«Ғылым тілі» мақаласына тезис



Дата06.01.2022
өлшемі13,59 Kb.
#15503
Байланысты:
М.Әуезов Тезис


Фазыл Адина

«Ғылым тілі» мақаласына тезис


Мұхтар Әуезов өткен ғасырдың бас кезінде «Абай» журналында жарық көрген «Ғылым тілі» мақаласында ғылым саласында қазақ тілінің қолданылу мәселелерін қарастырады. Мәдениеті алда келе жатқан жұрттардың жасаған қателіктерін талдап, дәл сол қателіктерді қайталамауға шақырады. Мұхтар Әуезовтың орыстар мен жапондықтардың тіл қалыптастырудағы жасаған қателіктерінен бізді сақтандыру мақсаты осы мақалада өте анық сезіліп тұр. Мұхтар атамыз орыстар дін кітаптарының тілімен аламыштанғанын және сол қатесін зорға түзеткенін айтып өтті. Жапондықтардың қытай тілінен үлгі алғанының салдарынан қытай тілі әдеби тіл болып қалып қойғандығы оларға дерт болып жүргендігін сөз етті. Осы мысалдарды ұсынған атамыз қазақ тіліміздің осындай халге ұрынбасын деп алаңдайды.
Сол ғасырда ғылым тілі туралы сөз қозғалғанда орысша оқығандар мен мұсылманша оқығандардың арасында қақтығыс туындағанына назар аударып, бір жолға бетті түзеу керек екендігімізді ескертеді. Қазіргі күнде де осы мәселе терминология саласында өзектілігін сақтап келеді. Терминологияны қазақ тілінде қалыптастырудың ғылыми принциптерін нақтылау- қазіргі күннің басты мәселелерінің бірі.
Мұхтар Әуезовтың пантюркизм туралы көзқарасы да айқын. Пантюркизм қазақ мәдениетінің дамуына шектеу қойып, саясат жолына кіргендер туыстық, жақындық дегеннен айырылатынын ескертеді. Ол түріктерді үлгі тұтудың қажеті жоқ деген пікірді ұстанады. Түріктердің бірінші университетіндегі негізгі оқу тілдері Англия, Франция, Германиянікі болғандығын мысалға келтіреді.
Кеңес үкіметі уақытында біз де орыс және Еуропа тілдерін үлгі етіп алып, терминологиялық қорымызға олардың сөздерін термин қылып, өзгеріссіз қабылдап алдық. Соның салдарынан терминологиямыздың ұлттық сипаты әлсіреді. Шетел сөздерін өзіміздің терминдер қатарына қабылдап алғанның нәтижесінде ұлттық тілімізде жасалған терминдерді қолданысқа енгізу қиындық тудырып отыр. Сол себепті тілімізге бөгде сөздер енгізбес бұрын алдын ала жақсылап ойланған дұрыс. «Біреуі оңға, біреуі солға тартып, илей беруге көне беретін ғылым жолы- терінің пұшпағы емес» деген Мұхтар атамыздың сөзін ойымызда ұстап жүруіміз керек.
Қорыта келгенде, ғылымның дамуымен байланысты қалыптасатын ғылым тілі терминдер негізінде дамиды. Термін түзуде ұлттық таным мен мәдениет ұғымдарын ескерген жағдайда ғана ұлттық тілімізді ғылым тіліне айналдыруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет