының  өзіндік  жұмыс

істеуге 


және 

танымдық


сипат

жағына қарай өзгеруі;

білім 

алушының 



үнемі

жетілуіне 

және

өздігімен



оқып-білуге ынталануы;

оқудағы 


пәнаралық

байланыстың

белсендірілуі,

құбылыстар

мен 

оқиғалардың



кешенді оқылуы;

оқу


үдерісінің

жылдамдығының, қолайлылығының

артуы, 

оның


тез 

және


үнемі

жаңаруда болуы;

білім 

алушының


оқу

үдерісінен тыс әрекеті  мен олардың

бос 

уақытын


ұйымдастырудың

түрлері мен әдістерінің өзгеруі.

Ал 

химияны 


пәнаралық

байланыста 

оқытуда

жаңа


ақпараттық

технологияларды

пайдалану

бізге 


келесідей

мүмкіндіктер береді:

информатика  және  физика

сабақтарында 

алған 

білімдерін



химияда

пайдалануға мүмкіндіктер тудыру;

пәнаралық деңгейде  білімді

жалпылау үдерісін  жеңілдету  және

осы


деңгейде 

білім 


алушылардың

қоршаған


ортамен 

байланысын

жетілдіру, 

таным 


сапасын

қалыптастыру;

химияны 

физика,


информатикамен 

пәнаралық

байланыста оқытуда

жеке  пәндер  мен құбылыстардың,

заңдылықтардың

арасындағы

байланыстарды  жан-жақты  ашып

таныту;


түрлі  деңгейдегі  күрделі оқу

материалдар 

базасын

құру,


жинақтау

жағдайын тудыру;

оқу

үдерісінің



барлық

кезеңдерінде 

 

статистикалық



ақпаратты тез

жинау  және  жеткізу  жағдайын

жасау;

оқу үдерісі  барысында  білім



алушылардың жұмысын  бақылап,

түзетіп


отыруға  мүмкіндік  беретіндей  кері

байланыстың

болуы  және  білім

алушылардың

жұмысын

жекелендіру;



Оқыту

құралдарының

осындай  жүйесі  оқыту-әдістемелік

әдебиеттермен, 

химияны 

оқыту


курсының

бағдарламалық

жабдықталуымен  және  оқытушы

мен  оның білім  алушының еңбегін

ғылыми

ұйымдастыру



құралдарымен  біріге  отырып  ЖАТ

құралдарын қолдануға  негізделген

оқыту-әдістемелік 

кешен 


(ОӘК)

құрайды (1-сурет)

.


Химияны оқытуға арналған  оқу әдістемелік кешені

Компьютерлік  техникалармен

жеке  жұмыс  істеу өзіндік  жұмыс

үлгілерін дамытады,  нақтылыққа,

әрекеттің жүйелі  болуына үйретеді,

талдау мен жалпылау жасау білігін,

қабілеттілікті

арттырады.

Компьютер  абстракцияны,  сұлба,

модель,  сурет  түріндегі  көрнекі

үлгілер түрінде  нақтылау  арқылы

қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Бұл

жағдайда дамыта оқыту әдістері мен

қағидалары 

жүзеге 

асырылады.



Білім  алушылардың ойлау әрекеті

дамиды, 


танымдық 

қажеттілігі

қанағаттандырылады.  Білім  алушы

жұмыстың  өзіне  тән әдістері  мен

тәсілдерін

қолдануға 

мүмкіндік

алады.


Жаңа 

ақпараттық

технологиялардың

аппараттық

құралдарына біз  компьютерді ғана

емес,  сонымен  бірге  оған

қоса

берілетін



құралдарды 

(принтер,

сканер, 

цифрлік 


және

web-камералар,

мультимедиапроектор,

бейне-магнитофон 

т.б.),


бағдарламалық 

құралдарға

бағдарламалық  қамтамасыз  етуді,



соның ішінде оқу үдерісіне арналып

жасалған 

бағдарламаларды 

да

жатқыза аламыз.



Химия,  физика  курстарының

бағдар-ламалық

жабдықталуы,

біріншіден, 

курсты 

оқытуға


(теориялық

сұрақтарды 

оқу,

есептерді шешу дағдыларын дамыту



және  т.б.), екіншіден, оқыту үрдісін

басқаруды қамтамасыз  етуге,  білім

бақылауды 

автоматтандыруға,

үшіншіден, 

зертханалық

жұмыстарды 

сүйемелдеуге,

төртіншіден, 

ақпараттық

іздеу

жүйелерімен 



жұмыс 

істеуге


бағытталған.

Дәстүрлі  оқыту құралдарын

бірте-бірте 

жаңа 


ақпараттық

технологиялар 

арқылы

алмастыруда 



мультимедиялық

жүйелердің мүмкіндіктері  ерекше

орын 

алады. 


Компьютер 

мен


аудиобейнелік ақпаратты ұсынудың

қазіргі


заманғы

құралдарын

біріктіре  отырып,  химияны  оқыту

үдерісін 

көптеген

қосымша


мүмкіндіктермен байытуға болады:

дыбыстық сүйемелдеуге  ие

қозғалатын

немесе


қозғалмайтын

бейнелер


қорына тікелей қатынас жасау;

мәліметтер

қорынан 

сол


сәтте

қажет 


аудиобейнелік

ақпаратқа қол

жеткізу;

дыбыстық сүйемелдеуге  ие

мәтіндік, 

бейнелік,

мультипликациялық

ақпараттарды  тақырып  аясына  сай

қажет ретпен орналастыру.

Әрине, 


бұл 

жағдайда


мультимедиялық жүйелерді қолдану

жаңа 


ақпараттық

техноло-гиялардың

жан-жақты

мүмкіндіктерін  пайда-лануға  жол

ашатын  химияны  оқыту

үрдісін


ұйымдастырудың

мүлдем 


жаңа

деңгейінің

туындауына 

жағдай


жасайды.  Компьютерлік  желілер

мен 


телефондық,

теледидарлық,

спутниктік  байланыстардың бірігу

деңгейін-дегі 

телекоммуникация

құралдарынсыз оқыту үрдісіне жаңа

ақпараттық

технологиялар

құралдарын 

енгізу 


айтарлықтай

тиімді болмайды.

Оқу

үдерісінде



телекоммуникациялық

желілерді

пайдалану  аз  уақыт  аралықтарында

алдыңғы


қатарлы  педагогикалық

технология-ларды 

тарату

мүмкіндігін  тудырады.  Сол  себепті



ОӘК-де 

педагогикалық

еңбекті

ғылыми


ұйымдастыру

құралдарының модулі  орын  алды.

Ұйымдастыру 

техникасы 

баспа

жұмыстарын 



орындауды,

үлестірмелі  оқыту  материалдарды

көбейтуді, 

оқыту-анықтама-лық

материалды  сақтау  мен  оны  тез

уақытта табуды іске асырып отыр.

Бүгінде

өзіміз 


дәрістерде,

зертханалық

жұмыстарда

қолданылып  жүрген Power  Point

бағдарламасында 

жасалған


презентация, 

тек


графопроекторларға 

арналған


диафильмдерді 

және


транспаранттарды 

ауыстырып

қоймайды, сонымен бірге кадрларды

кез-келген 

ретпен

қолданып,



олардың

тек


қажеттілерін

пайдалануға мүмкіндік береді.

Оқу  сапасын  арттырудың бір

жолы 


оқу 

танымы


үдерісінде

көрнекілік құрал  түрлерінің  үлесін



көбейту 

болып 


табылады.

Көрнекілік тұжырымы оқытушының

жұмы-сын

ұйымдастырудың

қажетті 

шарты, 


оқытудың

тиімділігін  арттыру құралы  болып

табылады. Мысалы, ОТҚ қолдануды

ірі  маманы  И.И. Дрига:  «...білім

алушы

қоршаған  ортаны



өзінің

барлық


сезіну 

мүшелерінің

көмегімен  таниды.  Бірақ, олардың

өткізу


қабілеті 

бірдей 


емес.

Ақпаратты

қабылдаудың

негізгі


каналдары 

есту 


мен 

көру


анализаторлары.  «Құлақ

ми»



жүйесі  секундына  50  бит  (ақпарат

бірлігі)


өткізе 

алады. 


Көру

анализаторының  өткізу қабілеті  100

есе 

көп. 


Білім 

алушылардың

ақпараттың барлығының  90  % көру

арқылы, 9% - есту арқылы, тек 1% -

сезіну 

арқылы 


алады. 

Білім


алушылардың

есте  сақтауда  ең

дамығаны  көру қабілеті»[3],  деп

атап 


көсетеді.Жаңа 

ақпараттық

технология

құралдары 

оқу

материалын ұсыну үшін ғана  емес,



өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін

де қолданылады.      Бұл  оларды

қолдану  оқушы-лардың танымдық

қызметін 

арттыруға, 

білім


алушының

шығармашылықпен

айналысулар-ына, 

оқудың


жаңа

түрлері 


мен

әдістерін 

жүзеге

асыруға мүмкіндік жасайды.



Пәнаралық

байланыстар

ғылымның

негіздерін 

тереңінен

ұғынудың


дидактикалық  құралы

және 


шарты 

болып 


келеді.

Пәнаралық

байланыстар

оқушылардың білімдерінің  ғылыми

деңгейін  жоғарылатады, қисынды

ойлаудың,

шығармашылық

қабілеттердің

дамуына 

себеп


болады, 

дүниетанымның

қалыптасуына 

жағдай 


жасайды.

Мысалы, 


химия, 

физика 


және

информатика 

пәндерінің

арасындағы  пәнаралық

байланыс

келесі  бағыттарда  іске  асырылуы

мүмкін: 

жалпы 


дүниетанымдық

түсініктерді қалыптастыру  (әлемнің

ғылыми көрінісінің бір бөлігі болып

келетін әлемнің ақпараттық моделі,

жүйе), 

химия, 


физика 

және


информатика 

пәндеріне 

жалпы

болып 


келетін 

түсініктерді

қалыптастыру  (модель,  ақпарат),

жалпы 


заңдарды 

(ақпаратты

тасымалдау  және  тіркеу)  және

теорияларды  оқу,  танымның жалпы

әдістерін қолдану.

Химия 


курсының,

оның


ішінде 

электр 


химиясының

сұрақтарын 

талдау 

кезінде


қарастырылып 

жатқан


құбылыстарды  ақпаратты  жинау

және


өңдеу

құрылғы-ларында

қолдану 

тұжырымдамаларына

сілтеме  жасауға  болады.  Мысалы,

электр  химиясын

қарастырғанда

білім  алушылар  жартылай өткізгіш

құралдары: 

диодтар 


және

транзисторлардың

жұмыстарымен

де  танысады.  Осы  кезде  оқытушы

бұл құрылғылар  арқылы әр  түрлі

электрондық 

құрылғыларды:

ЖӘНЕ, 


НЕМЕСЕ, 

ЕМЕС


шарттарды  орындайтын  логикалық

элементтерді, 

тікбұрышты

импульстерді 

шығаратын

импульстер 

генераторын, 

екі


орнықты  күйде болатын  және 1  бит

ақпарат  сақтай  алатын  триггерлерді

жасауға болатынын мәліметтерді де

айтып өтсе  болады.  Сонымен қатар

электр магниттік толқындар арқылы

іске  асырылатын  радиобайланыс

пен  ақпаратты  тасымалдау,  яғни


телекоммуникациялық

желілер


саласындағы 

жетістіктер,

амплитудалық,

жиіліктік 

және

фазалық модуляциялар,  байланыс



желілерінің

жиіліктік 

және

уақыттық жіктелуі,  сыртқы  және



ішкі  фотоэффект

құбылыстарына

мысал  ретінде лазерлік  принтердің,

сканердің,

фото-

және


бейнекамералардың жұмысын    т.б.

келтіруге болады.

Химияны 

пәнаралық

байланыста 

оқытуды 


келесі

құбылыстарды түсіндіру барысында

да іске асыруға болады. Оған мысал

ретінде 


идеал 

газдың


молекула-кинетикалық

теориясы


(сиретілу 

дәрежесі 

анықталған

техникалық

вакуум 

алу),


Электрондық

шоқтардың магнит

және 

 

электр



өрістеріндегі

қозғалысы  (дисплей  экранындағы

бейнені 

жаймалау, 

шоқтарды

келтіру, 

бейне 

геометриясын



түзету), түстердің араласу заңы және

флуоресценция  (түрлі  түсті  бейне

алу),  электромагниттік  индукция

және өздік индукция, ажырату және

тұйықтау 

экстратоктары, 

сұйық

кристалдар 



(LCD-мониторының

экраны), төмен жиілікті газ разряды(

плазмалық панельдер),  Бугер  заңы

(сәулеленудің  әр  түрін  жұтатын

экрандардың  қорғағыш  беттері),

заттың магниттік қасиеттері  және

магнит

өрісін 


басқару

("винчестерлер", 

дискеталар,

ZIP-дисктер), 

лазерлер, 

дәлдік


оптика  (CDR,  CD  RW  және  DVD)

т.б.


Оқыту

үдерісінде

компьютерлік құралдарды қолдану

білім  алушылардың білім  сапасына,

оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігіне,

білім 


алушының

танымдық


әрекетінің белсенділігіне әсер ететін

дидактикалық

жағдайлардың

бірі


болып  табылады.  Соның көмегімен

материалдық  әлемнің және әсіресе,

білім  алушының түрлі  себептермен

өздері 


бақылай 

алмайтын


құбылыстары 

мен 


нысаналары

туралы  толық және  көрнекі  түрде

ақпарат алуына болады.

Біз 


оқыту

үдерісінде

техникалық 

құралдардың

статистикалық

(мультиме-диапроектор,

фотоаппарат, цифрлық фотоаппарат,

сканер, 


ксерокс), 

динамикалық

(бейнекамера,  цифрлік  камера,  web

камера, 


кинопроектор,

теледидармен 

немесе

мультимедиапроектормен



біріктірілген 

бейне-магнитофон)

және 

интерактивтік 



(арнайы

бағдарламалы  компьютер  (модем,

камера, 

сканер) 


түрлерін

қолданамыз.  Ал  білім  алушылар  да

өз  кезегінде

өздік  жұмыстарды

орындауда  танымдық

іс-әрекетін

белсендіру үшін  жаңа  ақпараттық

технология

құралдарын

іс-әрекеттерінің

аспабы 

ретінде


қолданады. 

Бұл 


олардың

компьютерлік 

моделдермен

жұмыстарында, 

виртуалды

зертханалық

жұмыстарды

орындауда, аралық және қорытынды

тестік 

бақылау 


жұмыстарын

компьютерлік 

бағдарламалармен

тапсыруда,

ғылыми 

жобаларға



қатысуда,  реферат  жазу  және  пән

тақырыптары 

бойынша

презентацияларды 



даярлауында

дәстүрлі  ақпарат  көздерімен қатар,

компакт  дискілерде  және  Интернет

желісінде

ұсынылған  ақпараттың


электрондық түрін қолдануы  дәлел

болып 


отыр. 

 

Енді 



осы

айтылғандарды  негіздейтін  болса,

онда  біз  компьютерлік  сүйемелдеу

әдістемесінің

тәжірибелік

көрсетілімдер 

мен 

зертханалық



жұмыстарға  негізделген  дәстүрлі

оқыту


әдістемесінен 

айқын


артықшылықтарын  атап өтуімізге

болады:


1.

Нақты  көрсетілімділігі

немесе 

зертханалық



тәжірибеде

бақылануы

қиынға 

соғатын


химиялық 

(полимерлерді 

алу,

өндірістік  химиялық технологиялар



т.б.), 

физикалық 

құбылыстарды

ұсыну (гравитация-лық өрістегі Жер

серігінің 

қозғалысы,

электромагниттік

өрістегі


зарядталған бөлшектің күйі).

2.

Түрлі 



теориялық

үлгілерде алына-тын  нәтижелерді

көрнекі 

түрде 


салыстыру

(классикалық

және  релятивистік

механика  тұрғысынан  есептегендегі

күштік

өрістердегі  бөлшектердің



қозғалысын 

салыстыра 

отырып

бақылау).



3.

Көп


қаражатты

қажет


ететін  немесе  білім  алушының

денсаулығына

қауіп 

төндіретін



зертханалық 

қондырғыларды

компьютерлік

үлгілер 


арқылы

алмастыру 

(үдеткіштің

жұмыс


режимін 

таңдау, 


электрондық

сұлбаны тексеру).

4.

Құбылыстың теориялық



үлгісінің тәжірибеде  бақыланатын

нақты


құбылысқа

бірте-бірте

жақындауын 

нақты 


тәжірибеде

міндетті  түрде  кездесетін  жанама

құбылыстар  мен

әрекеттесулерді

кірістіре 

отырып, 


көрсету

(электрондардың  қозғалысы,  атом

құрылысы, 

сәулеленуге 

кететін

энергия шығынын ескеру, үдетілген



зарядтардың  өзара әсерлерін  ескеру

және т.с.с.).

5.

Тәжірибе 



жүзінде

бақылауға  мүмкіндік  болмайтын

құбылыстарды  көрсету  (мысалы,

зарядталған 

бөлшектің

магнит


өрісіндегі қозғалысы).

6.

Математикалық



дайындықтары 

төмен 


білім

алушылар 

тобында

құбылыстың



теориялық

сипатының

негізгі

идеяларын химия және физика үшін



дәстүрлі 

болып 


саналатын

математикалық

баяндау 

арқылы


көрсету.

7.

Кейбір    тәжірибелерді,



эксперимент-терді  ойын  түрінде

компьютерде өткізу т.с.с.

Жалпы 

химия, 


физика

пәндерін 

оқыту

үдерісі


тәжірибелерге  негізделіп құрылған.

Оқу


үдерісінде 

кейбір


тәжірибелердің бір  бөлігі қажетті

құрал-жабдықтардың,

химиялық

реактивтердің жетіспеуіне, ал екінші

бір  бөлігі

өмірге


қауіптірек

тәжірибелерді 

жүргізу 

мүмкін


болмайды, ал тәжірибелердің кейбір

түрлері  тым ұзақ уақытты  талап

етеді және оларды бақылауға да көп

уақыт


қажет 

болады, 


кейде

керісінше, бірқатар тәжірибелер өте

жылдам

өтетіндіктен 



оларды

бақылау  мүлдем  жүзеге  аспайды.

Сондықтан,  осындай қайшылықты

жағдайда 

оқытудың

жаңа


ақпараттық

технологияларын

қолдану 

тиімді 


екенін 

біз


өз

тәжірибемізде 

көріп 

отырмыз.


Демек,  оқу үдерісінде  оқытудың

инновациялық

технологияларын

қолдану  білім  алушының

білім


сапасын  жетілдірумен

қатар,  оқу

барысында 

жаңа 


ақпараттық

технология-лармен, 

техникалық

құралдармен  еркін  жұмыс  жасай

алатын      креативті  жастарды

қалыптастырудағы маңызы зор.

Сонымен, 

жоғарыда


көрсетілген 

жалпы 


мәселелерді

қорытындылай

отырып

философиялық,



психологиялық,

педагогика-лық  қағидаларды  және

алдыңғы

қатарлы 


ой-пікірлерді

негізге алып, тұжырымдасақ, онда:

1. Болашақ

мамандарға

пәнаралық байланыс  арқылы  білім

беруде  берілетін  білім  мазмұнының

ғылыми

теориялық,



тәрбиелік

мәнімен


қаруландыру 

кезек


күттірмейтін 

мәселелердің

бірі.

Өйткені, 



ауыл 

шаруашылық

мамандарының

болашақтағы

іс-әрекеті айнала қоршаған ортамен,

өндірілетін өнімдер мен қайта өңдеу

технологияларымен 

тікелей


байланысты.

2. Инновациялық

технологияларды 

оқу


үдеріснде

қолдану арқылы білім беруді жүзеге

асыру  жолдары  сан  алуан,  соның

ішінде 


жаратылыстану

ғылымдарының

бағытындағы

мазмұндас 

пәндер 

байланысы



негізінде 

жүзеге 


асыру

мүмкіндігінің молдығы.

Химияның

жаратылыстану

пәндері-мен  байланысындағы  білім

жүйесін 


табиғатты,

қоршаған


ортадағы 

заттары 


мен 

түрлі


құбылыстарды

танып, 


зерттеп

білудегі мазмұн сабақтастығы біздің

алдымызға

қойған 


мәселемізді

шешуге көмектеседі деп ойлаймыз.

Оқыту

үдерісінде



инновациялық

технологияларды

қолдануда

пәндерді


өзара

байланыстыру  арқылы  оқыту

біздің алда қойылған  межеге,  яғни



оқыту 

мақсатына 

жету

үшін


оқытушы  мен  білім  алушының

іс-әрекет үрдісінің  үйлесу  түрлілігі

мен 

тәсілдері. 



Ал, 

оқытудың


мақсаты

мен


құрам 

бөліктері

тұрғысынан қарастыратын  болсақ,

онда 


ол 

оқытушының

білім

алушыны қажетті  білім қорымен



қаруландырып, 

адамгершілік

көзқарас

қалыптастыратын

тәлім-тәрбие берудің қүралдары мен

тәсілдерінің жиынтығы.

Бүгінде  пәнаралық байланыс

арқылы  экологиялық

білім  беру

үрдісінде

қолданыла-тын 

оқыту


әдістерінің түрлерін қарастыра  келе

түйіндегеніміз,  көрнекі

құралдар

білім 


берудің

негізгі 


көзіне

айналған, 

яғни 

көрнекі


әдісті

қолдану бүгінде  жетілу  сатысында.

Экологиялық білім  беруде  көрнекі

әдіспен қатар  сөзбен  түсіндірілетін

түрі – сөз әдісі де жиі қолданылады.

Сөз


әдісі, 

білім 


алушының

тәжірбиелік  білігі  мен  дағдысы

жеткіліксіз, 

эксперимент 

жасау

жүйесі 


күрделі, 

эксперимент

«қауіпті», аз мөлшердегі реактивтер

нәтиже 


бермегенде,

құрал-жабдықтар  жеткіліксіз  және

уақыт

үнемдеу


қажет 

болған


жағдайларда жиі қолданылады.

Әдебиеттер тізімі

1. Скрипко Л.Е.  Внедрение  инновационных  методов  обучения:

перспективные

возможности  или  непреодолимые  проблемы?  //  Менеджмент

качества. —

2012. — № 1. — С. 76—84.

2. К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы.

//Алматы. Жазушы, 2004 Б. 28-52

3. По материалам сайта Открытый класс, сетевые образовательные

сообщества,

Суворина В.Г. [Электронный ресурс] // http://www.openclass.ru

4. По  материалам  Специализированного  образовательного  портала

Инновации

в образовании [Электронный ресурс]// http://sinncom.ru

5. По материалам интернет-журнала «Эйдос» [Электронный ресурс]

//

http://www.eidos.ru/journal



Резюме

В  данной  статье  автор  рассматривает  актуальные  проблемы

инновационных приемов в процессе обучения. Автор попытался раскрыть

проблемы при внедрении данных приемов в процессе обучения студентов.

В  статье  аргументировано,  обоснованны  преимущества  инновационного

подхода  в  сравнении  с  традиционными  формами  обучения  студентов.

Оптимизация  современных  методов  обучения  и  внедрение  их  в

образовательный 

процесс. 

 

В 



процессе 

обучения 

используются

информационные  технологии, что  является  неотъемлемой  частью данного

приема обучения. Данные инновационные приемы образования позволяют

подготовить нестандартно мыслящих молодых специалистов.



Summary

The actual problems of innovative methods in the process of training have

been  considered  by  the  author  of  this  article.  The  author  tried  to  solve  the

problems at introduction of these methods in the process of students’ training. In

the  article  the  advantages  of innovative  approach  in  comparison  with  the

traditional  forms  of  students’  education  are  reasonable  shown.  Optimization  of

modern methods of training and their introduction in the educational process are

also considered by the author. In the process of training information technologies

that are the integral part of this method of training are used. The given  innovative

methods allow training unconventionally thinking young specialists.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет