Ғылым таппай мақтанба ●



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата03.03.2017
өлшемі4,94 Mb.
#6699
1   2   3   4   5

сыз?

– Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 

Қазақстандағы  бірінші  университеттердің  қатарында.  Оның 

бірінші ректоры С.Асфендияров болды. Қазіргі таңда универси-

тет  қабырғасында  10  мыңнан  астам  студент  білім  алуда,  оның 

ішінде  3  мыңнан  астамы  мемлекеттік  білім  гранты  бойынша 

оқиды. Университетімізде 11 академик және ҚР ҰҒА –ның корре-

спондент мүшелері, 180-нен аса ғылым докторлары мен профес-

сорлар, 400-ден аса ғылым кандидаттары мен доценттер жұмыс 

істейді. Мен өзім осы университетке түскеніме қуанамын!



Баелова Алтын:

–  Мен  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-не  түскеніме  өте  қуаныш-

тымын. Тоғызыншы сыныптан бастап физика-математиа және ин-

форматика институтының математика мамандығына оқуға түсуді 

армандадым.         

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 

«Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  жолдауында  жаңа  кезеңнің 

негізгі  міндеттерінің  бірі  «осы  заманғы  білім  беру,  парасатты 

экономикалық  негіздерін  қалыптастыру,  жаңа  технологияларды 

пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп 

болатын, инновациялық экономиканы дамыту», - деп көрсеткен.

Қазақстан  Республикасының  болашағы,  сыртқы  саяси 

және  сыртқы  экономикалық  қызметіндегі  басымдықтары  мен 

ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы 

беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет 

алдындағы  жоғарғы  азаматтық  жауапкершілікке  ие  мамандарға 

байланысты.

Грантта оқып жатырмын. 2013 жылы академиялық ұтқырлық 

арқылы  Германияға  білімімді  жетілдіру  үшін  үш  айлық  грант-

ты  ұтып  алдым.  Германиядан  білімді  жетілдіру  бағдарламасы 

бойынша  барған  іс-сапарымның  әсері  өте  күшті  болды.  Өзім 

қатарлы шетелдік студенттермен (Польшадан, Чехиядан, Ресей-

ден,  Түркиядан,  Ұлыбританиядан,  Испаниядан,  Италиядан  т.б.) 

танысып, тәжірибе алмастық. Ол достарыммен ғаламтор арқылы 

хабарласып тұрамын. 

Мен оқуымды бітірген соң Қазақстан Республикасының гүл-

денуіне өз үлесімді қоссам деймін.

– Әңгімелеріңізге рахмет! 



Сұхбаттасқан  Гүлжан ЖАҚАНОВА,  

практикалық тілдер кафедрасының

 аға оқытушысы: 

Шынында да мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын? Жал-

пы бұл тақырып  барша ұлт  жанашырлары, жастар қауымы үшін ортақ 

деп ойлаймын.

Біз қазақ әрқашан  өткен – кеткенімізді  айтып, тарихтағы ұлыла-

рымызбен, батырларымызбен мақтанып жатамыз. 

Өткенге үңілсек біз қазақ ешқашан өз есемізді жіберіп көрмеппіз,  

біздің  алдымызға  түсетіндердің  қатары  жоқтың  қасы.  Кешегі  Едіге, 

Қасым, Ахаң, Жахаң сияқты тұлғалардың өздері  не  тұрды десеңші . 

Ал мұндай алыптар қазақта сан мыңдаған екені  айдан анық. 

Бірде  Мұқтар атамыз: « Мен бір Абай  жолымен  қазақты бүкіл ға-

лам ға  таныттым, бірақ дәл сондай тіршілік  сан қазақта болып жатқан 

еді ғой» – деген екен .

Кешегі бабаларымыз  елі үшін  қаһарлы  қан майданда  келешек  

ұрпақ үшін  қан кешіп өз отандарын қорғады. Біз осы күнгі жастар со-

ған  лайықпыз ба, солардың үмітін ақтап жатырмыз ба ? 

