Ғылым тарихы және философиясы



бет104/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Көрнекілікті жоғалту. Ғылыми білімнің артуы жинақталған фактілердің жиынын қорыту негізінде емес, математикалық есептеу- лер негізінде алынған кеңейтілген синтез арқылы болады, сол себепті бастапқы көрнекілік жоғалады; ғалымдар әлем нысандарының терең құрылымына бойлай түскен сайын, олардың зерттелетін нысандардың қасиеттері мен сапаларын тікелей бақылауының, тәжірибе жолымен анықтауының мүмкіндігі азая береді. Егер классикалық ғылымда дәлме-дәл және қатаң білім алуға ұмтылу маңызды болса, енді оған қол жеткізудің мүмкін еместігі анықталады. Сондықтан ықтимал білім алуға көп көңіл бөлінетін болды.
Оның үстіне, теориялық тұрғыда алынған білімдердің негізгі белгілері қарапайымдылық, симметриялық, когеренттік, эвристикалық1, болса, ал іс жүзінде – пайдалылық, тиімділік, нақты өмірде қолданушылық және т.б. қасиеттерге назар аударылды.
«Болмыстан» «қалыптасуға» бұрылу. Егер классикалық ғылым заттар мен құбылыстардың өзгергіштігінен сапасы жағынан өзгермейтін, орнықты нәрсені көруге тырысса, ал қазіргі заманғы ғылым жаңа құрылымдардың пайда болуын, ескілерінің жоғалуын зерттей отырып, әлемді уақытта мәңгі қалыптасып жататын және күрделене беретін оқиға ретінде қарайды. Сөйтіп, жаңа эволюциялық ғылым пайда болады.
Әлбетте, ерте замандарда-ақ ұлы ойшылдар әлемнің мәңгі қалыптасуда болатынын байқаған, заттар мен денелер қарама- қайшылықтардан өзара өту арқылы өмір сүреді (Лао-Цзы), барлығы ағып өтеді, бәрі өзгереді (Гераклит) және т.б. Жаңа заманда қалыптасу санатына Гегель көп көңіл бөлді. Алайда классикалық ғылымның қалыптасуы барысында тікелей қарама-қарсы бағыттар (интенция) пайда болды. Табиғатты зерттеуде энергияны сақтау заңына сәйкес, заттардың аққыштық қасиетінен ғалымдар қаншалықты өзгеріс бол- са да, өзінің негізіне қайтып оралатын әлдебір тұрақты, кезеңдік, бірқалыпты қасиетті табуға әрекеттенді.
Бұндай дүниетанымдық көзқарасқа XIX ғасырда өзінің эволюциялық теориясымен Ч.Дарвин, қоғамдық-экономикалық құрылымдар тура- лы ілімімен К.Маркс мықты соққы берді. XX ғасырда эволюциялық химия, ал астрофизикада «Үлкен жарылыс» теориясы пайда болды. Сөйтіп, осы жетістіктер нәтижесінде ғылымда ғаламдық даму теория- сы өмірге келді.



1 Эвристика – теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет