парадигма – нақты ғылыми қауымдастықта ғылымның белгілі бір саласында жалпыға бірдей қабылданған функционалдық теория.
парағылым – ғалымдардың тиісті қауымдастығы мүшелері ара- сында ғылыми таным жүйесінің толық құқылы элменттері деп тану- да оларға қатысты мығым консенсус (пәтуа) болмайтын идеялар мен тұжырымдамалар (мысалы, парапсихология, евгеника және т.б.).
принцип (қағида, ұстаным) – танымдық, іс жүзіндегі және руха- ни қызметті жүзеге асыруға қойылатын белгілі бір талаптан тұратын нормативтік жалпы пікір (салыстырмалылық қағидасы, сәйкестік қағидасы, тиімділік қағидасы, моральдық қағидалар және т.б.).
пролиферация – П.Фейерабендтің ғылым философиясындағы: өзара бір-бірін теріске шығаратын әртүрлі ғылыми болжамдар мен теориялардың көбеюін, мейлінше ұлғаюын ғылымның табысты өркендеуінің қажетті шарты деп санайтын негізгі ұғымдардың бірі.
Редукционизм– ғылыми білім синтезін қамтамасыз ету жөніндегі жалпы зерттеу стратегияларының бірі. Таным теориясында редукцио- низм түсіндірудің тиісті қағидасы ретінде қолданылады.
Релятивизм – білімнің объективтік мазмұнын терістейтін адам танымының салыстырмалылығы, шарттылығы және субъективтілігі туралы ілім; этикалық релятивизм – міндетті адамгершілік нормалар- ды және адамгершіліктіктің объективті әлеуметтік белгісін терістеу.
Релятивтілік– салыстырмалылық, «абсолюттік» деген түсініктің қосарлы қарсыласы.
Рефлексия – 1) ойға шому, өз-өзін бақылау, өз-өзін тану. 2) фило- софияда – адамның өз іс-әрекеттерін және оның заңдарын ұғынуға бағытталған теориялық қызметінің формасы. 3) философиялық- әдістемелік рефлексия – ойға бату, толық күмәндану, қарама- қайшылықтар.
Руханилық – адамда дүниетанымдық құлшыныстарға тәуелсіз тұлғаны айқындайды, оған: ақыл-парасат, өз қадір-қасиетін сезіну, белсенді өмірлік қағида, жан дарқандығы, белгілі бір адамгершілік- этикалық мұраттарды ұстану, отбасы, туыс-жақындары, қоғам алдындағы іс-әрекеттері үшін жоғары жауапкершілік көтеру, борышын түсіну, ізгілік, пайда көздемеу, аяушылық таныта білу, жәрдемдесу, сүю сияқты қасиеттер жатады.