Ия,  рас,  біз  ұлы  батырлардың,    ақындардың,    данышпандардың  

ұр пағымыз,  бірақ осы күнгі өз ішіміздегі кейбір бауырларымыз, қан-

дас тарымыз осы атаққа кір келтіріп жүр.

Үш    ғасыр  орыс  тепкісін,  түрткісін  көрдік.    Бірақ  сол  қилы 

замандардың өзінде біздің ұлт  өз діңгегін , тамырын  сақтай біліпті.

Ал  қазіргі  жағдай  мүлде  бөлек.  Жаһандану  дейміз,  интеграция 

дей міз, үлгі – еліктеу  дейміз  сөйтіп  жүріп біраз аралыққа барып қа-

лып пыз. Осы арада мен өз – өзіме сұрақ қойдым жалпы бұдан біз қа-

зақ тың  ұлт ретінде қандай ұтары бар ?

Негізі    бұл  тектес  бәсекелерде  көбіне  көп  ұлттар  ұтып  жатады, 

себебі қай тілге сұраныс көп, яғни қай ұлтта   ақпараттық , мәдениеттік, 

саяси, экономикалық басымдылық бар, сол  ұлт көбіне ұтып жатады, 

ал  қазақ  ол  қатарға  жатпайды.  Себебі  қазақ  өз  елінде  бұл  мәселені 

шеше алмай отыр, ал сыртқы  күшке қалайша дес бермек? Оның үстіне 

Халқымыздың  саны  10  милионның  төңірегінде.  Демек  бұл  біз  үшін 

өте қауіпті.

 

Батыстық  экспансия. Бұл құбылыс соңғы 10 жыл ішінде үлкен 

үрдіске айналды . Біздің замандастар  теледидардан, ғаламтордан  кел-

ген жаманды да жақсыны да  ешқандай сұрыптаусыз өз саналарына 

енгізіп жатыр.  Оны сұрыптайтын  ешбір мемлекеттік бағдарламаны 

да естімедім.

  Өзім студент болғаннан соң  өз арамдағы оқиғадан алғанды жөн 

көрдім.  Бірде дәріс арасында  екі құрбы қыздар өз арасында сөйлесіп 

жатты. Сол құрбыларымның әңгімесінен үзінді келтірейін. “ Мен біраз 

уақыттан  бері  осы  тақырыпты  research  жасап  жүрмін”  -  деген  сөзін 

құлағым шалып қалды.  Бір жағынан сол құрбым өзін осылай сөйлесем 

ақылды  көрінем  деп ойлайды, және сол арқылы мақтанып отыр, ал 

негізінде сол  қасиетімен ол өзінің  кем тұстарын көрсетіп қойып жата-

ды.  Осы еліктеудің арқасында қарап отырсыңыз, қазақ тілінің беделі 

күн нен күнге төмендеп жатыр.

Жас ұрпақ тәрбиесіне батыс елдерінен келген атыс – шабыс  ки-

нолар, ойындар, порнографияық фильмдер психикалық әсер етіп, осы 

өмір де  де  сол    жәшіктен    алған  тәрбиелерін  барынша  сынап  көруге 

тыры сып жатады, елімізде қылмыстың күрт өсуіне жәшіктен тәрбие 

алған дардың да үлесі зор.

Рухани еліктеушілік. Қазақ халқы 70 жылға жуық атейсттік Кеңес 

одағының құрамында болып, рухани бастауымыз хақ  исламнан айы-

рылып  қала жаздадық.

Ал тәуелсіздік алғаннан соң өзіміздің ата дінімізге ораламыз деп 

жаппай барша жастар дін жолына түсе бастады. Міне осы арада екін-

ші бір түйіткілді мәселе су бетіне қалқып шықты, себебі жамағат ақ 

пен  қараны  ажырата  алмастай  дәрежеге  жетті.  Діни  жағынан  сауат-

сыз қауым әр түрлі діни ағымдар түбіне түсіп кетіп жатты. Себебі ол 

қауымға кім исламды қалай түсіндірді, ол адамдар солай қабылдады . 

Соңғы батыс өңірлердегі терорлық әрекеттер  сонау бастапқы кез-

де жіберілген қатенің кесірі.

Ол ол ма  көптеген қандастарымыз тіпті  өз дінінен безіп , өзге 

дінге кіріп кетіп буддист қазақтар, християн қазақтар, кришнаит қазақ-

тар атанып жатыр. Осы мәселені дәл уақытында шешпесек, олардың  

кесірі келешекте де көріне бермек.

Корейлік синдром. Қазақ  ұл – қыздарының арасында осы күндері  

“Корейлік синдром” секілді дерт  қаптауда . Бәрінің айтатыны солардың  

қызтеке секілді  ұлдары, жасанды кейіпті қыздары. 

Корейлерің  өз  мәдениетін,  тарихын  біздің  санамызға  сериялы, 

кино сы арқылы әбден  тықпыштауда.

 Сол  корей  халқының  шынымен өздерінің  қаҺармандары көп 

болса  не  үшін  дүниені  жаулап  алмаған,  осы  жұмбақ.  Бар  болғаны 

ұлтарақтай  жерде  тығылып  отыр,  оның  өзінде  екіге  бөлініп  жатыр. 

Айтуға ұяласың, бірақ қазақ арасында  енділікте  қызтеке секілді ұлдар, 

педофилдер,  голубойлар,  лезбияндар    толып  барады.  Бұл  жағдайлар 

жалғаса  берсе,  ертең  ел  басына  күн  туған  жағдайда  ел    қорғайтын 

ерлерді таппай қалуымыз  әбден  мүмкін.  Содан соң біз өзімізді қа-

лай ша  батырлардың  ұрпағымыз  дей  аламыз?    Ол  кезде  көрінгеннің 

жетегінде кететін боламыз, сонда біздің мемлекеттігімізден не қалмақ?

Бізге ұлтына жаны ашитын, арына, ұятына бекем қазақ перзенттері 

керек. Дүние жүзінде осы соңғы жүз жылда 400 - жуық тіл жойылып-

ты, демек өлі ұлтқа айналған. Ал аптасына 1 тіл жойылып отырады 

екен. Ал  22 - ғасырға қарай 6000 -  жуық тілден небәрі 3000 -  жуығы 

қалатын  көрінеді.  Мен  бұл  мәліметтерді  айтуымның  себебі  тіл  ол 

ұлттың өзегі ал ұлтты өзгелерден ерекшелендіретін оның мәдениеті.

Осы  күннен  өз  болашағымыз,  ұлтымыз  жайлы  бас  қатырмасақ  

ертеңгі күні жоғарыда аталған “өлі ұлттар”   қатарына   Алланың өзі 

сақтасын, біздің де кіруіміз әбден мүмкін. Мен қаламас едім ертеңгі 

күні  қазақтың тағдыры үндіске, эскимосқа, чукчаға ұқсағанын, түрі 

ғана өзгеше  демесеңіз   жүрісі, сөзі, іс - қимылы өздерімен бірге өмір 

сүріп жатқан халықтардан ешбір айырмашылығы жоқ.    Әрине бұндай 

жағдайдан  Алланың өзі сақтасын ! Мына біздің дархан далаға  9 Жа-

пония,  5 Франция, 14 Корея сияды екен.

Ал біздің осы күндердегі жастардың еліктейтіні , пір тұтатыны сол  

халықтардың сериялы, киген киімі, жүрген жүрісі .

Қадірлі  замандастар,  бауырлар  бізге  “Батыстық  экспансия”,  

“Ресей лік  мәдениет”,  “Корейлік  синдром”  мүлде  керек  емес,  себебі 

бұл  тектес шаруалар біз үшін тым  қауіпті. 

Осы  арада  менің  есіме  жапон  халқы  түсіп  отыр.  Мен  мұнымен 

солар дың  мәдениетін,  тарихын,  ұлылығын  дәріптеп  тұрғаным  жоқ, 

бұлай жасасам өзімнің де ұлттық рухымның төмен болғаны. Солардың 

осы саладағы жолын ұстану керек.  “Шығыстық өркениет, батыстық 

техника” ұранымен олар өз құндылықтарын сақтай білді.

Бір  ағам айтпақшы  біздің әрбіріміз  қарусыз майданның жауын-

гері міз. Бәріміз біріміз  үшін әрекет етуіміз керек.

Біріміз осылай қолға қалам алсақ, біріміз  өзге қырымыздан  осы 

қасиетті отанды қорғай білуіміз керек. Мен өз елімнің гүлденуі үшін на-

мысты оятар жалынды жырларым мен  мағыналы мақалаларымды жа-

замын. Себебі, ел тізгінін қолға алар жас ұрпақтың, қатарластарымның 

көз алдымызда құлдырап бара жатқанына жайбарақат қарап отыра ал-

маймын. Жастар қауымы қызды бүгінгі бойжеткен, ертеңгі ана, ал ұлды 

бүгінгі азамат, ертеңгі ұлылық бастауы деп сыйлай білсе, ендігі істерін 

сөзбен емес іспен жүргізсе нұр үстіне нұр болар еді. Мына мәңгүрттену 

кезеңінде өздігімізді сақтай білу әрбір қазақ баласының  парызы.

Индира БЕРДАЛЫ,

студент

наурыз

март

№ 2-3 (129-130)

2014

(Соңы. Басы 3-бетте)

МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ГҮЛДЕНУІ ҮШІН НЕ 

ІСТЕЙ АЛАМЫН?

  БІЗ АРМАНДАҒАН УНИВЕРСИТЕТ

«ЖАС ҚАЛАМДЫ» шығаруға қатысқандар:

Болат ШАРАХЫМБАЙ (Бас сарашы), 

Индира БЕРДАЛЫ, Маралбек БАЗЫЛБЕКОВ, Балнұр ҚОЖАГЕЛДІ, Алтынай  ҚҰЛБЕК, 

Иззат ҚАРШЫБАЕВ

6


Қазіргі  таңда  Орта  Азиядағы  бірқатар  елдерде 

тіпті  өз  еліміздің  ата  заңына  байыппен  қарар  болсақ, 

мұнда  дін  реалды  құбылыс  ретінде  танылмаған, 

яғни  қабылданбағандығын  байқаймыз.  Бүгін  адам 

мен  қоғамның  рухани  өмірінің  негізін  құрайтын 

психологиялық  және  әлеуметтік  тіршілікке  маңызды 

ықпал  ететін  дінді  ең  басты  феномендердің  бірі 

ретінде  қабылдаған  дұрыс  деп  ойлаймын.  Ал  егер 

дінді  пайдасыз  немесе  қолдан  жасалған  нәрсе  сияқты 

қабылдау,  діннің  ақиқат  екендігін  жоя  алмайды.  Оны 

кешегі  кеңестік  атеистік  идеологияны  бастан  өткізген 

біздің  қоғам  жақсы  түсінедігі  ақиқат.  Дін  туралы 

бір  кездердегі  қалыптастырылған  теориялар,  бүгінгі 

қоғамдық өзгерістерге, сұраныстарға қажетті деңгейде 

жауап  бере  алмады.  Сондықтан  дінді  жеке  феномен 

ретінде,  мемлекеттілік  тұрғыдан  да,  мәдениетіміз 

тұрғысынан да қабылдағанымыз жөн. 

Осы  орайда,  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 

педагогикалық  университетінің  Тәрбие  жұмысы, 

жастар  саясаты  және  мемлекеттік  тілді  дамыту 

басқармасының  бастамасымен  2014  жылдың  ақпан 

айының  20  –  28  күндері  аралығында  «Экстремизм 

мен  лаңкестіктің  алдын  алу  және  діни  сауаттылықты 

жетілдіру»  онкүндігі  ұйымдастырылды.  Онкүндіктің 

алғашқы күні «Жастар арасындағы экстремизмнің ал-

дын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстелден басталды.

Дөңгелек  үстел  жұмысына  Алматы  қаласы  Дін 

істері департаменті өкілдері, университтің дінтанушы, 

психолог  ғалымдары  құрамынан  құрылған  лекторлық 

топ мүшелері мен профессор-оқытушылар құрамы, ма-

гистранттар және студенттер қатысты. 

Дөңгелек  үстел  жұмысы  университеттің  Тәрбие 

ісі  жөніндегі  проректоры  Ішпекбаев  Жанатбек 

Ешенқожаұлының  басшылығымен  өтті.  Жұмыстың 

кіріспесі  ретінде  проректор  мырза  университетің 

тәрбие  бағытында,  соның  ішінде  экстремизім  мен 

терроризмді  тізгіндеу  барысында  атқарылып  жатқан 

жұмыстармен  таныстырды.  Сол  жұмыстардың  бары-

сында  оқу  жылының  басынан  студент  жастардың  ра-

дикалды,  деструктивті  бағыттарға  кіріп  кету  қауіпін 

сейілту,  оның  алдын  алу  мақсатында  университет 

ректорының  бұйрығымен  дінтанушы,  психолог 

ғалымдары құрамынан лекторлық топ құрылғандығын 

айтты. Құрылған лекторлық топтың осы бағытта қызу 

жұмыс  істеп  жатқандығын,  бүгінгі  дөңгелек  үстелдің 

жұмысы  барысында,  ай  соңына  дейін  университет 

институттарының барлығында бекітілген кесте бойын-

ша  оқылатын  лекциялары  барысынан  көруге  болады. 

Сонымен  қатар  лекция  соңында  Ұлттық  қауіпсіздік 

комитеті  қызметкерлерінің  ҚР  Білім  және  ғылым 

министірлігі  жанындағы  Жастар  саясаты  комитеті 

қызметкерлерімен  бірлесе  отырып  әзірлеген  осы 

бағыттағы филімдердің көрсетілуі аталмыш жұмысыты 

жандандыра түспек. 

Сонымен  қатар  Жанатбек  Ешенқожаұлы  осы 

шараға  жиылғандарға,  соның  ішінде  қаламыздың 

Дін  істері  басқармасынан  келіп  отырған  қонақтарға 

ыстық  ықыласын  білдіріп,  алғысын  айта  отырып  сөз 

тізгінін  мәртебелі  қонақ  Алматы  қаласы  Дін  істері 

департаментінің 

әкімшілік-сараптама 

бөлімінің 

меңгерушісі  Тәжібаев  Жасұлан  Бәкірұлына  ұсынды. 

Жасұлан  Тәжібаев  сөз  басында  шараға  жыйылған 

университетіміздің  профессор-оқытушыларымен  ма-

гистрант,  студенттерін  Алматы  қаласының  әкімінің 

бұйрығымен 2014 жылды қаламызда «білім алуды да-

мыту жылы» деп жариялауымен құттықтады. 

Бұдан  әріде  ол  департамент    тарапынан  экстре-

мизммен лаңкестікке қарсы жасалып жатқан шаралар-

мен  таныстыра  отырып  жиылғандарды  болашақ  жо-

спарларымен  де  таныстырды.  Тіпті  университетімізде 

құрылған  аталмыш  лекторлық  топ  мүшелерін  бірігіп 

жұмыс істеуге шақырды.

