өнер, Гегель бойынша, өзіне толық еркіндікте пайымдап қарайтын рух.
Дінде рух өзін тізе бүккіш етіп көрсетеді.
Философияда рух өзі туралы кесімді (түсіністікпен) ойланады. Олай болса, философия – діннен жоғары тұр, өйткені түсіну – көрсетуден жоғары. Философияның бұл кезеңінде рухтың соншалықты
«ұзақ сапары» аяқталады, өйткені өзін түсініп, пайымдап алған соң, ол тынышталады.
Әрине, бүгінгі күні Гегельдің мұндай айлакер философиялық жүйесі адамдардың барлықтарының көңілінен шыға қоймайды. Алай- да ойшылдың құнды жетістігі бұл жүйені ашып көрсету барысын- да әзірленген танымның диалектикалық әдісі болып табылады. Сол тұрғыдан алғанда, табиғат, тарих, рухани өмірді ол үдеріс, яғни тоқтаусыз қозғалыс, өзгеріс, жаңа негізде қайтадан жаңару, ішкі қайшылықтарды жеңу арқылы даму деп қарайды. Бұндай көзқарас танымның жаңа теориясын туғыза отырып, диалектикалық ілімді мүлдем жаңа деңгейге көтерді. Гегельдің философияның дамуына қосқан баға жетпес үлесін көпшілік дәл осыдан көреді.
Ойшылдың пікірінше, диалектика шынайы ғылыми танымның ішкі қозғаушы күші болып табылады, ол кез келген ғылымның мазмұнына қажеттілік пен өзара байланыстарды енгізеді, солардың нәтижесінде біздің білімдеріміз теориялық деңгейге дейін көтеріледі.
Гегельдің өткен жүзжылдықтар барысында диалектика тұрғысынан жинақталған философиялық санаттарды жүйелеу және талдау бойын- ша жүргізген жұмыстарын асыра бағалау мүмкін емес. Диалектиканың үш заңын негіздеу және айқындау, жұп санаттар деп аталатындарды жүйелеу, олардың бір-біріне өтетін ішкі байланыстарын көрсету – осының барлығы да соның еншісінде.
Өздерінің күнделікті өмірлерінде адамдар заттарға, қоршаған дүниенің құбылыстарына талдау жасайды және бөлшектегендей етіп, оларды бір-бірлерінен ажыратуға тырысады. Бұл таным үдерісінде де, адамдардың іс жүзіндегі өмірінде де қажет. Мысалы, адамдардың бірлесе жұмсаған күштері мен істеген әрекеттері табысты болуы үшін, олардың мақсаттары нақты белгіленуге және айқындалуға тиіс. Ұлы Гете айтқандай, егер әлдебір үлкен нәрсеге қол жеткізгің келсе, онда өзіңді шектей біл. Бәріне ие болғысы келетін адамның, – әрине, жал- пылай ниет-қалауынан басқа, – ештеңеге де нақты ұмтылысы жоқ.
Егер өнер саласын алсақ, онда бұл жерде де ұлы туындылардың ерекше құндылығы әсемдіктің айқын және қайталанбас формаларын- да болып табылады. Дәл осылай ғылым мен философияның кез кел- ген саласында пайдаланылатын ұғымдар айқын болуға тиіс, сонымен қатар мәнді мазмұны болуы керек. Егер олар көмескі және орнықсыз болса, онда біз еш нәтижеге қол жеткізе алмаймыз және бір-бірімізді өзара түсіне алмайтын күйге түсеміз. Әдетте, осындай жағдай туралы: