Монополияға қарсы заңдар– фирмалардың қоғамға зардап шектіретін монополиялық билікті көбейтуіне қарсы бағытталған шаралар. Мұндай заңдылықтардың негізгі мақсаты – ірі фирмалардың бірігуіне, бәсекелестікті әлсіретуге, монополияны орнатуға, яғни олардың бірігуіне рұқсат бермеу арқылы құрылымдық салаларды реттеу.
Мемлекеттік меншікті қалыптастыру, яғни жеке иеліктегі табиғи монополияны реттеудің орнына, мемлекет өзі монополияны иемденуші бола бастайды. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, пайдаға ұмтылу – фирманы кәсіби басқарудағы тіректі кепіл болып табылады. Сонымен, монополиялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеу салалық ұсынысты ұлғайту мақсатында жүзеге асырылады және ол монополиялық әрекеттерді жоюға бағытталған құқықтық нормалар, монополияның нарықтық билікті жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейтін экономикалық іс-шаралар сияқты әдістер арқылы
жүргізіледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1.Микроэкономика [Текст] : оқу құралы / Г. Е. Бекжанова. - Алматы : Экономика, 2012. - 192
б.
2.Микроэкономика [Текст] : учебное пособие / К. С. Құдайбергенова. - Көкшетау : Келешек,
2008. - 224 с.
3.Мамыров Н.К. Микроэкономика. Оқулық, Алматы, 1997 ж.
4.Мамыров Н., Есенғалиева К., Тлеужанова М. Микроэкономика. А., 2004 ж.
5.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004,
6.Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика: қысқа лекциялар, тест сұрақтары, есептер мен жаттығулар, іскерлік ойындар: оқу құралы /Қ.С.Есенғалиева. Алматы: Экономика, 2007. – 380
б.
7.Сафрончук М.В. Микроэкономика: учебное пособие /М.В.Сафрончук. –М.. Книжный мир,
2007. 256 с.