Жасұлан  Бәкірұлынан  соң  университетіміздің 

М.  Ғабдулин  атындағы  «Тұлғатану»  орталығының 

жетекші  ғылыми  қызметкері  ф.ғ.д.,  Ізтілеуова  Сал-

танат  Далбайқызы  дөңгелек  үстел  желісін  өзінің 

баяндамасымен  жалғастырды.  Баяндама  «Шәкәрім 

дүниетанымындағы  дін  және  дәстүр»  тақырыбында 

өрбіді. Салтанат ханым осы салада көпжылдар еңбек ет-



ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

кен кәсіби шебер әрі ғылым доктыры ретінде Шәкәрім 

бабамыздың  шығармашылығындағы  діни  мәселелерді 

жіпке  тізгендей  тізіп  олардың  қазіргі  қоғам  жастары 

арасындағы  діни  ахуалды  оңалтуға  тигізер  әсерінің 

мол  екендігіне  тоқталды.  Шәкәрім  шығармашылығы  

Абай шығармашылығымен  идеялық тұтастықта екені 

айдан анық, сондықтан да олардың «иман», «инанмақ», 

«тақлиди  иман»  мен  «якин  иман»  түсініктеріне  Сал-

танат  Далбайқызы  ерекше  тоқталып,  терең  әрі  сүбелі 

анықтама берді.

Дөңгелек үстел жұмысының келесі баяндамашысы 

университетіміздің  Тәрбие  жұмысы,  жастар  саясаты 

және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының инспек-

торы  Шоманов  Болат  Шаймолдаұлы  «Экстремизнің 

жастар  арасында  белең  алуының  себептері»  жайын-

да  тартымды  баяндама  жасады.  Баяндама  барысында 

Бүгінгі қоғамдағы діндарлықтың сандық және сапалық 

деңгейі  кешегі  кеңес  заманымен,  атап  айтқанда  ХХ 

ғасырдың  алғашқы  жылдарымен  салыстырылды. 

Бұдан  байқағанымыз  шындығында  ХХ  ғасырдың 

80-жылдары  Кеңес  Одағында  жүргізілген  зерттеу-

лер  нәтижесінде  әр  төрт  адамның  бірі  (діндәрлық 

деңгейі  әр  түрлі  болса  да)  діндәр  екендігі  белгілі 

болған,  олардың  10  -  20٪    қала  тұрғындарын  құраса, 

ауыл  тұрғындары  арасында  бұл  көрсеткіш  30  -  40٪ 

көрсеткендігі.  Сол  заманның  талабына  сай  олар  діни 

ғибаттарды,  рәсімдерді  шіркеу,мешіттерде  орындай 

алмауы  себепті  отбасыларында  тар  көлемде  әдеттегі 

дәстүр ретінде атап өткендігі белгілі. Бірақ солай бола 

тұра олардың арасында ешкім «сен дінге жаңашылдық 

енгіздің»  немесе  «фитна»,  «бидғат»  жасадың  деп  бірі 

біріне алакөздік танытпаған еді. Ал соңғы жылдардағы 

атап  айтқанда  2009  жылғы  халық  санағының 

нәтижесіне сүйенсек қазақстан халқының 72,2٪ өздерін 

мұсылмандар қатарына жатқызған. Соңғы нәтижелерде 

байқағанымыздай діндарлар саны біздің қоғамымызда 

көп,  бірақ  олардың  сапалық  тұсы  бұрынғылармен 

салыстырғанда сын көтермейтіндігі белгілі. Әрине бұл 

жерде  әліде  ақыл  тоқта  қоймаған  жастардың  әртүрлі 

радикалды,  экстремистік  секталарға  бетбұрып  кетуі 

сапаға  сызау  түсіріп  тұр.  Ал  енді  жастардың  мұндай 

қадамға  баруларының  себебіне  келгенде  байандама-

шы  негізгі  екі  себебке  тоқталды.  Оның  бірі,  тарихи 

тәжірибе  көрсеткендей,  жастардың  табиғатынан  иле-

уге  икемді  қоғамның  бейімтал,  ергіш  бөлігі  болып 

табылатындығы  және  екіншіден  республикамыздағы 

Дін істері агенттігінің деректері бойынша экстремистік 

бағыттағылардың  басым  көпшілігінің  жасы  19  –  30 

жас аралығында екендігін ескеретін болсқ, бұл жастар 

өздерінің балалық шағында еліміздің сол кезеңдердегі 

эконмикалық, әлуметтік тұрақсыздықты бастан кешіруі 

себепті  тәрбиеден  кенде  қалғандығын,  сол  кенделік 

бүгінгі  жастардың  ұяадан  ұшқан  кезінде  осындай 

қауіпке себеп болғандығын айтты. 

Келген  қонақтарға  ризашылығын  білдірген  Жа-

натбек  Ешенқожаұлы  бүгіннен  ай  соңына  дейін 

жалғасатын  лекторлардың  институттарда  бекітілген 

кесте  бойынша  өткізетін  экстемизм  мен  лаңкестіктің 

алдын алуға бағытталған дәрістеріне сәттілік тіледі.



А.Ү. АБДЫХАЛЫҚОВ,

Тәрбие жұмысы, жастар саясаты

және мемлекеттік тілді 

дамыту басқармасының бастығы                                        

          Наурыз-  көктемнің  лебі,  көкіректі  ашатын  ,  ашатын  , 

көңілдерге қуаныш ұялататын мерекелер айы.Сондықтан болу ке-

рек адамзат баласы жылдың осы мезгілін асыға күтеді. Неге екені 

мен де  осы айды асыға тосамыз.оған себепе көп.Соның бастанды-

сы 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні. 

    Әсіресе , осы Абай атындағы оқу орнында қызметке кел-

генде құшағын жайып қарсы алған, баласындай бауырына басқан 

бәлия Айтмұханбетова апйым мен Әлфия Айманова.бөтакөз бай-

назарова секілді әпкелерімді сүйсініп жиі еске аламын . Өкінішке 

орай мен үшін орны бөлек сол бір ұстаздар бүгін арамызда бүгін 

армызда жоқ, жанатта шалқын жатыр.Айналаға мейірім шапағын 

шашып, шәкіртерімен жан  жылуына бөлеп, ақ пейілімен қызмет 

істеген,  ортасының  да  абыройын  асқақататат  білген  сол  үлкен 

жүректі  ұстаздардың  тәлімі  маған  да  мәңгілік  сабақ  болды.

Ұстаздардың ұстазы болу керек дейді дана халқымыз.Осы ретте 

жоғарыдағы аты аталған апайларымды өзіме әрқашан үлгі тұтамын.

Өткен  заманның  қыңырайған  қисық  жолы  нәзік  жандарды  дәстүрлі  сарынынан  адастырып,иманын 

әлсіретін  жібергені  жасыратын  емес.Айтпағым,қазіргі  біздің  қаракөз  қыздарымыз  өз  бойларындағы 

нәзіктікті қадірлей біле ме? Әрине, «қадірлей білмейді» деп мүлдем жоққа шығаруға болмас, бірақ шын 

қадіріне  жете  алмай  жүр  десек  те  артық  айтқандық  емес.  Кейде  жат  әдетке  үйір.  Қазақтың  қызы  деген 

әдемі атына кір түсіріп жүргендері де баршылық. Ең өкініштісі, осы біздің қыздарымыз қайда барады екен 

деп, күйіп-пісіп жүргендер сиреп кеткен секілді ме қалай... Оған соншалық ешкім шошымайтын болды, 

немқұрайлық белең алып бара жатқандай.  Қоғамдық орындарда ауыздарына келгендерін айтып, дауыста-

рын шығарып күліп, дөрекі сөйлейтіндердің  қатары көбейіп кетті. Оларға «әй» деуге үлкендердің әлі кел-

мей барады. Әрине қазіргі қыздарға «әй» десең бетіңнен алып берекеңді кетіретіні өтірік емес. Мысалы, 

өзіміздің университеттің студент қыздарын алайықшы. Қасыбір қыздарымыз тап бір аспаннан түскендей 

әлем-жәлем  киініп  келіп,  оқытушылардың  алдында  өздерін  қалай  болса,  солай  ұстайды.  Расына  келген-

де олардың осы жүрісі үшін өзім қатты қысыламын. Меніңше, біздің кейбір қыздарымызға өздерін ұстау 

мәдениеті, студенттік этика жетіспейтіндей.

Кейде  бір  нәрсені  айтып  отыратын,  екінші  бір  нәрсені  айтып  кететініміз  бар.  Шамасы  менде 

тақырыптан  ауытқып  кеткен  сияқтымын.  Айтпақшы,  біздің  университетімізде  «мынау  қазақтың  қызы» 

деп көрсететіндей сымбатына ақылы сай қыз келіншектерге бай-ақ. Мысалы, біздің жаратылыстану және 

география  институтында  бір  ғимаратта  орналасқан  жалпы  педагогика  және  психология  кафедрасының 

қыз-келіншектеріне қараңыз. Шетінен инабатты, мәдениетті, ибалы, кішіпейіл. Көрген жерде «сәлеметсіз 

бе»  деп  сызылып  тұрады.  Мұндай  кісілерді  неге  үлгі  тұтпасқа?  Өнеге  емес  пе?  Олардың  ішінде  Рая 

Айтбайқызы мен Гүлмира Сауытжанқызын ерекше атар едім. Екеуі де көкірегі ояу, көзі ашық жандар. Ая-

улы жар, ардақты ана, ұлағатты ұстаз. Сонымен бірге сабақ бере жүріп, қазақы тәрбие мен ұлттық сананы 

жеткізу үшін қайраттылық тынытып жүрген көргенді келіндер. Бүгінгі студент – ертеңгі ұстаз. Бүгінгі бой-

жеткен – ертеңгі ана. Ендеше, біздің бойжеткен қыздарымыз батыстың ашық-шашық  азғын мәдениетіне 

еліктегенше,  өзіне  өзі  салмақ  салып,  зерттеп,  осы  апайларынан  неге  үлгі  алмасқа?  Неге  бой  түземеске? 

Айталық Гүлмира бір жағынан аяулы инабатты келіні екенін де ешқашан ұмытқан емес. Күйеуі Түркістан 

өңірінен болғандықтан мені қайын аға тұтып иіліп сәлемін де салып тұрады. Меніңше бұл да жастарға өнеге 

болатын нәрсе. Қалай десек те еліміз ел болғалы халықтық салт-дәстүрімізді ұмытпай өз дәрежесінде ұстай 

білуіміз керек. Өйткені, жақсы келінді «енесінің топырағынанжаралған» деп төбесіне көтеріп жатады. Бұл 

сөздердің  астарында  көп  мән  бар.  «Мен  қазақ  қыздарына  қайран  қалам»  демекші,  үлкендердің  сүйсініп 

айтқан бір ауыз сөзі бізді қалай көкке көтереді десеңізші. 

          Ардақты  апайлар,  әпке-жеңгелер,  келіндер,  қыздар!  Сіздер  өздеріңіздің  ізеттіліктеріңізбен, 

сыпайылықтарыңызбен  өмірді  шуақтандырып,  жақындарыңызға  жылу  сыйлай  беріңіздер.  Сіздердің 

аттарыңызға  айтылатын  ақ-тілек  алғыстар  мен  жылы  сөздер  таусылмасын!  Шәкірттеріңіздің  ілтипатына 

бөлене беріңіздер. 

    


 Абдразақ Мақанұлы БАБАШЕВ, 

жаратылыстану және география 

институтының профессоры  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет