Анархизм(ғылымдағы кез келген беделді, сондай-ақ билікті жоққа шығару) және волюнтаризм (өзінің субъективтік еркін басқаға таңу). Бұл көзқарас ғалым тұлғасын жұртшылыққа қарсы қояды, бір немесе басқа нормалар мен құндылықтарды салыстырмалы, дәстүрлерге жат деп қарайды, әртүрлі ғылыми дәстүрлерде тамыр жайған универса- лийлер мен тұжырымдамаларды теріске шығарады.
Модернизм. Бұл барлығын да сын сотына салу, шындықты тұлғаның дүниеге көзқарасымен ұштастыру, кез келген тұлғаның дүниетанымдық бағдарын тану және құрметтеу, шындықтың сюрреа- лизациясы – нақты мен нақты еместің араласып кетуі және т.б.
Прагматизм (пайдалылық). Шындықты тұлғаның таным үдерісін- дегі өнімді қызметімен, белсенділігімен ұштастыру.
Сөйтіп, XX ғасырдың бірінші жартысында құрылған классикалық емес ғылымның негізгі ерекшеліктері: барлық ғылыми мәселелерге дәстүрлі емес көзқарас; бұрынғы тұжырымдар мен теориялардың барлығын тексеру; ғылымда қалыптасқан стандарттарға сын көзі- мен қарау; нышан-бейне беру, тәжірибе жасау, шарттылыққа сүйену және т.б.
XX ғасырды 60 жылдарында қалыптасқан жағдайды бірқатар ғалымдар ғылым дамуындағы жаңа кезең деп атайды. Ол постклас- сикалық емес ғылым, басқаша айтқанда, классикалық еместен кейінгі ғылым деген атқа ие болды. Оның ерекшеліктері ретінде төмендегі си- паттар аталады:
Антифундаментализм. Бұл – көпдеңгейлі, қандай да бір түпнегізге жатқызылмаған жүйелі тұтастықты білдіретін нақтылық. Ол өздігінен құрыла да, дами да алады.
1 Монизм – әлемнің негізі бір ғана бастау (материя немесе рух) деп танитын философиялық бағыт.
2 Панлогизм – грек сөзі – логикалық заңдардың ойлаудың ғана заңдары емес, сонымен бірге барлығы да қисынды қажеттіліктермен айқындалатын шындықтың (болмыстың) да негізді заңдары болып табылады деп сендіретін гегельдік дүниетаным.
Интегратизм. Егер классикалық ғылымда бүтін бөлшектерден тұрады, бүтінді бөлшектерге бөлуге болады деп саналса, енді қазір бүтіннің де, бөлшектердің де өз-өзіне жеткіліктілігі, олардың өзара ықшамдалмаушылығы (тұжырылмаушылығы), сонымен қатар өзара бір-бірлеріне өткіштігі танылады. Мысал ретінде бір-бірлерінен шығатын қарапайым бөлшектерді айтуға болады.
Синергизм. Егер классикалық ғылым нақтылықты қозғалатын, олардан табиғаттың алуан түрлі денелері құралатын материалдық нүктелердің жиынтығы деп қараса, енді табиғаттың терең құпияларына бойлай отырып, қазір нақтылықты солай түсінуден бас тартуға тура келді.
Бірақ синергетика туралы біз кейінірек айтатын боламыз.
Холизм. Бұл ұстанымға сәйкес, Әлем, Нақтылық көпшамалы иерархиялық тұтастық, яғни әрбір тармағы басқалармен өзара әрекеттесе отырып, өз-өзін тұрақты өзгертіп отыратын тұтастықты білдіреді.