Ғылым тарихы мен философиясы дəрістер курсы



бет69/81
Дата14.10.2023
өлшемі422,72 Kb.
#114841
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81
Ғылыми пəн (лат. Disciplina – ілім) - кəсіби ғылымды меңгерудің негізгі түрі, пəндік-мазмұндық тұрғыдан ғылыми білімнің өндірісін, өңдеуін жəне жеткізуін жасайтын ұжымдарды біріктіреді жəне ғылым аймағын мамандық түрінде даму механизмі жəне қайта өндіруі.
Ғылыми пəн зерттеу бірлік ретінде ғылым əлеуметтануында, ғылымтану, тарихта, философияда, экономикада жəне ғылыми-техникалық прогрессте қолданылады. Осы пəндік қағида бойынша білім құрылымы жəне əр салада мамандарды даярлау жүйесі реттелген (мысалы, медицина, инженерлік іс, өнер). Яғни, əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени ортамен негізделеді, осы жағдайда пəндік қағида инвариантты. Нақты оқиғалар мен уақыттық пен кеңістік айырмашылықтарға қарамай əртүрлі əлеуметтік жəне меңгеру ортада ғылыми пəнге тұрақтылық пен инварианттылық тəрізді. Ғылыми пəнді сақтау үшін əр түрлі ғылыми жəне меңгеру іспен айналысатын ұжымдар ықпал етеді.


Ғылыми коммуникация - ғылыми ұжымда кəсіби қатынас түрлерінің жиынтығы, ғылымның даму механизмінің негізгі түрі, зерттеушілерді байланыстыру тəсілі жəне жиналған нəтижелерге экспертиза жасау түрі. 50-ші ж. аяғында - 60-шы ж. басында ғылыми коммуникацияны зерттеу себептері зерттеу іс-əрекетін интенсификацияландыруға арналған, яғни, жиналған
«бағдарлама жарылысын» реттеу жəне меңгеру. Коммуникациялық сараптау мен түсіндіруден пəндік басылымдардан бастап ғалымдар арасындағы өзгеше тұлғалық қатынастар өтті. Ғылымдағы коммуникация методологиялық тұрғыдан зерттелген, себебі, бүкіл жиналған бағдарламаларды эпистемологиялық, əлеуметтік, бағдарлама, əлеуметтік-психологиялық зерттеу тұрғысынан мүмкіндігі болмаған соң. Осының нəтижесінде əлемде жедел түрде əр салада экспертиза жасайтын топ өкілдері анықталған, екі деңгейлік құрылымдар кішкентай топтан тұрады, олардың арасында үзілмейтін қызмет байланысы бар, аспиранттары мен қызметкерлерінің арасында да тығыз байланыс байқалады. Осының нəтижесінде SCI, SSCI пайда болды.


Ғылыми ұжым - ғалым-кəсіпкерлерінің жиыны, олардың меңгеру түрі ғылыми кəсіптің өзгешелігінің көрсеткіші. Ғылыми ұжым туралы ұғым ғылым социологиясының пəнін білім социологиясынан ажырату үшін негізделген. Ғылыми ұжым ғылымға кəсіп түрінде толық болуына жəне оның эффективті болуына жауапкершілік артады. Институттардың іс-əрекеті мен ғылыми ұжыммен ғылым мақсатын атқаруға, дəлелденген білім негізін толтыруға, осы
кəсіптің келесі қасиеттері ықпал етеді:

    • ғылыми ұжым өзгеше білімді алу, сақтау, жеткізу жəне нығайтуға жауапты;

    • жаңа өкілдерді енгізу, даярлау жəне бақылау түрінде кəсіпте салыстырмалы автономды;

    • сол кəсіптіктің жəне оның институттарымен өкілдерінің қалыптасу жəне келешегіне ықпал жасайтын əлеуметтік қоршаған орта; сол кəсіптіктің ішінде сыйлық беру түрлері;

    • ғылыми білім жүйесінің дамуының жоғары деңгейін негіздейтін кəсіпкерлер байланысының тəртібіне кепілдік жасайтын инфрақұрылымды қолдау.

«Көрінбейтін колледж» - институциаландырылмаған зерттеу тобының жалпы мəселені шешуде бірігуі. Ғылыми тануға бұл терминді енгізген Д. Бернал, ал Д. Прайс оны «көрінбейтін колледж» атты, тұрақты, қызметтері мен көлемі бар, нақты құрылымына ие коммуникативтік ұжым туралы болжау түрінде дамытқан. 60-70 ж.ж. бұл болжау қатал эмпириялық зерттеуден өткізілді. Сол тұрғыдан жаңа зерттеу бағыттарымен мамандықтарды қалыптастыруға ықпал жасайтын топтар пайда болды. Ғылыми пəн өзінің қалыптасуында төрт кезеңнен өтеді:

  1. Қалыпты фаза. Бұл əлі қосылмаған зерттеушілерден тұратын топ, олар бəріне ортақ жоба немесе мəселе бойынша жұмыс жасайды; араларында ресми қатынастар үстемді (мысалы, жетекші мен магистрант).

  2. Тордың қалыптасу жəне даму фазасы интеллектуалды меңгеру өзгерістермен сипатталады, зерттеушілер бірлік коммуникация жүйесіне қосылады. Олар тұрақты коммуникация торын қалыптастырады.

  3. Интенсивті даму фазасы сол біріккен топтың жаңа бағдарламасының пайда болуын белгілейді; олар бəріне ортақ бірнеше бағытта өзекті мəселелерді анықтайды, бəріне жеткізеді жəне əрқайсысы соларды шешуге өз зерттеулерін бағыттайды.

  4. Жаңа мамандықты институциаландыру фазасы. Ғылыми топ жеткен нəтижелер осы жаңа бағытқа қоғамдық қадірлеу əкеледі, солардың бағдарламасына негізделген жаңа зерттеу бағыты пайда болады, бірақ бұл бірауызды топ ыдырайды, оның өкілдері өзгеше топтарды жаратады.

Осы «көрінбейтін колледж» дамуында оның өкілдерінің өзіндік санасы келесі өзгерістен өтеді: романтикалық кезең (уақыт тұрғысынан пəндердің қалыпты фазасымен келіседі); догматикалық кезең (коммуникативті тордың жəне біріккен топтың коммуникативті фазасымен келіседі); академиялық (пəндік фазасы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет