Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


Қазақ хандығының 16 ғ 2 жарт.сыртқы саясатындағы ерекшеліктер



бет53/158
Дата20.12.2023
өлшемі491,12 Kb.
#141286
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   158
Байланысты:
тарих

51. Қазақ хандығының 16 ғ 2 жарт.сыртқы саясатындағы ерекшеліктер. XYIғ. Басында дәуірлеген қазақ хандығының даңқы біртіндеп төмендей түсті. Ол Моғолстанмен, Ноғай Ордасы және Ташкент билеушілерімен жүргізген соғыстарда жеңілді. Соның салдарынан Қазақ хандығы оңтүстік және солтүстік батыстағы аумақтарының бір бөлігінен айырылып қалды.XYIғ.екінші жартысында толас таппаған соғыстарға, өзара қырқыстарға байланысты Қазақ хандығы қатты әлсіреп кетті.Хақназар хан билік еткен кезбе мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси өмірінде белгілі бір өрлеу байқалып,ол кейіннен тағы да құлдыраумен алмасты.Хақназар тұсында Қ.х ғы Москвамен сауда байланыстарын орнатып,саяси қарым қатынас жасады. Есімханның билігі кезінде(1598-1628) сыртқы жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті. Оңтүстікте Ташкентке Бұхар ханы үздіксіз шабуыл жасады, шығыста ойрат тайпалары күшейе бастады, ал қазақ хандығының ішінде сұлтандар оқшаулануды көздеп, дұшпандық әрекеттерін тоқтатпады. Қазақтардың қарақалпақтармен қарым-қатынасы да шиеленісіп кетті. XYIғ. Аяғы қарақалпақтардың40шақты руының өкілдері орталық Қ. мен Арал теңізі жағалауынан өздеріне жер бөлуді өтініп,Тәуекел ханға келді. Хан олардың өтінішін қабылдап, қоластына жаңадан келгендерге өзінің ұлын билеуші етіп тағайындады. Бірнеше жылдан соң қарақалпақтар көтеріліс жасап Ташкентті басып алды. Есім хан қарақалпақтарға қарсы соғысып, оларды Сырдарияның орта ағысын тастап кері шегінуге мәжбүр етті. XYIғ.екінші жартысының басында Қазақ ханд/ң сыртқы саясатында елеулі саяси және әскери күш болғанына қарамастан, ол дегенмен де XYIғ.ң аяғына қарай елеулі қиыншылдықтарды бастан кешірді және оны өз көршілері Жетісудың отырықшы егіншілік аудандарынан Сарясудың оңтүстік шебіне ығыстырды,яғни ол Дешті Қыпшақтан айырылды. XYIғ. Аяғы қазақ даласын ноғайлар басып алады.Қазақ мем.і халықаралық қарым қатынастар жүйесінде(XYII- XYIIIғ) Қазақ ханд.ң оңт шептердегі саяси күресі, Қ.ның оңт. шығысындағы ойраттарға, батыс және шығыс шептерде қалмақтарға қарсы толас таппаған күресі, белгілі бір ұлыс пен жұрт әміршілерінің әрқайсысының саяси үстемдігін орнықтыруы негізіндегі әулеттік қырқыстар бүкіл XYII ғ.да жалғаса берді. Дүрбелең уақыт кезеңінде және мем. басына жаңа әулеттің орнығуы Қаз.н мен Ресей арасында ұзақ мерзімді және өзара тиімді саяси қатынастардың нығаюына жағдай жасамады. Саяси байланыстар XYII ғ. аяғына ,екі мем.терде де билік басына аса көрнекті саяси қайраткерлер – Тәуке хан мен I Петр келген кезде жанданады. Ресей мен қазақ хандығының жағындасуы жоңғарларға қарсы күрестің біртұтас саяси мүдделер негізінде орын алды. Ұлы Жібек жолы кезінен бастап Қазақстан аумағы кең көлемді транзиттік сауда ауданына айналған еді. Сонау біртұтас Ноғай ордасы кезінде-ақ Орыс мемлекеті XYI ғ. Бірінші жартысында : “Ноғай князьдарымен және үнді ханы Бабырмен сауда саттық жөнінен қарым қатынас жасау мақсатын”көздеді. Бір бірімен сауда жасасуға Орыс мемлекетінің өзі де , көршілес халық та мүдделі болды. XYIғ.дың аяғында товар айырбасы мына жол арқылы жүргізілген: Қазаннан Камаға, одан Башқұрт өлкесімен, Уфадан айналып өтіп, Жайықтың жоғарғы жағына қарай, Жайық өзенін Сақмар және Солқаш өзендерінің сағалары арасынан кесіп өтіп, даламен жүріп отырып, Сарысу өзені аңғарына беттеген де, Талас Алатауының бөктерінде аяқталған. Бұл жол 9 аптаға созылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет