Ғылым тарихы және философиясы


Қажеттілік қаласында адамдар ең өмірлік маңызды өнімдер мен заттарды өндіру мақсатында бір-бірлерімен бірігеді, сөйтіп, жан сақтайды. Айырбас



бет33/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   185
Қажеттілік қаласында адамдар ең өмірлік маңызды өнімдер мен заттарды өндіру мақсатында бір-бірлерімен бірігеді, сөйтіп, жан сақтайды.
Айырбас қаласында барлық адамдар байлыққа ұмтылады.
Күйреген қалада адамдар өмірлерінің мәнін ұғынудың орнына, тек өз құмарлықтарын қанағаттандыруға ұмтылады.
Биліксүйгіш қалада адамдар басқаларға жоғарыдан қарайды. Олар- ды жеңіс қана қуантады.
Ізгіліксіз қалада адамдар ізгілікті жақсы біле тұра, бәрін де кері- сінше істейді.
Адасқан қалада адамдар өз өмірлерінің мәнін жоғалтқан және т.б.


1 Флюид (лат. fluidus – «ағатын» деген ұғым). Бұл жерде байқалмайтын «психикалық әсер» деген мағынада.
Қоғамның жай-күйі және дамуы халифке тәуелді болғандықтан, Әл-Фараби билеушінің жеке басына аса қажетті алты қасиетті жеке бөліп көрсетеді:
Даналық, яғни билік жүргізу халықтың тарихи тәжірибесіне, дәстүрлеріне, адамгершілік ізденістеріне сүйене отырып, терең ой- толғаныстар негізінде жүзеге асырылуға тиіс;
Білімділік, яғни басшы өз заманының талаптарына жауап беруге әзір, озық білімді адам болуға тиіс;
Тапқырлық, яғни жаңа жағдайда, күрт өзгерістер туғанда қоғамда пайда болған мәселелердің шешімін жедел табуға қабілетті болу;
Болашақты көре білу, демек, бүгінгі күнді ғана емес, алыс болашақта не болатыны туралы да ойлау;
Сөзбен халықты шабыттандыра білу, оның істерін игі мақсаттарға бағыттау;
Денсаулығының мықты болуы, өйткені оған үлкен күш және жауапкершілік жүктеледі, әсіресе соғыс қимылдары орын алған кезеңдерде.
Бірақ барлық осы қасиеттердің ішінен ең бастысы ретінде Әл- Фараби даналықты әділетті бөліп көрсетеді.
Көріп отырғанымыздай, бұдан мың жылдан артық уақытта өмір сүрген Әл-Фарабидің ойлары бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ. Кеңірек айтқанда, қай дәуірді алсақ та, философия тарихы ешқашанда
«ескірмейді», онда жинақталған ойлар жаңа шығармашылық ізденістерге шабыт береді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет