Философия тарихындағы танымал ғылым классификациялары:
Г.Ф.В. Гегельдің /1770-1831/ классификациясы негізінде абсолюттік идеяның дамуы жатыр; логика, табиғат, рух;
үш класс пайда болады: 1. логикалық ғылымдар;
2. табиғат туралы ғылымдар /механика, физика, химия, биология/;
3. адам туралы, қоғам және мәдениет туралы ғылымдар /антропология, психология, тарих, философияға өзгеше роль жүктейді «ғылымның ғылымы»/.
2. Фридрих Энгельстің /1824-1895/ классификациясы негізінде материяның дамуы және материя түрлері жатыр; 1. өлі материя туралы ғылымдар /механика, физика, химия/;
2. тірі материяның түрлері туралы ғылымдар /биология/;
3. материяның әлеуметтік түрлері туралы ғылымдар /әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар/; «шекаралалы» ғылымдар /физикалық химия, биохимия/; комплекстік /логика, философия/.
3. Владимир Иванович Вернадский /1846-1945/ объектілердің масштабының мөлшерін қолданды; оның классификациясында екі үлкен ғылыми топтар пайда болды: 1. бүкіл реалды дүниені, ғарыш кеңістігін зерттейтін /физика, химия, математика, астрономия/; 2. жер реальдылығын /биологиялық, геологиялық, географиялық, әлеуметтік-гуманитарлық/ зерттейді. Мысалы, ғылыми білімнің классификациясы бойынша биология ғылымы: - зерттеу бағыты бойынша /микробиология, ботаника, зоологияға/; - қасиеттеріне қарай /морфология, молекулярлық биология, экология, генетика/; - құрылысты ұйымдастыру /анатомия, гистология, цитология т.б./ - бәрі жатықтық, яғни ғылымдарды бір сызық, реттілік бойынша құрастырылады.
4. Огюст Конттың классификациясы да танымал болды. Бұл классификация қарапайым қозғалыстарды зерттейтін ғылымдардан басталып – механика мен физикадан, қозғалыстың жоғары түрлерін зерттейтін әлеуметтанумен бекітілді. Сөйтіп, келесі ғылымдар әуелгі ғылымдардың заңдары мен принциптарын қолданып, өздерінің ережелерін енгізген.
19 ғ. позитивизмге қарсы келесі классификацияларын ұсынғандар Вильгельм Дильтей /герменевтика/ мен Вильгельм Виндельбанд және Генрих Риккерт /неокантианшылдық мектеп/.
Герменевтика: Дройзен, Дильтей, Зиммель және Макс Вебер.
Дройзен пікірінше: түсіндіру мен түсінудің дихотомиясы мәлім (Erklaren и Verstehen). Табиғаттану ғылымдардың мақсаты – түсіндіру болса, тарихтың – түсіну /пайымдау/.
Осы ойларды Дильтей жүйеге келтірді. Түсіну туралы ғылымдарды рух туралы ғылымдар деп санады (Geistwissenschaften) - (moral science).
Дильтейдің пікірінше: «Табиғатты біз түсіндіреміз, ал рухани өмірді түсінеміз».
5. В. Виндельбанд пен Г. Риккерттің классификациясы: табиғат туралы ғылымдарға қатысты натуралистік дүниегекөзқарас пен методологиясы туралы тезиске қарсы шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |