санаттық апперцепция – ғылыми танымның алдыңғы тарихи тұрпаты санаттарының торы, яғни соның сүзгісі арқылы ғылымда кез келген танылушы мазмұн қабылданады.
сәйкестік ережесі – ғылымның белгілі бір саласында ескі тео- рия мен оны ауыстырушы жаңа теориялық тұжырымдама арасын- да «тиісті» қатынастар орнатудың реттеуші қағидасы. Осы қағидаға сәйкес, жаңа теория ескі теория одан жеке немесе шекті деп алынатын жағдайда ғана «жақсы» болып табылады.
сенсуализм – танымның жалғыз бастауы деп сезінуді мойындай- тын философиялық ілім (оған қарама-қарсы ілім – таным бастауы деп ақыл-есті мойындайтын рационализм).
синергетика – ашық жүйелерде (биологиялық, физикалық- химиялық және басқадай) құрылатын құрылыс элементтері (қосымша жүйелер) арасындағы байланысты зерттейтін ғылыми бағыт.
субстрат – философия мен ғылымның материалдық нысандар мазмұнының маңызды түрін білдіретін санаты, негізінде, оған әртүрлі нысандардың түрі бойынша көптеген мазмұндарын жатқызуға болады. сциентизм – 1) ғылым туралы, әсіресе жаратылыстануға қоғам- дық өрлеудің басты факторы деп қарайтын көзқарас; 2) XIX-XX ғасырлардың әлеуметтік ғылымындағы ағым; әдістері бойынша да, қоғамдағы атқаратын қызметтері бойынша да әлеуметтік ғылымдарды
табиғи ғылымдарға ұқсатуды міндет етіп қойған ағым.
табиғи ұстаным – үйреншікті және жаратылыстанымдық- ғылымдық бағдарды білдіретін құбылыстық түсінік: онда санамен жанама күйге келтірілген тәжірибе дұрыс, тікелей деп қабылданады. Табиғи ұстаным сонымен бірге «табиғаттық», «догматтық», «әлсіз- теориялық» деп те аталады және құбылыстық ұстанымға қарсы қойылады, ал оған өту құбылыстық дәуір көмегімен іске асырылады.
телеологизм – әлемнің: жанды табиғаттағы ғана емес, жансыз табиғаттағы да барлық үдерістер мен құбылыстардың себептерін мақсатты анықтаудың (детерминация) жалпыға бірдей сипатын мо- йындайтын ғылыми тұжырымдамалары және бейнесі.
телеология – объективті әлемнің құбылыстарын және адамның қызметін түсінуде және түсіндіруде маңызды (кейде шешуші) орын мақсат, қызмет, мағына, маңыз ұғымдарына берілетін тәсіл.
технократизм – қоғамның материалдық қызметінің ғана емес, тұтастай алғанда, оның әлеуметтік өмірінің де жетілуінде техниканың, технологиялардың, ғалымдардың рөлін асыра көрсететін әлеуметтік- философиялық тұжырымдама.