Ғылым тарихы мен философиясы дəрістер курсы



бет61/81
Дата14.10.2023
өлшемі422,72 Kb.
#114841
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81
Байланысты:
Д. Б. Тойматаев ылым тарихы мен философиясы (1)

Дəстүрлі қоғам (индустриалды қоғамға дейін, қарапайым қоғам) - өзінің мағынасында дəстүрлі əлеуметтану мен мəдениеттануда адамзаттың индустриалды даму кезеңге дейін даму сатысын мағыналық тұрғыда қамтитын ұғым. Бəріне ортақ дəстүрлі қоғам туралы теория жоқ. Ол туралы түсінік негізінде қазіргі əлеуметтік-мəдени модельге ассиметриялы түсінік болады; яғни, оны индустриалды өндіріспен айналыспайтын халықтардың өмірінің нақты фактілерін генерализациялау деген түсінік. Заттық қатынас мүлдем жоқ, немесе азғантай əлеуметтік таңдаулылардың (элитаның) жіктік қажеттілігін қанағаттандыруға арналған. Əлеуметтік қатынастың құрылысының негізгі қағидасы қоғамның қатаң иерархиялық стратификациясы болып табылады, сондай ақ, ол эндогамдық касталардан тұрады. Негізгі əлеуметтік қатынастарды құрастыратын түрі - жабық, бəрінен ақшақталған, жабық қауым. Осы жағдаймен мінез-қылықтың дəстүрлі нормаларын қатал түрде ұстану түбінде тұлғаның индивидуалды белсенділігі мен құндылығын жояды. Осының салдары: əлеуметтік жинақтың мүмкіндігін жоққа шығарады; саяси билік бір каста, клан, жан ұяның қолында жұмылдырылады; жазбаша өнердің жоқтығы, немесе ол нақты жоғары шенеуніктер мен абыздардың артықшылығы. Сонымен қатар, жазу көбінесе қарапайым тілдермен емес, ерекше жоғары тілдермен дамиды (орта ғасыр Еуропада - латын тілі, Таяу Шығыста - араб тілі, Арғы Шығыста - қытай тілі). Сөйтіп, мəдениетті ұрпақтарға жеткізу (трансляциялау) вербальды, фольклор түрінде болған; негізгі əлеуметтік институт - жанұя. Ұлт туралы қазіргі теорияларда дəстүрлі қоғам деген ұғым кездеспейді, оның орнына «аграрлы» немесе «аграрлы жазбаша қоғам» деген ұғымдар кең қолданылады (Э. Гелнер, Б. Андерсон, К. Дойч).


Техногендік қоғам (батыс өркениеті) - ХV-ХVІІ ғғ. Еуропа аймағында пайда болған техногендік қоғамдар. Оның даму жылдамдығы өте жоғары. Негізгі қабылданған ережелерді жаңа түрде құрастыру мен жаңаландыру
қабілеті жоғары жəне осы бəрі оның дамуының ішкі негізі болады. Негізгі құндылықтарға инновация мен жаналық жатады. Техногендік қоғамның бейнесі

  • Гиннес рекордтары туралы кітап. Техногендік қоғамның мəдениет матрицасы үш кезенен өтеді: индустриалдыға дейін, индустриалды, постиндустриалды. Негізгі қасиеті - техника мен технологияның дамуы. Техногедік қоғамның өмірлік уақыты - 300 жыл. Өзінің ішкі мəнінде ол агрессивті жəне мəдениеттің сакраменталды дəстүрін жояды. Дамудың техногендік типі - табиғи қоршаған ортаның тез өзгеруі жəне адамдардың қоғамдық қатысының трансформациясы. Сыртқы əлем адамның қызмет аренасына айналады. Адам - орталық, белсенді іс-əрекетті жан, ол өзінің іс-əрекетін сыртқа бағыттайды. Жалпы мəдени қатынастар «күш» категориясы арқылы анықталынады - өндірістік күш, білім күші, интеллектуалды күш.



Техника - адамға қажетті қызметтер мен операцияларды атқаратын жүйелердің элементтерінің аралығындағы қатынастарды түсіндіретін заңдар мен қасиеттер туралы ғылыми білімдермен негізделген көп түрлі материалды объектілер мен жүйелер. Техниканы басқаша ғылымның «темір» түрде іске асуы дейді.
Технология - адаммен келесіде пайдаланатын қажетті жəне пайдалы қасиеттері бар, өнімдерді жарататын материалдық үрдістер мен операциялардың дəйектілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет