Ғылым тарихы және философиясы


сатья – қаншалықты қиын болса да, әрқашан шындықты айту. апариграха



бет13/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

сатья – қаншалықты қиын болса да, әрқашан шындықты айту.

  • апариграха –материалдық игіліктерге немқұрайдылық, яғни оған құштар болмау, пайдакүнемдікті ойламау.

  • ахимса – ешбір жаны бар тіршілік иесіне зиян келтірмеу (зорлық-зомбылық көрсетпеу).

    Еске сала кетейік: XX ғасырда Махатма Ганди нақ осы зорлық- зомбылық көрсетпеу қағидасына (ахимсаға) сүйене отырып, үнді халқын бостандыққа жеткізді.
    ә) бұдда діні. Бұл – әлемдік дін деңгейіне көтерілген философиялық ілім. Негізін салушы – Гаутама Сидхартха (б.з.д. 563-483 жж.). Елу жасқа жеткенге дейін шындық іздеп, «Бұдда» (көзі ашық, дана) ата- нып, өз мектебін құрған.

    бұддашылықтың негізгі қағидалары:


    Барлығы да – азап, күйзеліс (азаптанып дүниеге келу және азаппен өлу, ата-анадан, достардан, сүйіктіңнен айырылу, орындалмаған тілек- ниеттердің азабы және т.б.).
    Күйзелістердің себептері өмірге құштарлықта, ләззат алуда жатыр.
    Күйзелістерден құтылуға болады. Олардан құтылудың сегіздік жолы бар:

    1. Дұрыс ойлау. Егер адам: «Ол мені қорлады, ұрып-соқты, жеңді, тонады», – деп ойласа, онда оның мазасы кетіп, бойын кек кернейді.

    2. Дұрыс сөйлеу. Ауыздан шығатын сөз – шын және айнала- дағыларға жағымды болуға тиіс, балағат сөздер қоршаған ортаны лас- тайды.

    3. Дұрыс іс-әрекеттер, яғни шындық үшін ерлік жасауға дайын болу.

    4. Дұрыс өмір салты, демек, бейбіт, адал, таза өмір сүру.

    5. Дұрыс ниет-пиғыл, яғни жамандық жасамау.

    6. Дұрыс күш салу, яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеуі және өз-өзін ұстауы.

    7. Дұрыс көңіл бөлу (түсіну), демек, сананың белсенді қырағы- лығы.

    8. Ойды дұрыс жинақтау, яғни медитацияның дұрыс әдістері. Бұддашылық сегізінші тармаққа ерекше назар аударады: меди-

    тация адамды толық тыныштық жағдайына, яғни ол нирвананың (жұмақтың) «тынық тұңғиығына» батқан кезде, оған ешқандай «заң жүрмейтін» күйге жеткізетіндей болуға тиіс. Әлбетте, оны тақуа- монахтар ғана орындай алады Ал жай адамдар туралы айтсақ, олар үшін «панча Шила» («Бес Өсиет») қағидаларының ізімен жүру жеткілікті. Олар:

    1. Адам өлтіруші болма.

    2. Ұрлық істеуден тартын.

    3. Теріс жолға түсуден сақтан.

    4. Өтірік айтпа.

    5. Елірткіш сусындардан бойыңды аулақ ұста.

    Бұддашылықты зерттеушілер арасындағы беделділердің бірі Клайв Эррикер осыған орай: «Бұл жерде барлық осы санаттардың бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну өте маңызды. Сегіздік жолды кейде адамдар сегіз басқыштан тұратын баспалдақпен теңестіреді де, адам басқыштан-басқышқа көтеріле отырып дамитындай әсер қалдырады. Бұл – жаңсақтық. Бұдда іс жүзінде бұл санаттардың әрқайсысын (ғылыми көзқарастардың әрқайсысын да) басқалармен бірлікте меңгергенде ғана жетістікке жетуге болатынын атап көрсет-кен», – деп жазды (Эррикер К. Буддизм. – М., 1986. – 97-бет).


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   185




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет