Осы нормалардың мазмұны: Универсализм (маңызды норма) – ақиқаты, ғылыми білімнің нақтылығы оны ашқан ғалымның тұлғасынан тыс – ұлтынан, ғылыми иерархиядағы жағдайынан, жасынан т.б. Ақиқаттын алдында бәрі тең – академик және аспирант. Бәріне ортақ дәлелдеудің универсалдық белгілері, білімді бағалау ережелері т.б. қолданылады. Универсализм императиві ғылыми білімнің тұлғадан тыс сипаттаудан басталады. Жаңа білімге сенімдік тұлғадан тыс белгілермен анықталады: бақылауға және әуелі дәлелденген білімге сәйкес. Универсализм бәр ғылыммен айналысу және әр ұлттын және әр әлеуметтік топтын өкілі ғылыми карьера жасауға тең құқығы барын жариялайды. Ол ғылымның ұлтаралық және демократиялық сипатын негіздейді.
Коллектившілдік /Мертон оны communism деп атаған/. Бұл императив бойынша ғалым жедел түрде өз еңбегенің нәтижесін ортақ пайдалануға береді, сөйтіп, тексеріс өткенсон, еркін басқа ғалымдарға өз жаңалығын жариялайды. Ғылыми жаңалықтар әлеуметтік қатынастын нәтижесі болғансон бүкіл ғылыми ұжымға және жалпы қоғамға қатысты. Жалпы қоғамнаң жетістігі болғансон «индивидуалдық» бөлігі шектеледі. Жаңалық ашушы ғалымның сол жаңалықты тек сол қолдануда ешқандай құқығы мен артықшылығы жоқ. Ғалымның интеллектуалдық «меншікті» қолдану қажеттілігі сол жаңалықтын авторы ретінде қадірлеу және құрметтеу. Ғылыми приоритетке осы жағдаймен жоғары назар аударылады.
Адалдық /дүниеқұмарсыздық/. Ғалымдардың приоритетке /үстемді болуға/ талпынысы конкуренция /бәсеке/ тудырады. Осындай жағдай өзгеше іс-әрекетке түртпе береді, олар зерттеудің дұрыс жолына және нәтижелеріне әсер етеді. Осы қайшылықты шешуге ғалымнан адалдық және дүниегеқұмарсыздық қажеттігі сұранады. Осы норма бойынша ғалым тек ақиқатты жалғыз және басты мақсат деп қабылдайды. Мертон дұниегеқұмарлықтан сақтану үшін ғылымның ішінде профессионалдық орынға жету үшін мінез-құлықта тек дұрыс принциптер үстемді болуға шақырды. Және бұл норма өз дәулетін көтеруге әлде профессионалдық ортада жоғары орын алуға бағытталған ғалымдардың ісіне айыптаушылық білдіру. Жалпы дүниегеқұмарсыздық императиві ғалым профессионалдық іс-әрекетінде өзіне пайда іздеуге тиым салынады.