Ғылым тарихы және философиясы


«өмір философиясы» және оның негізгі түрлері



бет96/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

«өмір философиясы» және оның негізгі түрлері


Философияның Шопенгауэр мен Кьёркегор әзірлеген классикалық емес жаңа формаларының еуропалық философияның кейінгі дамуына ықпалы айтарлықтай күшті болды. Нәтижесінде, «өмір философия- сы» деген атқа ие болған тұтас бір бағыт пайда болды. Онда жарқын өкілдері В.Дильтей мен Г.Зиммель болып табылатын шын мәніндегі


«өмір философиясын»; «шығармашылық даму философиясын» (А.Бергсон); «ерік пен билік» философиясын (Ф.Ницше) ажыратуға болады.
Бұл бағыттың ізбасарлары өмірді қалпына келтіру және ұғыну мә- селесін қолдады. Олардың көзқарастары бойынша, логикаға негізделген рационалдық дискурс, теориялық-танымдық сызбанұсқалар, эконо- микалық, саяси, құқықтық және т.б. зерттеулер адамның ішкі жан дүниесін жүдетіп, уайымға түсіріп, тыныштығын кетіреді. Сондықтан Жаңа заман ағартушыларының қоршаған әлемді тану және өзгерту негізінде адамның ақыл-есі жер бетінде бақытты өмір орната- ды дейтін негізгі ұстанымы сол уақыттарда сынға ұшырай баста- ды. Сол себепті «өмір философиясының» жақтаушылары болмыс санатының орнына, бірінші орынға «өмір» түсінігін қояды. Егер бол- мыс статикалық (орнықты) болса, онда өмір – бұл өне бойы қалыптасу, өзгеру. Оны ұтымды таным арқылы беруге болмайды. Оған уайым, біреудің қайғысын бөлісу, түйсік, сүйіспеншілік арқылы жетуге бо- лады. Ф.Ницшенің айтқанына сенсек, болмыс деген мүлдем жоқ, шын мәнінде өмір болып табылатын қалыптасу ғана бар.
Бұл бағыт аясында философтар өмірдің әртүрлі түсініктерін берді: өмірдің табиғаттық-биологиялық түсінігін жақтаушылар оны түйсікпен, өмір сүруге құлшынумен, ерік-жігермен теңестірсе, тари- хи түсіндіру – өмірді адамның күйзелістеріне, тұлғаның нақты-тарихи дәуір мәдениетімен байланысқан ішкі жан дүниесіне балайды. Панте- изм1 тұрғысынан өмір әлдебір ғарыштық, әр кезде өзінің әртүрлі фор- маларын тудыратын әлеуетті күш ретінде түсіндіріледі.
«Өмір философиясының» алғашқы өкілдері – Вильгельм Дильтей (1863-1911) және георг зиммель (1858-1918) өмірді ерік құлшыныстарына, сезімдік күйзелістерге, құмарлықтарға жатқызады. Олардың түсінігінше, өмір – ол тұрақты шығармашылық, өзгеріс. Ол бейберекеттікті әлдебір қалыптастырылған тәртіпке айналдырады. Өмір организмдік және, сонымен қатар организмдіктен жоғары тұрған формаларда болады. Егер организмдер деңгейінде өмір өліммен шек- телсе, ал организмнен жоғары тұрған формалар бір немесе басқа мәдениетті құрады. Шындық (болмыс), осы көзқарас тұрғысынан алғанда, тұлға күйзелістерінің ағындары арқылы құрылған «өмір тәжірибесі» болып табылады. «Өмір тәжірибесін» толықтай ойлау қызметіне жатқызбаймыз, ол өзінің терең көрінуінде иррационалдық болғандықтан, оның шектерінен асып кетеді. Сондықтан өмір қандай да бір жалпы заңдылықтарға бағынбайды, оған дербес, қайталанбас нәрсе арқылы жетуге болады. Алайда оны зерттеп білу шығармашылық қасіретіне әкеліп соқтырады, өйткені өмір өзінің болуы барысын- да нысанға айналған, яғни заттандырылған формаларымен қарама- қайшылыққа келеді.
Бұл қарама-қайшылықтарды шешу, Дильтейдің ойынша, зерттелетін уақыттың рухани ахуалына ену арқылы, яғни өзіңнің бар болмысыңмен сол не басқа дәуірдің қайталанбас хош иісін сезгенде ғана мүмкін бо- лады. Осы жағдайда ғана тарихтағы мәдениеттің қайталанбас және дербес көрінісін аша аламыз. «Рух туралы ғылымды» танып білудің осындай әдістерін ол «герменевтика» деп атайды. Автордың бұл пікірлерінде үлкен мағына бар.
Мысалы, Платонның еңбектерін зерттей отырып, бүгінгі күн биігінен қарағанда, екі мыңжылдықтан астам уақыттан кейін де қазіргі заманның адамы сол замандағы гректердің қалай өмір сүргенін, нені армандағанын, неге табынғанын білмей және басқадай өмір салтына



1 Пантеизм – Құдайды табиғатпен біртұтас деп танитын, табиғатты құдіреттің ісі деп білетін философиялық ілім.
терең енбей, оны түсіне алмайды. Сонда ғана қазіргі заман өмірімен салыстыру арқылы антика дәуірінің ойшылы шығармашылығының өміршеңдігін және қайталанбастығын ашуға болады.
«Өмір философиясы» аясында француз ойшылы анри бергсон
(1859-1941) «шығармашылық даму» бағытын құрды.
Оның көзқарасы бойынша, бастапқы терең болмысты бүтін, толыққанды өмір ретінде елестетуге болады. Материя мен рухқа кел- сек, олар бұл өмірдің қалдық көріністері болып табылады. Өмір – ол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет