42
айрықша әсер етеді. Тек қана сұрақ белгісі мен нүктеден тұратын екі тармақ
ақын көңілінде айтылмай қалған, айтылмайтын,
айтылса да көп нюанстары
түсіріліп қалатын сезімдерді, яғни өлеңнің мазмұндық-астарлы ақпарын
көрсетеді. Әрине, лирикалық өлеңде «...бәрі – мазмұн: сезім мен ойды
бейнелеудің кезектілігі, сөздерді
таңдау мен орналастыру, сөздердің,
фразалардың, синтаксистік конструкциялардың қайталамасы, сөйлеу стилі,
сөйлеу ағынының шумақтарға бөлінуі және синтаксистік мүшеленуі, өлең
өлшемі, дыбысталу жолдары,
ұйқас тәсілдері, ұйқас сипаты» [63:9], алайда
сол мазмұн-мағынаны, яғни өлеңнің мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-
астарлы ақпарын беруде графикалық құралдардың да
маңызы зор екенін
байқауға болады.
Бұл орайда орыс зерттеушісі Ю. Тыняновтың пікірін келтіре кеткен
артық болмайды: «Өлеңді тек қана айтылатын (естілетін) мәтін деп түсіну
поэзияның кейбір елеулі фактілерін тек акустикалық тұрғыдан ғана көрсете
алмайды, тіпті оған қайшы келеді.
Мұндай болатын, ең алдымен, - мәтін эквиваленті. Поэтикалық мәтіннің
эквиваленті деп мен сөзді алмастыратын барлық немесе қандай да бір
элементтерді атаймын, ең алдымен, сөздерді түсіріп тастау, содан соң оларды
ішінара графикалық элементтермен алмастыру т.б.
...өлеңнің үздіксіз құрылымына енгізілген (семантикалық тұрғыдан кез
келген) мәтіннің рөлі белгілі мәтіннің рөлінен өлшеусіз жоғары:
мұндай
белгісіздік жетпей тұрған – бірақ болуы мүмкін (потенциалды) –
элементтердің ең жоғары кернеу күшімен толықтырылып, дамудағы
форманың динамикасын одан әрі күшейтеді.
Міне, сондықтан да эквивалент құбылысы жұмсалмаған динамикалық
элементтердің кернеу күшінің кемуін, төмендеуін емес,
керісінше одан әрі
күшеюін білдіреді» [64;40].
Мұндай құбылыстар қазақ көркем әдеби үдерісінде Қ. Аманжолов, Ж.
Жақыпбаев шығармашылығында кездеседі.
Қорыта айтқанда, мәтіннің ақпараттылығы кез келген элемент арқылы
беріле алады, тек сол ақпарды толық түсініп қабылдау үшін оқырманның да
еңбектенуі, деректерді салыстырып, түрлі ассоциациялар тудыра алуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: