Осы, бір қарағанда, мүлдем кереғар үрдістердің негізінде біздің сана- мызда қалыптасып қалған: «Маркстің теориясында келешек қоғамның егжей-тегжейлі зерттеліп әзірленген тұтас тұжырымдамасы бар» болғаны туралы мифке құрылған көзқарас жатқанын дәлелдеуге бола- ды. Ол кезде үш маңызды нәрсе, әйтеуір, «ұмытылыпқалады». Біріншіден, социализмнің бізде болған тұжырымдамасының негізгі бөлігін құрған тіпті де марксизмнің негізін салушылар емес, демек, Маркс те, Энгельс те оның түбегейлі жасалуы үшін жауапкершілік көтермейді. Марксистік теорияның мазмұнына деген осындай қасаң қағидалы көзқарас себептерінің ішінен марксизмнің пайда болуы мен дамуының тарихи түйінінің жеткілікті дәрежеде есепке алынбағанын атап көрсетуге болады. Кейбір жұмыстардың авторлары Маркс пен Энгельстің әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын еңбектерінен алып, ондағы ойлардың қандай жағдайларда туғанын, кімдерге бағытталғанын, кейіннен әлдебір авторлардың қандай түзетулер жасағанын ескерместен, жапа-тармағай дәйексөздер қолданып жата- ды. Бүгінгі таңда біздің өте-мөте қазіргі заманғы шындықтарымыз бен көзқарастарымыз XIXғасырдың нақты шындықтарымен астасып (кескінделіп) жатады, дегенмен ғылымда бұл тәсіл қашанда тыйым салынған болыпсаналады. Маркс пен Энгельсті, мысалы, Пруссия реакциясында немесе бона- партизмге қарсы күресте демократиялық еркіндіктердің жалпыадамдық маңызын жете бағаламады және қоғамдық өзгерістердің озбырлық жолдарын ұсынды деп кінәлау мүлдем дұрыс емес. Әйтпесе осылай- ша оларды XIXғасырдың ортасындағы ғаламдық экологиялық және ол уақытта әлі бола қоймаған басқа да мәселелерді жете бағаламады деп күстаналауға болушыеді.