Шамасы, бұл жерде марксистердің де адамға тән идеяларды, яғни сананың өнімдерін жоққа шығармайтынын ерекше атап айтқан жөн болар. Олардың ойы бойынша, «драмаларының авторлары да, актерлері де – адамдардың өздері». Сонымен бірге олар өздеріне: «Нақты дәуірде пайда болатын ескі идеялардың бастаулары қайда кетеді?», «Уақыт өте келе, ескі идеялардың орнында жаңалары пайда бола ма?» – деген терең мағыналы сұрақтар қояды. Ол сұрақтарға жа- уапбереотырып,оларсолидеялардыңөздерінақтыдәуірадамдарының өмір сүру шарттарынан, бәрінен бұрын, соларға тәуелді материалдық жағдайлардан келіп шығатынын көрсетеді. Қоғамдық қатынастардың бар жиынтығынан Маркс пен Энгельс анықтаушы ретінде өндірістік қатынастарды бөліп көрсетеді, ал ол әр алуан халықтардың тарихи дамуындағы қайталанушылықтарды табуға және әртүрлі елдердің ұқсас қоғамдық тәртіптерін бір негізгі ұғымға – «қоғамдық- экономикалық формацияға» жинақтауға мүмкіндік берді. Ол: өндіргіш күштер дамуының белгілі бір деңгейі негізінде пайда бола- тын, олардың саяси және құқықтық құрылымына сай келетін өндіргіш қатынастармен, қоғамдық сана, отбасы, тұрмыс сияқты формалармен сипатталады. Маркс пен Энгельс: «Адамдардың санасы олардың болмы- сын айқындамайды, керісінше, қоғамдық болмыс олардың санасын айқындайды», – деген қорытындыға келеді. Әлбетте, қоғамдық өмірде миллиондағанадамәрекететеді,ондаолардыңәрқайсысысаналытүрде өзінің алдына белгілі бір мақсаттар қояды және соларды іске асыруға талпынады. Бірақ бұл мақсаттардың барлығы және адамдардың талпы- нысы бір-бірімен бәсекелесе, бір-бірімен қарама-қайшылықтарға түсе отырып, тарихи үдерістің параллелограмынқұрады.