сатья – қаншалықты қиын болса да, әрқашан шындықты айту.
апариграха –материалдық игіліктерге немқұрайдылық, яғни оған құштар болмау, пайдакүнемдікті ойламау.
ахимса – ешбір жаны бар тіршілік иесіне зиян келтірмеу (зорлық-зомбылық көрсетпеу).
Еске сала кетейік: XX ғасырда Махатма Ганди нақ осы зорлық- зомбылық көрсетпеу қағидасына (ахимсаға) сүйене отырып, үнді халқын бостандыққа жеткізді.
ә) бұдда діні. Бұл – әлемдік дін деңгейіне көтерілген философиялық ілім. Негізін салушы – Гаутама Сидхартха (б.з.д. 563-483 жж.). Елу жасқа жеткенге дейін шындық іздеп, «Бұдда» (көзі ашық, дана) ата- нып, өз мектебін құрған.
бұддашылықтың негізгі қағидалары:
Барлығы да – азап, күйзеліс (азаптанып дүниеге келу және азаппен өлу, ата-анадан, достардан, сүйіктіңнен айырылу, орындалмаған тілек- ниеттердің азабы және т.б.).
Күйзелістердің себептері өмірге құштарлықта, ләззат алуда жатыр.
Күйзелістерден құтылуға болады. Олардан құтылудың сегіздік жолы бар:
Дұрыс ойлау. Егер адам: «Ол мені қорлады, ұрып-соқты, жеңді, тонады», – деп ойласа, онда оның мазасы кетіп, бойын кек кернейді.
Дұрыс сөйлеу.Ауыздан шығатын сөз – шын және айнала- дағыларға жағымды болуға тиіс, балағат сөздер қоршаған ортаны лас- тайды.
Дұрыс іс-әрекеттер, яғни шындық үшін ерлік жасауға дайын болу.
Дұрыс өмір салты, демек, бейбіт, адал, таза өмір сүру.
Дұрыс ниет-пиғыл, яғни жамандық жасамау.
Дұрыс күш салу, яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеуі және өз-өзін ұстауы.
Дұрыс көңіл бөлу (түсіну), демек, сананың белсенді қырағы- лығы.
Ойды дұрыс жинақтау, яғни медитацияның дұрыс әдістері. Бұддашылық сегізінші тармаққа ерекше назар аударады: меди-
тация адамды толық тыныштық жағдайына, яғни ол нирвананың (жұмақтың) «тынық тұңғиығына» батқан кезде, оған ешқандай «заң жүрмейтін» күйге жеткізетіндей болуға тиіс. Әлбетте, оны тақуа- монахтар ғана орындай алады Ал жай адамдар туралы айтсақ, олар үшін «панча Шила»(«Бес Өсиет») қағидаларының ізімен жүру жеткілікті. Олар:
Адам өлтіруші болма.
Ұрлық істеуден тартын.
Теріс жолға түсуден сақтан.
Өтірік айтпа.
Елірткіш сусындардан бойыңды аулақ ұста.
Бұддашылықты зерттеушілер арасындағы беделділердің бірі Клайв Эррикер осыған орай: «Бұл жерде барлық осы санаттардың бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну өте маңызды. Сегіздік жолды кейде адамдар сегіз басқыштан тұратын баспалдақпен теңестіреді де, адам басқыштан-басқышқа көтеріле отырып дамитындай әсер қалдырады. Бұл – жаңсақтық. Бұдда іс жүзінде бұл санаттардың әрқайсысын (ғылыми көзқарастардың әрқайсысын да) басқалармен бірлікте меңгергенде ғана жетістікке жетуге болатынын атап көрсет-кен», – деп жазды (Эррикер К. Буддизм. – М., 1986. – 97-бет).