Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет113/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   122
Ғылыми ұжым.
Томас Кунның концепциясында негізгі ұғым парадигма емес, ғылым ұжымы болып табылады. «Нормалы ғылымның табиғаты» атты шығармасында ол ғылыми ұжымның іс-әрекетінің өзгешелігін парадигма шеңберінде, яғни, нормалы ғылымның табиғатын сипаттайды.
Осы ғылыми ұжым деген ұғымның Т. Кунмен еңгізуі оригиналды деп санаймыз. Оған теориясы негізделеді. Ғылыми ұжым оның теориясының шеңберінде ғылыми іс-әрекеттің логикалық субъектісі болып ұсынылған. Т. Кунның концепциясы бойынша, ғалым ғылыми ұжыммен қабылданған, білім жиынтығымен сипатталатын және ғылыми мәселелерді шешумен ерекше байқалатын, нақты парадигманы ұстанатын, тек ғылыми ұжымға қатысты болса қана ғалым деп аталады.
Сөйтіп, Томас Кун ғылым тарихиграфиясында, ғылым тарихы – ол идея тарихы деп санайтын интерналистік әлде имманентік бағытқа қарсы шығып, ғылыми ұжым атты ұғым арқылы өз адам концепциясын ұсынды. Ол оған ғылымның дамуын таза имманентік талдаудан тыс шығып, ғылым дамуының механизімін түсінуге жаңа мүмкіндік берді.
Парадигма, ғылыми ұжым және нормалы ғылым деген ұғымдарға назар аударсақ, біз түсінеміз, оның концепциясы 40-50 жылдар бұрын пайда болуы мүмкін емес. Ол тек «үлкен ғылымның» дамуымен, қызметтің коллективтік түрімен, еңбектің бөлінуімен, яғни, ғалым нақты функция атқарады т.б. Осы мағынада Т. Кунның концепциясы өзіне қазіргі қоғамның таңбасын бастырған, ол объективті түрде әлеуметтік шарттардың тек ғылымның дамуы әлде тоқтауна әсер етпей, сонымен қатар, теорияның ішкі, логикалық құрылымына да ықпал жасайды.
Ғылым этосы.
Ғылыми танымның өзгешелігінің көрсеткіші, ғылыммен айналысу қызметтің тәсілдері мен әдістерін меңгеру, құңдылық бағыттары мен мақсаттық ұстанымдарды ұғынуды міндет етеді. Осы бағыттар ғылыми ізденістерге стимуляция жасайды, жаңа объектілерді практикалық эффектке қарамай зерттейді. Ендеше ғылым өзінің негізгі функциясын атқара алмайды – жаңа және дәлелденген білімге жету.
Ғылымның екі негізгі ұстанымдары осы ізденіске әкеледі: ақиқаттын өзіндік құңдылығы және жаңалық құңдылығы.
Ғылымның құңдылық ұстанымдары оның этосының негізін құрастырады, оны әр ғалым меңгеріп, және олардың шығармашылығы новаторлықтың және адамзат ұрпақтарына ақиқатқа жұмыс атқарудын үлгісі болып табылады. Адамзат тарихында әйгілі ғалымдардың қызметінде принципиалдылық үстемді болған, олар ешқашанда тұлғалық және өзіндік мақсатқа құл болмаған.
Ғылымның идеалы ретінде принцип ұсынылған – ақиқаттын алдында бәрі тең, мәселе ғылыми дәлелге тірелсе, ешқандай алғашқы еңбектері назарға алынбайды.
Ғылыми этостын тағы бір маңызды принципі бар - өз зерттеулерінің нәтижесін жариялағанда ғылыми шындық қажетті. Мүмкін ғалым қателеседі, бірақ ешқашанда өз жаңалығына лайық нәтижелерді еңгізбеу керек, яғни, ол плагиатпен айналыспау керек. Дәйексөз институты ғылыми монография мен мақалаларды құрастырғанда ғалым үшін міндет, ол тек авторлық құқықты белгілемейді, сонымен, жаңа нәтижелердің селекциясын жасайды. Осы селекциядан тыс жанасын іздеуге ықпал болмас еді, және ғылымда тек қайталанатын нәтижелер үстемді болар еді, түбінде, ғылыми білімнің өсуі тоқталады.
Әрине, фальсификация мен плагиаттын болмаусыздығы ғылымның құңдылық нормасына айналып, бірақ, реалдық өмірде бұзылады. Әр-түрлі ғылыми ұжымдарда этикалық принциптерді бұзған үшін әр-түрлі қатал санкциялар қойылады.
Қазіргі ғылымның өміріне бір мысал көрсетейік, 1970-шы ж. биохимиктер мен нейрофизиологтардың ортасында Галлис атты жас ғалым өз жаңалығын жариялады. Ол огигиналды болжау ұсынды, өсімдік қасиеті бар морфиндер және мидің ішкі морфиндері жүйке талшықтарға біркелкі әсер етеді. Бірақ сонша өткізілген эксперименттер осы болжауды дәлелдей алмады. Басқа зерттеушілер оның алдына шығатындықтан қауыпсызданып, Галлис фальсификацияға бет бұрды. Сөйтіп, ол жалған нәтижелерді жариялады. Галлистің жаңалығы бәрін қызықтырды, 1977 ж. Мюнхенде арнайы симпозиумда оған өз теориясы бойынша эксперимент өткізуге ұсыныс жасалады. Сонда Галлис өзінің фальсификациясын ашық жариялайды. Бүкіл ғылыми ұжым оған бойкот жариялап, ғылыми контакт және бірлестік мақалалардан бастартты. Галлис әріптестерінен өзінің ашық хатында кешірім сұрайды.
Идеалдық жағдайда ғылыми ұжым қасақаналық әлде ғылыми нәтижелердің ниеттілік фальсификацияға әр-қашанда жол жабу керек. Осы идеалға табиғаттану ғылымдардың зерттеушілері жақын, ал гуманитарийлерге саяси және идеологиялық құрылымдар жағынан қысым болғансон, оларға санкциялар жұмсарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет