Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет109/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)

«Көрінбейтін колледж» - институциаландаралмаған зерттеу тобының жалпы мәселені шешуінде бірігуі. Ғылымитануға бұл терминді енгізген Д. Бернал, ал Д. Прайс оны «көрінбейтін колледж» атты, тұрақты, функциялары мен көлемі бар, нақты құрылымына ие коммуникативтік ұжым туралы болжау түрінде дамытқан. 60-70 жж. бұл болжау қатал эмпириялық зерттеуден өткізілді. Сол тұрғыдан жаңа зерттеу бағыттармен мамандықтарды қалыптастыруына ықпал жасайтын топтар пайда болды. Ғылыми пән өзінің қалыптасуында төрт фазадан өтеді:

        • Нормалы фаза. Бұл әлі қосылмаған зерттеушілерден тұратын топ, олар бәріне ортақ проект әлде мәселе бойынша жұмыс жасайды; араларында ресми қатынастар үстемді /мысалы, жетекші мен аспирант/.

        • Тордың қалыптасу және даму фазасы интеллектуалды меңгеру өзгерістермен сипатталады, зерттеушілер бірлік коммуникация жүйесіне қосылады. Олар тұрақты коммуникация торын қалыптастырады.

        • Интенсивті даму фазасы сол біріккен топтың жаңа бағдарламасының пайда болуын белгілейді; олар бәріне ортақ бір-неше бағытта актуалды мәселелерді анықтайды, бәріне жеткізеді және әр қайсысы соларды шешуге өз зерттеулерін бағыттайды.

        • Жаңа мамандықтың институциаландыру фазасы. Ғылыми топ жеткен нәтижелер осы жаңа подходқа қоғамдық қадірлеу әкеледі, солардың бағдарламасына негізделген жаңа зерттеу бағыты пайда болады, Бірақ бұл бірауызды топ ыдырайды, оның өкілдері өзгеше топтарды жаратады.

Осы «көрінбейтін колледж» дамуында оның өкілдерінің өзіндік санасы келесі өзгерістен өтеді: романтикалық кезең /уақыт тұрғысынан пәндердің нормалы фазасымен келіседі/; догматикалық кезең /коммуникативті тордың және біріккен топтың коммуникативті фазасымен келіседі/; академиялық /пәндік фазасы/.
Ғылым социологиясы – ғылымды әлеуметтік институт ретінде зерттейтің социологиялық зерттеулердің аймағы. Ғылым социологиясының пәні – ғылымның болуын және дамуына ықпал ететін ішкі қатынастарды, және оның сыртқы институттармен ара қатынасы. Және ғылым социологиясы ғалымдар арасындағы қатынастарды, қалай ғалым болады, ғылыми қоғамда қабылданған әдет нормаларын ұстануға негіздер туралы сұрақтарға жауаптарды қарастырады. Ғылым социологиясы жалпы социологияның бұтағы болғансон жалпы социология білімінің дамуына ықпал жасайды, өзінің категориялық базасын және зерттеу әдістерін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет