Ғылым таппай мақтанба ●


БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.03.2017
өлшемі4,94 Mb.
#6699
1   2   3   4   5

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

наурыз

март

№ 2-3 (129-130)

2014

4

Жапырағын жалғанға төккелі күз, 

Бірімізге біріміз өкпеліміз.

Өкініштен өзгені бұйыртпады,

Екі жолмен жырақтап кеткелі біз.

Сезім көкке өрлеген төзімменен, 

Албырт сезім жүректен безінбеген.

Махаббат махаббаттан туатынын, 

Қалайша бұрын соңды сезінбегем.

Жырақтамыз, атпады күнім күле,

Жалғыздықтан жанымыз бүлінді ме?

Мен саған құлай ғашық болар едім, 

Кешегіміз айналса бүгінгіге...

Дәурен ҮНДІБАЕВ

ҒАШЫҚТЫҚ ҒАЗАЛЫ

Махаббат деген немене?

Мүмкін махаббат ол теңізде жүзіп жүрген кеме ме?

Жо, жоқ, кемеден ақау шықса батып кетер,

Ал махаббатты батыруға келе ме?!

Келмейді ғой, келмейді...

Шын махаббатқа бөгет жоқ, ешбір күш те 

жеңбейді.

Немқұрайды қарағанның,

Ермек орнына балағанның,

Табиғатында махаббат бар деп

Жүрегім менің сенбейді!

Махаббат – патшасы сезімдердің, 

Сондықтан бұл құдіретте қорған нық. 

Махаббатты жоғалттым дегендердің, 

Сезімдері жалғандық!

Математикада өзгермес …-дің мәні, 

Дәлелденген жатса да сұрақ туып. 

Сүйе білу – пейіліңнің сипаты, 

Махаббаттың мұраты – тұрақтылық!

Жаны солып, көз жаудырып тәні тұрса тым ерек, 

Сыртқы келбет, жылтырлыққа құмарту– 

МАХАББАТ ФОРМУЛАСЫ

Гүлге қонған көбелек. Кеудеде көзің болмау, 

Сезімге төзім болмау – 

Басы бар, аяғы жоқ мүгедек!

Махаббат – бар шындықты жасырмайды, 

Қиындықта да өрлейді, басылмайды. 

Түсінсек махаббаттың өзі байлық, 

Махаббат еш байлыққа сатылмайды!

Үнемі жолыққанда сәтсіздікпен қайтасың. 

Ол сүймейді. Сол үшін де оған кінә артасың. 

Сүйгенің сүймесе, еркіндік бер, жек көрме, 

Жеңілген жеңімпаз күйін тартасың. 

Санды 0-ге бөлуге болмағаны секілді, 

Сүймеген сол адамға «сүй» деп қалай айтасың?!

Сүю деген ұғым биік, сапалы, 

Онда бар мейір, қамқор, шапағат. 

Бір қадам кемімейтін геометриялық 

Өспелі прогрессия – махаббат!

Жарамайды дәлелі жоқ құрғақ сөз, 

Сүюді жай тіліңменен жыр етпе. 

Шын сүюді тіл емес жүрек айтар, 

Махаббаттың формуласы жүректе!



НҮКТЕГЕ ТҮСКЕН ҚЫСЫМ

(Жаратқаным, қуат бер мына маған!!!)

Тас түскен жерге салмақты. 

Қиялда қалың шытырман. 

Тұмшалады көп мәселе жан-жақты, 

Жаным қатты қысылған. 

Тағдырдың жазғанына не етесіз?! 

Қанатсыз қалғаным-ай әкесіз... 

Қанатсыздық жұлқығанда жағадан, 

Қүмға шөкті кей ойларым қалаған. 

Жас тұнып жанарымда сағынышты, 

Тағдырыма болғандаймын жалынышты. 

Өмір маған сірә қандай сыр берді?! 

Жастық сулап өткіздім кей түндерді. 

Болмаса екен амалдарым күпірлік, 

Жер басып жүргеніме шүкірлік.

Қарашы анау баланы,

Әкесі оны жетектеп,

Дүкенге алып барады.

Не алады дүкеннен?

Ойыншық па бәрі бір,

Орындалар талабы.

Ал мен ше?

Талапты қой...

Тынып іштей үздігіп,

Білдірмей тынғанымды құр бүгіп,

Көтере алмай басымды,

Теріс қарап жеңіммен

Сүртіп алдым жасымды.

Бала келді

Сатып алған батбырауығын ұшырып,

Әкесі тұр көмек қолын ұсынып.

Жатыр олар көңілдерін көтеріп,

Мейірімді мен аңсаймын әкелік...

Сырттай қарап арман қылып ұмтылдым,

Бірақ тағы жыламауға құлшындым.

Білемін.


Тәтті арман меннен кетті келмеске.

Тағдыр солай,

Болмас бұған сенбеске.

Сол бала абайламай жығылғанда сүрініп,

Әкесі қасына жылдам жетті жүгіріп.

Сондағы сүйінгенім –

Әкесі қағып жатты киімдерін.

Конфетін салып беріп қалтасына,

Кетті үйіне көтеріп арқасына.

Қызғандым шын.

Менде қайда осындай бір кешірме?!

Анамның айтқан сөзі түсті сонда есіме:

«Менің көрер, жанарым,

Білемісің?!

Сен мынау шаңырақтың тірегісің!

Менің өмір сүргенім –

 Бір сен үшін!».

Әкемнің орны болмаса, 

Қандай жапа, дерт көрдім. 

Арқасында анамның 

Белестерге жеткенмін. 

Әкемнің өсиеті деп, 

Анамның қасиеті деп 

Мен өзіме серт бердім.

Әулетіміздің жалғасы маған жүктелді.

Жаратқан Аллам күш берді.

Ауыр мен жеңілді,

Ыстық пен суықты

Өткізген жан төселер.

Заттың нүктедей бетіне зор қысым түссе,

Тығыздығы жоғары зат көтерер.

Әкемнің сүйегі сырқырамау үшін –  адам болам! 

Анамның үміт гүлі бұрқырамау үшін – адам болам! 

Жаратқаным, қуат бер мына маған!!!



Айдын ЖЕКСЕНБАЙ,

физика-математика және 

информатика 

институты,3-курс студенті.

Қатыгез мынау күндерде  

Сүрінді екен тағы кім. 

Алданып босқа шоқ баспа 

Жалғанмен ойнап жарығым. 

Жымысқы жылым заманда  

Ұмытпа бәрі күндесің. 

Досым деп жүрген адамдар  

Аяқтан шалып жүрмесін. 

Төменнен шолып жоғары 

Аппарат көздер сынайтын. 

Қулардың бәрі әртіс қой 

Жымиып тұрып жылайтын. 

Күлгенге артып сенімді 

Болмасын ертең көзің көк.  

Ашпасаң болды сырыңды  

Адамның бәрін өзім деп.  

Соққы алған сайын тағдырдан 

Бір адым алға шегінем. 

Күресем сұммен ей, өмір 

Мен неге сенен жеңілем? 

Артса да қанша ауырлық, 

Мойымай жүрмін күлімдеп. 

Тәубе етіп таңда оянам 

Сүрініп кеткен күнім деп.  

*** 


Айтылмай қалды сырларым, 

Тыңдалмай қалды жырларым. 

Алысқа мәңгі ғайып боп 

Кеткісі келіп тұр жаным. 

Ұғынар кім бар қайғыны, 

Түсінер кім бар жүректі. 

Елестеп келе жатасың,  

Қақ жарып қара түнекті. 

Бұзылар көңіл қас-қағым 

Тарам да тарам жастарым 

Мендегі ұлы сезімім 

Аласармайтын асқағым. 

Тықылы мынау сағаттың, 

Тырсылы мынау тамшының. 

Сендік жүректі өзгеге,  

Сыйлауға мүлдем қарсымын. 

Түндерде сені іздедім, 

Таңдарда сені іздедім. 

Сездіре берді жүдетіп 

Жалғыздығымды күз менің. 

Күндерім саған апарад(ы), 

Жылдарым саған апарад(ы). 

Кіршіксіз болып қалады

Өзіңе деген махаббат!

 

***  


Күнім сырғып, айым жылжып барады, 

Әпжыландай ажалдың тоқ тамағы. 

Махаббат пен нәзіктікті ұмытып, 

Жаутаңдайды жүрегімнің жанары. 

Сөнген үміт, сенім артқан үкілі, 

Біз жүрген жер бұрынғыдан жұпыны. 

Сенің демің естілетін бөлмеде 

Ұлы үнсіздік. Сағаттың тек тықылы. 

Тағдыр – тамшы бақытымды көп көрдің, 

Амал нешік, жылдарды да өткердім. 

Келем міне қалың ойдың ішінде, 

Құлазыған қырына ұқсап көктемнің. 

Сағыныштан жаным болар алау мың, 

Сенсіз өткен минуттарды санау мұң. 

Шемен болып қатып қалған кеудені, 

Шуақ келіп жібітсінші қалауым. 

Көңілімді тоңдырады мұз қарып, 

Өзгелерден жүрем «сезім» қызғанып. 

Өмір маған сені маған қайтып бермейді, 

Қабіріңе жылағанмен жүз барып.  



Бесір Балауса

ТҮЛКІБАСЫ

Түлкібастың бау-бақшасы  саялы,

Халқы жомарт, ешкімнен жоқ аяры.

Әкелердің еңбегі бар жемісті,

Аналардың алақаны аялы.

Гулдерінің жұпар иісі аңқыған,

Толқынданып көк шалғыны шалқыған.

Жері ғажап түкті кілем секілді

Күннің нұрлы шуағына балқыған.

Тау мен тасы бұлақ суы балдайын,

Еліктірер жан дүниеңді әрдайым.

Берекелі, мерекелі думан жер

Қысы жазы жемістері бар дәйім.

Гулдеріңнің жұпарына қанбаймын,

Жер көркіңнен таба алайын қандай мін?!

Кереметтің бірін таңдап ал десе

Ең бірінші мен өзіңді таңдаймын.

Бау-бақшаңды жұмақ баққа балаймын,

Сенде жүрсем бойда жалын, бар айбын.

Әлемдегі болған жеті керемет,

Соның бірі сенде ғой деп санаймын.

Жамылғандай түрлі-түсті көрпесін

Сырға толы таңғажайып өлкесің.

Талай мықты данарын түлеткен

Тербеткен ғой жер бесігі еркесін.

Нұрлы көктем көк белдерін гүлдеткен,

Көзді алар жауқазынын түрлі еткен.

Түлкібасым қазағымның мақтаны,

Оңтүстіктің атырабын нұрлы еткен.

Туған жерге өз көркіңді қосасың,

Тарихың сыр, ұрпақтарға ашасың.

Самал желі, сап алтындай ауасы,

Түлкібасым мәңгілікке жасасын!

Иззат ҚАРШЫБАЕВ

ШЫРАЙЛЫМ – 

ШҰБАЙҚЫЗЫЛЫМ 

Жайнаған, міне, келіп қалыпты гүл көктем,

Күттіріп мені асық қылумен жүр көптен.

Әр таңым сайын жадырап шығар алтын күн,

Шуағын шашып, дархан далама нұр төккен.

Таңғы шық қандай, қош иіс берер ылғалды?!

Ләззатқа бөлер оянған сергек тұлғаңды.

Қысқы қар еріп, сарқырап келген ағын су

Ағады жарып биіктен түскен жылғаңды.

Құлпырып дала, бөленген әсем гүлдерге,

Дәрілік  шөптер шипа береді түрлі емге.

Жусанның исі әтіріндей боп даланың,

Келтірер сәнін серуен құрып жүргенде.

Әдемі алқап Қазығұрт таудың етегі,

Жауын ап көздің, жаныңды баурап кетеді.

Көк кілем үсті асыр сап аунап ойнасаң,

Тұп-тұнық ауа бойыңды сергек етеді.

Қызғалдақ гүлдер, әдемі қыздай тізілдің,

Гүлдерді көріп ажары кірді жүзімнің.

Түлкібас төрі қып-қызыл  болып тұратын

Көрсең ғой, шіркін, шырайын Шұбайқызылдың.

Бар қазақ үшін болады орның – дара тау,

Даңқыңа сенің жараса кетер бар атау.

Шұбайқызылға алыстан көз сап тұрады,

Қызыға қарап Алатау менен Қаратау.

Жырымның келіп тірелді, міне, ат басы,

Алатау, Ақсу, Жабағылының ақ тасы,

Сол жаққа барсаң, жасыл желекпен қарсы алар,

Шұбайқызылдың гүлдерден өрген қақпасы! 

Нұрболат ҮСЕНОВ

Қауырсыны шалаңдап қанатымның,

Тектілігі жоғалып қыран өмір.

Азайды керуені санатымның,

Өңмеңдеп өлең қашап жыр жастанып,

Таусылды арман қуып тағатымның.

Таста қалған тарихымды ақтарам деп,

Ажалды құз басына баратырмын.

Тоты құстай бір сөзді мың қайталап,

қасіретін айтамын ана тілдің.

көк туың желбіресе еміреніп,

қуанамын құшағындай анашымның.

кең көсілген даламның төсін сүйіп,

тілеуін тілеп жүрмін алашымның.

оқты көзін қадаған залымдарға,

бір бұтағын қимаймын ағашымның.

табанын тілгілесе тарлан бақыт,

айықпас жолында мен жанашырмын.

туған ел түп тамырын ақтаратын,

бағзыдан қалып кеткен балашыңмын.



Ырысбек САМҒАТ

ШАБЫТ

Ақын Б.Ш. ағаға

Жанға тыным бермеген,

Жүрек қылын тербеген.

Кер даланың кеудесін,

Қас жүйріктей кернеген.

Буырқанған,тынбаған,

Бұлттайын шулаған.

Шабыт – жанның дауылы,

Таудай толқып тулаған.

Ыршып түскен ырғақтар,

Үбір-шүбір үн қатқан.

Шабыт – бұлақ сылдыры,

Сезім күйін жырлатқан.

Бір өлмеген,

Бір өлген...

Тартып-тартып жіберген.

Шабыт – құстың қанаты,

Сусылымен сыр өрген.

Шабыт – ғарыш сарыны,

Көк найзаның дабылы.

Уыс-уыс уақыттың,

Бүлк-бүлк соққан тамыры.

Шабыт – тұлпар дүбірі,

Сылқым самал сыбыры.

Адасқанда жол салған,

Көк Тәңірдің күбірі.

Шабыт – әнім, жырымсың,

Жүректегі бір үнсің.

Қолтығымнан демеген,

Өлеңдегі пірімсің...

             Жібек ЕСЕНҒАЛИЕВА

ШАЛЫС ҰЙҚАС

Ғашық дерті асылып кірпігіме,

Сол ару қыз өзіме ұнай қалды.

Ерік беріп жүректің күркіріне,

Басым менің еріксіз шыр айналды.

Ғашықтарды жазықсыз жылатты өмір,

Дала жазған аңыздың тарауында.

Жасымайды мұндайға біріқ көңіл,

Бәрі жалғыз Алланың қалауында.

Білмегені жөн болар ештеңені,

Жақындастық орнасын арамызға.

Білдім сірә жүрегім кеш демеді,

Өрт теңізде бір жүзіп барамыз ба?!

Барамыз ба жағдайды ушықтырып,

Бөгемеді ешбір жан бұл ісімді.

Танытпайсын әсте бір қырсық қылық,

Сенің ғана жүрегің жылы сынды..

Жылы сынды шуақтай жан жылытқан,

Көркің де сай жаныңмен Тәңір берген.

Сені сүю табиғи заңдылықтан,

Қызды сүй деп жүрегім әмір берген..

Тәбәрәк РИЗАБЕКҰЛЫ

ҚАРАСАЗ

                          



Қарасаз,

Атына заты сай елді мекен,

Елшенбүйрек етегінде қоныс тепкен

                          (М.Мақатаев)

Қарасаз,


Туған жерім,өскен жерім,

Өзіңді жырға қосып төске өрледім.

Атамдай Мұқағали сияқтанып, 

Мендағы жыр жазудан сескенбедім.

              

Тылсым күш пайда болды жан дүниемде, 

Білмеймін қандай нәрсе салған әуре.

Тылсым күш қинай берме,қинай берме,

Пендемін ғой тірлік етіп жүрген жерде.

Бір уақыт бақыт бергін азын-аулақ,

Жанымдағын әкетесің жайлап,жалмап. 

Еркіме жібермейсің құрсап,байлап

Әйтпегенде кетер ем құстай самғап

Іште түйсік қозғайды тыным бермей

Алай-дүлей соғатын құйын  желдей

Көп нәрсені жүруші ем бұйым көрмей

Енді міне отырмын күйім келмей

Ермек ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

наурыз

март

№ 2-3 (129-130)

2014

БАҒЗЫДАН ҚАЛЫП КЕТКЕН 

БАЛАШЫҢМЫН  

Студенттер жырлайды

5


Қасами Инайтулла:

– Өзіңіз туралы бір екі ауыз сөз айтып өтсеңіз?

– 1 желтоксанда 1991 жылы Газни қаласында туылдым. 2009 

жылы  орта  мектепті  бітіріп,  сол  жылы  мен  Кабул  қаласындағы 

Мемлекеттік  Политехникалық  университетіне  оқуға  түстім. 

2011 жылы біздің университетте шетелге бару үшін байқау жа-

рияланды, мен байқаудан өттім. 2011 жылы Қазақстанға келдім, 

бізді  Қазақ  Ұлттық  Университетіне  жіберді.  Біз  ол  жерде  орыс 

тілін  меңгердік.  2012  жылы  мен  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 

университетіне  оқуға  түстім, 

информатика мамандығын таң-

дадым.  Осы  жерде  қазақ  тілін 

үйренудеміз.



– Қазақтар мен хазарларда ұқсастық бар ма? 

– Орта Азиядан кетіп, кейін Ауған жеріне қоныстандық. Сон-

дықтан біз дің қанымыз, түбіміз Орталық Азиядан. 

–  Біздің  мәдениетіміз  де,  салт-дәстүріміз  де  ортақ.  Тіпті 

музыкалық  аспап  домбырамыз  да  ұқсас.  Біз  де  домбыра  тарта-

мыз. Домбыра біз үшін ең қасиетті аспап. Хазарлар түркі халқы, 

түркі халықтарының ішінде қазақ халқына өте жақын. Біз бұған 

дейін  бір-бірімізді  білмей,  танымай  келдік.  Тіпті  қазақ  тілі  мен 

хазар  тілінде  мыңға  жуық  ұқсас  сөздер  бар  екен.  Қазақтар  мен 

хазарлардың ұқсастығы өте көп. Адамдардың келбеті ұқсас келеді, 

мәдениеті ұқсас, мысалы ғичак және сұрнай ол – қазақ сырнайы. 

Тойлары  да  ұқсас:  беташары,  киімдері,  ет  тағамдары.  Наурыз 

бен  Айт  мерекелерін  тойлаулары,  екі  елдің    қонақжайлылығы 

ұқсас  екен,  қой,  сиыр,  жылқы 

бағулары ұқсайды. 



         

Салихи Манзур-Хуссайн:

– Ал, хазарлар руға бөліне 



ме?

–  Мен  Газни  қаласынан 

кел дім.  Біз  Қасами  Инайтул-

ла  екеуміз  бір  университеттен 

кел дік.

Хазарлар  тайпаларға  бө-

лінеді.  Олардың  ішінде  түр кі 

тілдес  аттары  бар.  Татар,  түр-

кімен, найман, қалаж (М. Қаш-

қаридың  жазбасында  Жетісуді 

мекендеген  тайпа  ретінде 

көрсетіледі),  батур  деп  кете 

береді.

Совет  одағы  кезінде  біраз  қазақ  Ауғанстанға  көшіп  барған, 



олар хазарлармен көрші отырады. Олардың түрі, тілі, мәдениеті 

қатты ұқсас. Ауғанстандағы қазақтарды өзге ұлттар көп жағдайда 

хазарлармен шатастырады, дегенімен Ауғанстанның конституци-

ясында жергілікті тұрғындардың қатарында жеке дара қазақ деген 

ұлттың бар екендігі көрсетілген.

Барекзай Нурулла:

–  Ауғанстандағы  қазіргі  әлеуметтік  саяси,  білім,  ғылым 

жайы қандай?

–  Ауғанстанда  әлеуметтік  жағдай  орташа.  Адамдар  тұра-

тын  мекеніне  қарай  күн  көреді.  Қалалықтар  арасында  белгілі 

фирмаларда,  зауыттарда,  тіпті  шетелдерде  жұмыс  істеп  ақша 

та ба тындары  да  бар.  Ал  ауылда  тұратын  адамдар  көбіне  ауыл 

шаруашылығымен,  атап  айтқанда  егіншілікпен,  мал  шаруа-

шылығымен айналысады. Ал білім, ғылым жағына келсек, әрине, 

салыстырмалы түрде бізде оның бәрі кенжелеп қалған. Мысалы, 

Ауғанстанда  тұратындардың  көбісі  қыз  балаларын  оқытпайды, 

қоғамдық  жұмыстармен  айналасуына  рұқсат  бермейді.  Бірақ, 

бір қызығы, бұл да біздің қазаққа бір табан жақындығымыздың 

белгісі болса керек. Мәселен, Ауғанстан үкіметіндегі ең бірінші 

әйел министр доктор Сима Самар, бірінші әйел әкім доктор Ха-

биба Сараби, бірінші қалабасы доктор Азра Азими хазар қыздары 

болып  табылады.  Яғни  бұл  Ауғанстандағы  хазар  халқының 

өзіндік деңгейін көрсетсе керек. 



Қасами Инайтулла: 

– Осы аталған адамдардың ішінде хазар ұлты ның мақ танышы 

болған  доктор  Сима  Самар  ханым  туралы  тоқталып  айтқым 

келеді.


Доктор Сима Самар 1989 ж. мемлекеттік емес ұйым құрады.  

Ұйым  жұмысы  емхана,  клиника,  тәлім-тәрбие,  халықтың 

сауаттылығы,  мұғалімдерді  және  қарапайым  адамдарды  қолдау, 

жұмыспен  қамтамасыз  ету,  қолдауы  жоқ  әйелдер  мен  панасыз 

жетімдерді  қорғау  болып  табылады.    2001ж.  бұл  ұйым  инсти-

тут  болып  өзгерді,  Ауғанстандық  жастар  осы  институтта  ме-

дицина  және  әртүрлі  мамандықта  білім  алып,  шыңдалды.  Бұл 

институттың  түлектері  Ауғанстанда  Кабул  университеттерінде 

және  т.б.  университеттерінде  жұмыс  істейді.  Сима  Самар  ха-

ным  Ауғанстанда    алғаш  рет  Ауғанстан  министрлігінде  және 

мемлекеттің  әйелдер  ісі  жөніндегі  министрі  болды.  24  сәуірде 

2002  ж.  БҰҰ-да  сөз  сөйледі.  Сима  Самардың  сөйлеген  сөзі 

Ауғанстанда бейбітшілік орнауына септігін тигізді. Осыдан кейін 

БҰҰ-  ның  Ауғанстанды  қорғауы  күшейе  түсті.  Мемлекеттің 

әйелдер ісі жөніндегі министрлігі Сима Самардың басқаруымен 

болды.  Бұл  министрлік  әйелдер  құқығы,  экономикалық  өсуі, 

әйелдердің мәдениет, саясат, қоғамдық жұмыстарына араласуына 

мүмкіндік берді.  

Ауған өкіметі Сима Самардың ерең еңбегін бағалап, 16 ме-

дальмен марапаттады. Сима Самар дүниежүзіндегі 100 саясаткер 

әйелдің бірі болды. Сима ханым Ауғанстан халқы үшін қызмет 

жасады  және  халықтың  жадында  мәңгілікке  қалады.  Ауған 

халқы  оның  мықтылығын  бағалап,    «темір  әйел»  деп  лақап  ат 

берген.  Өзінің    қажырлы  еңбегінің  арқасында  бірнеше  ұлттың 

және  халықаралық  жарыстарда  жеңіске  жетіп,  қазіріг  кезде 

дүниежүзіне әйгілі әйел атанып отыр.

 

Кохестани Мозамел

– Болашақта Ауғанстан мен Қазақстанның қарым-қаты-

насы қандай болғанын қалайсыздар?

– Бізге Қазақстан өте ұнайды. Мұндағы әлеуметтің жағдайы, 

басшылықтың жүргізіп отырған саясаты, елдің қарқынды дамуы, 

экономикасы  бәрі  де  адам  қызығарлықтай.  Біз  осында  келмей 

тұрып достарымыздан Қазақстан тұралы көп естідік. Қазақстанға 

кетіп, Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Түркістан сияқты 

қалаларда білім алып, өз болашақатарын жасап жатқан Ауған жа-

старын көрдік. Біз де қызыға бастадық. 

Қазақстан ауған жастарының көзімен қарқынды дамып келе 

жатқан  жас  мемлекет.  Тіпті,  біздің  сіздерден  үйренеріміз  мол 

деп ойлаймыз. Қанша дегенмен, біздер қаны, тегі ұқсас, бауыр-

лас  елдерміз.  Ең  бастысы,  салт-дәстүрімізде,  мәдениетімізде, 

ұлттық құндылықтарымыздан кездесетін ұқсастықтар мен түркі 

тілдес  халықтар  болғандығымыздан  біз  Қазақстанды  бауыр 

деп  қабылдаймыз.  Ең  басты-

сы,  Қазақстанда  мүмкіндік, 

қауіпсіздік, 

заң, 


азаттық, 

тыныштық  бар.  Біз,  Абай 

атындағы  ҚазҰПУ-не  келгенімізге  қуаныштымыз.  Әрбір  ше-

тел азаматы Қазақстанда тыныш әрі бейбіт өмір сүре алады. Біз 

Қазақстанда білім алып жатырмыз, ең бастысы өзімізге қазақтай 

бауыр  таптық.  Біз  бо ла  шақта  Ауғанстан  мен  Қазақстанның 

қарым-қатынасы бұдан да нығая түсеріне сенеміз.

Кенжекей Мөлдір:

–  Топ  жетекшісі  ретінде  өз  мамандығыныз  туралы,  топ 



студенттері туралы ойыңызды айтсаныз?

– Мамандық таңдау – өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таң-

даған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. 

Адам  өзінің  болашақ  кәсібіне  әр  түрлі  жолдармен  келеді. 

Біреулер  үшін  –  ол  ойға  алған  арманының  орындалуы,  отбасы 

дәстүрін  жалғастыру,  келесі 

біреулер  үшін  –  жаңалыққа, 

дер бестікке талпыныс, үшінші 

біреулерге  –  әйтеуір  бір 

мамандық алу керек болған соң 

т.б. 

Мынау  көп  салалы  өмірде 



мамандықтың  түрі  көп.  Әрине 

таңдау  жасау  оңай  емес.  Ең 

бастысы  –  адам  еңбекке  қа-

бі летті,  зейінді  болуы  қажет 

және  оның  мамандығы  өзі  өс-

кен  ортаға  маңызды,  баға лы 

үлес  қосатындай  болуы  шарт. 

Өз  ісіне  сенімді,  адам  ғана 

жетістікке  жетеді.  Адам  еңбе-

гінен  қуанышын  таба  білсе, 

бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. 

Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жет кі зетін қанат. 

Менің ең алғаш информатикаға көңіл аударуым жетінші сы-

ныпта оқып жүргенде басталды. Бұл оқу орны, мамандық тура-

лы толығырақ білу үшін ғаламтордан мағлұматтар іздедім. Мен 

армандаған оқуымды таптым, грант иегерімін.  

Шетелдік студенттер жайлы айтатын болсақ, оларға мораль-

ды жағдайынан өте қиын. Біздің топтағы шетелдік студенттер - 

ауғандықтар. 

Мен  топ  жетекшісі  ретінде,  оларға  ризамын.  Өйткені  олар 

оқытушылардың    айтқандарын  бұлжытпай  орындайды.  Біздің 

студенттер  көп  тіл  біледі:  қазақ  тілі,  орыс  тілі,  ағылшын  тілі, 

парсы  тілі,  пушту  тілі,  араб  тілі,  хинди  тілі.  Біздің  универси-

тетте  оқығандарына  2  жыл  болды,  осы  жерде  олар  қазақ  тілін 

жетік меңгерді. Біз топта 6 адамбыз, олар бізге ағылшын тілінен 

білгендерін  ортаға  салады,  ал  біз  болсақ  оларға  қазақ  тілі  мен 

орыс  тілін  үйретіп,  түсіндіріп  отырамыз.  Ұлттық    тағамдар 

туралы  пікір  алысып  отырамыз.  Наурыз  мерекесінде  ұлттық 

тағамдардан дастарқан мәзір даярлаймыз. Бос уақытта біз тобы-

мызбен саябақтарға, мұражайларға, мәдениет ошақтарына бара-

мыз.

– Өзіңіздің оқып жүрген университетіңіз туралы не айта-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет