адам мәселесі – Фейербах философиясындағы басты сұрақ. Сондықтан да ол «философиялық антропология» деп ата- лады. Ойшыл Адамды оны тудырған Табиғатпен тығыз, яғни психофизиологиялық байланыста қарастырады. Адамды көбінесе рух ретінде қарастыратын алдыңғы неміс философтарының көзқарастары оны қанағаттандырмайды. Ол адам тән ретінде – материалдық, ал ой- лайтын тіршілік иесі ретінде – рухани деп мәлімдейді. Ол кезде ой- шыл адамның табиғаттық-биологиялық жақтарына көп көңіл бөледі.
«МЕН» – ол тек тірі тіршілік иесі ғана емес, оның денесі және ойлай алатын басы бар, – белгілі бір кеңістік пен уақыт шектерінде өмір сүретін тірі тәнді адам.
Адамның маңызды сипаттамасы деп Фейербах оның сезімділігін санайды. Болмыс пен ойлаудың гегельдік теңбе-теңдігіне ол болмыс пен сезімділіктің теңбе-теңдігін қарсы қояды. Біздің санамыздан тыс өмір сүретін материалдық әлемді ол «сезімдік болмыс» деп атайды. Ол табиғаттың «өз бетінше» өмір сүретін денелері мен құбылыстарына оншалықты назар аудара қоймайды, оның назары адамның сезімдеріне әсер ететін, тиісінше, солармен байланысты денелер мен құбылыстарға бағытталған. Адамның денелілігін (денесі болуын) ол сезімділік арқылы түсінеді. Адамға тән түйсіктер мен сезімдер – оның денелілігінің дәлелі. Нәтижесінде, ол «МЕН» – ол сезімді тіршілік иесі, олай болса, адамның денелілігі толығымен оның мәндік анықтамасына кіруге тиіс. Егер Табиғат өзінің меншікті болмысынан өзін ажырата алмаса, онда адам – өзін ерекшелей алатын тіршілік иесі болып табы- лады.
Адамды осылай түсінуден қандай гносеологиялық (танымдық) қорытынды жасауға болады? Фейербах бойынша, қоршаған дүниені танып білу заттарды сезу, қабылдау және пайымдап қарау арқылы іске асады. Адамның басқадай мүмкіндігі, тіпті, жоқ. Демек, тірі пайым арқылы анықталатын және бағытталатын ойлау ғана шынайы бо- лып табылады. Егер біздің ойлау қабілетіміз сезімдік пайымдаудан алыс кетсе, онда ол өз шектерінен асуға бата алмай, шындықтан да алшақтайды.
Ойшылдың пікірінше, адамның сезімділігінің ең бір тамаша қыры – сүйіспеншілік болып табылады. «сүйіспеншілік жоқ жерде шындық та жоқ», «сүйіспеншілік – біздерге тәуелді болмай өмір сүретін заттардың онтологиялық дәлелі». Философтың бұл ойын субъективтік-идеалистік мағынада түсінуге болмайды. Бұл жерде ол адам өзі мұқтаж заттарға, өзі үшін өмірлік маңызы бар құбылыстарға
енжар қарай алмайды деген ойды жеткізбек болған. Адам оларды жақсы көреді, игеруге, иеленуге талпынады және осы сәтте олардың тәуелсіз, объективті өмір сүретінін айқын сезінеді. Егер ол сүйетін, өзіне қажет заттарына қол жеткізе алмаса, бұл оны мұңаюға, күйзелуге жеткізеді. Бұл да ол заттардың тәуелсіз өмір сүретінін көрсетеді, өйткені дәл қазір олар жоқ.
Өз заманының қоғамын философиялық көзқарас тұрғысынан қарастыра келе, Фейербах христиан дінін қатаң сынға алады. Адам- дарды «мұратқа сай басқа өмірге» бағыттай отырып, дін осы дүниедегі жамандықты жоюға кедергі келтіреді, адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға деген талпыныстарын тежейді.
Алайда қоғам үшін дін керек. Оның дәлелі, Фейербахтың ойын- ша, – дәуірлер мен діндердің өзара байланысы. Тарихта жаңа дәуір басталғанда, діни көзқарастар да өзгереді. Олай болса, болашақта христиандықты да адамгершілік қағидаларын уағыздайтын дін алмастыруға тиіс. адамды сүйетін дін осындай болуы керек. Ой- шыл «адам адамға – Құдай» тезисін алға тартады. Діннің мәнін Фейербах адам мәнінен шығарады (бұл К.Маркстің дінді сынға алу- ына негіз болды). «Теология – бұл антропология», – деп жазды ойшыл
«Христиандықтың мәнінде».
Фейербах үшін дін – адам мәнін шеттету формасы, яғни шын мәнінде адамға тиесілі белгі-қасиеттердің Құдайға телінуі.
Нақ осы көзқарас тұрғысынан ол: «Кімде-кім Гегель философиясы- нан бас тартпаса, ол дін ілімінен де бас тартпайды», – деп, Гегельді сынға алады. Бірақ Гегель идеализмін білген соң, Фейербах оның ілімінің мықты жақтарын пайдаланбады, тіпті оның бүкіл философия- сын тәрк етті деуге болады.
Философияның негізі, Фейербахтың пікірінше, адам болуға тиіс, өйткені ол – табиғи «текті» тіршілік иесі.
Әлемді материалистік тұрғыдан қарай отырып, дегенмен ол қоғамның өзінің материалистік түсіндірілуіне дейін көтеріле алған жоқ. «Байланыс, өзара байланыс» дегенді білдіретін «religare» сөзінің шығу тегін зерттей келе, Фейербах: «Қоғамдағы адами қатынастар діни сипат алуға тиіс, әйтпесе адамдар өздерінің адамшылығын жоғалтады, өйткені бұндай жағдайда олар өздерінің өзімшіл биологиялық табиғатынан шыға алмай қалады», – деген ойға келеді. Дінсізболу – адам үшін өзі туралы ғана ойлау дегенді білдіреді, ал ол кезде Құдайға сену – ол өзгелер туралы ойлау болып шығады. Сонымен,
дін адамзат үшін қажет, сондықтан «сүйіспеншілік діні» де сондай болуға тиіс.
Фейербах қана сүйіспеншілік мәселесін философия деңгейіне көтерді деуге, әрине, болмайды. Ерте замандарда-ақ Кон-Фу-Цзы адамдардың өзара қарым-қатынастарының негізінде жатуға тиіс «жень» (махаббат) қағидасын алға тартқан, ал Эмпедокл тіпті «махаббатты» әлем, дүние негіздемесіне «жау» етіп көрсеткен. «Әркім де «платондық махаббат» деп аталатын сүйіспеншілік туралы біледі. Барлық ортағасырлық фи- лософия Августин, Яссауи және басқаларының атынан Құдайды сүюге шақырады.
Олай болса, бұл туралы Фейербах жаңалықболатын не айт- ты? Оның ойы бойынша, әйел мен еркек арасындағы, олардың бір- біріне табиғи жыныстық сезімдерінен туған сүйіспеншілік – жаңа сүйіспеншілік дінінің негізінде жатуға тиіс. Адам табиғаттық- биологиялық тіршілік иесі болғандықтан, түйсіктері мен сезімдері оны алдамайды, сондықтан адамдар арасында олардың өзара сүйіспеншілігінен өзге, қандай да бір маңызды ештеңе жоқ. Олай болса, адам «о дүниедегі жұмақтың» орнына, өзінің барлық мәнді күштерін жердегі сезімдік махаббатқа бағыттауға тиіс. Бір-бірін сүйетін «Мен» және «Сен», шын мәнінде, адамның шынайы бақыты болып табылады. Адамның әртүрлі қажеттіліктері және адамдардың оларды қанағаттандыру жолындағы талпыныстары адамдарды қоғамға бірігуге жеткізеді. Егер адамдар Құдайға сенудің орнына бір-бірлеріне сенсе және адамға Құдайға қарағандай қараса, сонда жыныстық тектеріне қарамастан, олар ізетті және пайда ойламайтын болады, сондай-ақ
коммунизмге тура жол ашылады.
Фейербахтың ілімі марксизмнің қалыстасуына үлкен ықпал етті.