Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№



Pdf көрінісі
бет15/16
Дата03.03.2017
өлшемі4,9 Mb.
#7250
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

1.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 Иондаушы 
сәулеленудің шағын мөлшерінің ықпалына 
ұшыраған адамдардағы радиациялық 
генез қабынуын алдын ала жорамалдаған 
кезде invitro антигенінің қатысуы арқылы 
ынталандырылған лейкергия әсерінің 
спецификалылығын анықтау тәсілі. Іске 
асыру жағдайы: тестіден өткізілген. № 28484 
инновациялық патенті алынды, тіркелген 
күні 26.06.2012ж. Жобаның тиімділігі: қабыну 
дамуының қаупін және иондаушы сәулеленуге 
ұшыраған адамдарды бастапқы кезеңдерде 
диагностикалаудың жаңа тәсілі. Қабыну 
дамуын және сол арқылы еңбекке жарамды 
тұрғындардың мүгедектігін алдын ала ескертуге 
мүмкіндік береді.  
2. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 Жоғары 
мектептердегі оқытушылардың ойлау 
қабілетіне кәсіби күйзелістің ықпалы
Іске асыру жағдайы:  № 389 авторлық жөніндегі 
куәлік алынды, тіркелген күні 20.03.2014. 
Жобаның тиімділігі: ЖОО қызметкерлерінде 
психо-эмоциялық бұзылушылықтар дамуының 
алдын алуға мүмкіндік беретін кәсіби 
қызметтегі күйзелістің даму қаупін бағалау 
тәсілі.  
3. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА:
 Нефроптоз кезіндегі 
кинезиемдеу
Іске асыру жағдайы: № 1084 авторлық 
жөніндегі куәлік алынды, тіркелген күні 
24.12.2014. Жобаның тиімділігі:Нефроптоз 
коррекциясының отасыз әдісі.  
4.Инновациялық жоба: портативті 
кешенді және ақпараттық деректер қорын 
пайдаланумен жұмыс орындары мен қоршаған 
ортаны радиациялық бақылаудың ақпаратын 
беру әдісі
Іске асыру жағдайы: № 1462 авторлық туралы 
куәлік алынды, тіркеу датасы 22.07.2015. 
Жобаның тиімділігі: сапалы байланыс болмаған 
кезде шұғыл жағдайда сол жағдай туралы 
жедел объективті талдау үшін дала жағдайында 
ақпарат жинау жылдамдығы мен тиімділігін 
арттыруға мүмкіндік береді.

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
109
9.  ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР 
 
(ұлттық ғылыми жүйені одан әрі дамыту бойынша)
Қазақстан–2050 Стратегиясының басты міндеті 
– 2050 жылы әлемнің дамыған 30 елінің 
қатарына ену үшін ғылымды қажет ететін 
экономика құру және экономиканың әлемдік 
деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруды 
қамтамасыз ету болып табылады. 
Еліміздің ғылыми әлеуеті мен ұлттық 
инновациялық жүйені дамыту тұрақты 
экономикалық дамудың маңызды 
факторларының бірі болып табылады. 
Дамыған елдерде, экономикалық белсенді 
халық санының ішіндегі зерттеушілердің үлесі 
1%-ды құрайды, ал Қазақстанда 2014 жылдың 
қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 0,3%-
ды құрады.
2014 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарға жұмсалған 
шығын 66,4 млрд. теңгені құрады, оның 
ішінде 47,9 млрд. теңге –  мемлекеттік 
бюджеттен. 2013 жылмен салыстырғанда, 
қаржыландыру 7,6%-ға артқан, ал 2010 
жылмен салыстырғанда – 2 еседен аса.
392 ғылыми ұйымдар жұмыс істейді, онда 
25,7 мың қызметкер еңбек етуде. Жастардың 
ғылымға ағылып келуі артты. 35 жасқа дейінгі 
ғалымдардың үлесі 38 %-ға (1,4 есеге), 45 
жасқа дейінгі ғалымдар – 56%-ға артты.
2015 жылдан бастап мөлшері 6 есеге 
артып, 18 млн теңгені құраған ғылым 
мен техника саласындағы әл-Фараби 
атындағы Мемлекеттік сыйлық, сондай-ақ  
Министрліктің 6 атаулы сыйлығы, 50 жас 
ғалымдар мен 25 аса көрнекті ғалымдарға 
белгіленген мемлекеттік ғылыми стипендиялар 
ғалымдардың сапалы ғылыми өнімділігін 
айтарлықтай ынталандырып отыр. 
Барлық ғалымдар үшін әлемдік ақпараттық 
ресурстарға ұдайы қолжетімділік қамтамасыз 
етілген – аса ірі шетелдік компаниялармен 
және Thomson Reuters, Springer, Elsevier 
баспаларымен лицензиялар мен келісімдерге 
қол қойылған. Қазақстандық ғалымдардың 
халықаралық рейтингтік басылымдарда 
жарияланымдылық белсенділігі айтарлықтай 
арта түсуде. 2014 жылы импакт-факторы 
жоғары халықаралық журналдарда 2 784 
ғылыми мақалалар жарияланып, 2011 жылмен 
салыстырғанда 3 есеге (894) артты.
2014 жылы гранттық қаржыландыру бойынша 
1527 жоба және бағдарламалық мақсатты 
қаржыландыру бойынша 45 ғылыми-
техникалық бағдарлама аяқталды. 1527 
ғылыми жобаның 927-сі іргелі зерттеулерге, 
600-і – қолданбалы зерттеулерге арналды. 
2014 жылдың қорытындысы бойынша, 
1405 қорғау құжаттары (патенттер мен 
предпатенттер) алынды, 118 жобаның 
нәтижелері нақты өндіріске енгізілді. 
«Технологияларды коммерцияландыру» 
жобасы аясында Дүниежүзілік банкпен 
бірлесе 65 ғылыми жоба іске асырылуда
Назарбаев университеті мен Инновациялық 
технологиялар паркінің базасында 
интеллектуалдық кластерлер құрылуда. 
Солай бола тұрса да, ғылым мен білімнің 
арасындағы алшақтық сақталып отыр, 
соның салдарынан ғылыми нәтижелер 
білім саласында жинақталмауда. Ғылыми 
ұйымдар мен ЖОО-лардың ғылыми-зерттеу 
инфрақұрылымдарының материалдық-
техникалық жарақтандырылуы өте төмен 
деңгейде қалып отыр. 
Ғылыми кәсіпкерлік нашар дамыған. Ғылыми-
техникалық қызметтің нәтижелерін бизнес 
қабылдамай отыр және кәсіпорындар 
өндірістік үдерісте өте аз қолданады. 
Ғалымдардың өздерінің ғылыми нәтижелерін 
ықтимал сату нарығы жөніндегі ақпараттық 
хабардарлығы төмен. Іргелі білімнен 
оларды тәжірибеде іске асыруға өтуді 
қамтамасыз етуге қабілетсіздік қоғамдық 
және экономикалық жағынан алғанда, 
ғылыми еңбек нәтижелерінің құндылығын 
айтарлықтай төмендетеді. 
45 жасқа дейінгі ғылыми дәрежесі бар 
кадрлар саны барған сайын азайып 
барады. Ғылыми дәрежесі бар жас ғылыми 
кадрлардың уәждемелік және аттестациялық 
жүйесі нашар дамыған. 
Тәуелсіз сарапшылық қауымдастықтар 
ретінде іске тартуға болатын ғылыми 
қызметкерлердің, инженерлер мен 
ғалымдардың кәсіби қоғамдары дамымаған. 
Ғылыми-техникалық қаржыландырудың 
мемлекеттік басымдықтары көп жағдайда 
индустрияның қатысуынсыз қалыптасады. 
Ғылыми зерттеулердің іске асырылуының 
мониторингтік жүйесі жоқ. 
Қазақстан үшін халықаралық ғылыми 
ынтымақтастықты дамытудың негізгі 
мәселелерінің бірі – халықаралық ғылыми 
жобаларды әкімшілдендіру мен бақылауды 
жүзеге асыратын бірыңғай оператордың 
болмауы. 
Қазақстан Республикасы экономикасының 
басым секторларының мұқтаждықтарын 
шешуге қабілетті ҒЗТКЖ-ның озық деңгейіне 
қол жеткізу мақсатында, алдағы уақытта 
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
110
қызметті ұйымдастыру ісін жетілдіру қажет. 
Бұл үшін келесі бағыттағы жұмыстарды жүргізу 
керек:
1) 
ғылым мен технологиялық даму 
саласындағы стратегиялық жоспарлауды 
жүйелендіру, нәтижелері еліміздің ғылыми-
технологиялық саясатындағы салмақталған 
шешімдерді қабылдауға нақты негіз 
болуы тиіс жүйелік және форсайттық 
зерттеулерді жүргізу, ғылым бойынша ұлттық 
баяндамаларды дайындау;
2)
 салалық мемлекеттік органдармен 
ғылыми ұйымдарға ғылыми зерттеулер 
мен технологияларға, соның ішінде 
гранттық және бағдарламалық-мақсатты 
қаржыландыру аясында сұраныс (ғылыми-
тәжірибелік міндеттер) қалыптастыру 
жөніндегі үйлестіруші рөлін жүктей отырып, 
солар арқылы ғылымның өндіріспен өзара 
қарым-қатынасын қамтамасыз ету. Мысалы, 
МИИДБ қажеттіліктеріне бағытталған ғылыми 
жобалар мен бағдарламаларды жасау мен 
жүзеге асырудың және ҚР ИДМ мен БҒМ 
құзыретіне нақты бөліп беру жолымен оларды 
коммерцияландырудың тәжірибелік жүйесінің 
жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3)
 шешім қабылдау және мүдделерді қорғау 
кезінде біліксіздікті болдырмауға мүмкіндік 
беретін ұлттық ғылыми кеңестердің қалыптасу 
және жұмыс істеу жүйесін жетілдіру, ҰҒК 
мүшелерінің қабылданған шешім үшін 
жауапкершілігін арттыру қажет;
4)
 ғылыми жобалар мен бағдарламаларға 
сараптама жасау жүйесін жетілдіру;
5)
 жүргізілетін ғылыми, ғылыми-техникалық 
және инновациялық жобалар мен 
бағдарламалардың нәтижелілігін бағалау мен 
іске асырылу барысының мониторинг жүйесін 
және жаңа саясатын әзірлеу;
6) 
Қазақстан Республикасының Ғылым 
академиясы мен ғылым саласындағы 
өкілетті органның (немесе салалық өкілетті 
органдардың) басқа да салалық академиялар 
мен кәсіби ғылыми қауымдастықтармен 
арадағы ғылыми және (немесе) ғылыми-
техникалық қызметтің жаңа тәсілдерін дамыту;
7)
 ғылыми дәрежесі бар ғылыми кадрларды 
даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі 
шараларды қабылдау, «докторPhD – 
қауымдастырылған профессор – профессор» 
тізбегі бойынша ғылыми кадрлардың 
уәждемелік және аттестациялық ықпалды 
жүйесін жөнге келтіру;
8)
 Мемлекет басшысының ғылыми және 
(немесе) ғылыми-техникалық қызмет 
нәтижелерін коммерциялық мақсатта 
пайдалануды ынталандыруға, жеке 
кәсіпкерлік нысандардың ғылыми-зерттеу, 
тәжірибелік-конструкторлық және енгізбелік 
жұмыстарды қаржыландыру үлесін арттыруға 
бағытталған ҚР «Ғылыми және (немесе) 
ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін 
коммерцияландыру туралы» Заңын қабылдау 
туралы тапсырмасы дер кезінде тапсырылған 
болып табылады;
9)
 Зияткерлік-инновациялық кластерлер: 
Назарбаев Университеті «Астана бизнес 
кампус» ғылыми паркі және Инновациялық 
технологиялар паркімен Ұлттық инновациялық 
жүйені дамытудың өзегі және ғылымды қажет 
ететін экономиканы қалыптасырудың негізіне 
айналады. Назарбаев Университетінің «Астана 
бизнес кампусында» халықаралық деңгейдегі 
ғылыми орталықтар мен зертханалар 
орналастырылатын болады. «Астана бизнес 
кампусты» құрудағы мақсат – инновацияны 
тудыру (генерациялау) және қазақстандық 
бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 
шетелдік және қазақстандық компанияларды, 
ғылымды қажет ететін шағын және орта 
бизнесті, еншілес қорларды, ғалымдарды, 
бизнесмендерді, қаржыгерлер мен 
студенттерді бір жерге шоғырландыру болып 
табылады;
10)
 мемлекет саясатын жоспарлау 
шараларын аппробациялау және алғашқы 
кездегі қоғамның өзекті мәселелерінің 
диагностикасы ретінде әлеуметтік-қоғамдық 
және гуманитарлық ғылымдар саласындағы 
ғылыми зерттеулерді жүргізуге мемлекеттік 
тапсырыстың тиімді тетігін пысықтау;
11)
 100 нақты қадам «Баршаға ортақ заманауи 
мемлекет» Ұлт жоспары шеңберінде «Мәңгілік 
Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру бойынша 
пәнаралық зерттеу бағдарламасын әзірлеу;
12)
 ғылымды материалдық-техникалық дамыту 
жөніндегі шараларды қабылдау, яғни 10 
базалық ЖОО-ны дамытумен қатар, ұжымдық 
пайдаланудағы, салалық ҒЗИ-дің, ғылыми 
парктердің, технопарктердің және басқа 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
111
да инновациялық бөлімшелердің 20 ұлттық 
және инженерлік зертханаларының ғылыми-
техникалық әлеуетін дамытуға көңіл бөлу 
қажет;
13)
 ғылыми институттар мен орталықтарды 
Қазақстан ғылымының жаңа міндеттеріне, 
ғылымның даму қарқыны мен оның әлемдегі 
тәжірибелік қосымшасына сәйкес, сондай-ақ 
пәнаралық және мультитәртіптік сипаттағы 
қолданбалы зерттеулерді ескере отырып, 
мақсатты түрде жаңғырту; 
14)
 АТК – әлемдік тәжірибені қолдана 
отырып, отандық ғылым инфрақұрылымын 
дамытуға айрықша көңіл бөлу, атап айтқанда, 
мамандандырылған платформаларды қолдана 
отырып салалық зерттеулерді жүргізуді 
қамтамасыз ету үшін барлық ғылыми ұйымдар 
мен ғалымдар қосылған суперкомпьютерлер 
желісін құру. Сондай-ақ тұрақты негізде 
зерттеушілерді суперкомпьютерлермен жұмыс 
істеуге және ең жаңа үлгідегі ИТ-аспаптарды 
пайдалануға үйрету қажет;
15)
 нанотехнологияларды, биотехнологияларды, 
ақпараттық технологияларды және когнитивтік 
ғылымдарды дамыту жөніндегі ықпалды 
шараларды қабылдау. Әлемде технологиялар 
конвергенциясы үдерістерінің дамуы жиі 
байқалуда, жаңа NBIC-конвергенция бағыты 
туындауда (N — нано; B — био; I — инфо; 
C — когно). Бұл нано-, био-, когнитивтік 
және ақпараттық технологиялардың өзара 
интеграциялық үдерісі;
16) 
қазақстандық ғылымның іс жүзінде, 
соның ішінде Ғылыми-техникалық 
ынтымақтастық туралы Келісім негізінде 
шетелдік мемлекеттермен жасалған 
халықаралық серіктестік ғылыми-техникалық 
бағдарлама негізінде ғылыми зерттеулер мен 
зерттемелердің әлемдік деңгейге шығуын 
қамтамасыз ету. Қазақстанда ғылыми-
техникалық бағдарламалар мен жобаларды 
іске асыру үшін табысты шетелдік ғалымдарды, 
соның ішінде отандастарымызды тарту 
механизмдерін дамыту;
17)
 EXPO-2017 Халықаралық 
мамандандырылған көрмесіне қатыстыру 
үшін зерттеулер мен экспонаттардың жоғары 
деңгейін қамтамасыз ету.
Қабылданған жүйелік шараларды іске асыру 
үшін ғылымды қаржыландыру құрылымында 
едәуір өзгерістер күтіліп отыр. Егер 2014жылы 
ТКЗ-ге жұмсалған ішкі шығындар жалпы 
көлемінің 19,1%-ын құраса, бұл ретте іргелі 
зерттеулерге – 23%, қолданбалы – 57,9% болса, 
онда болжамдық талдау көрсеткендей, 2030 
жылға қарай ТКЗ шығындарын 30,8%-ға (іргелі 
– 25,4%, қолданбалы – 43,8%), ал ұзақмерзімді 
болашақта, 2050 жылы – 50%-ға жеткізуге 
болады. Ғылымды қаржыландырудың жалпы 
көлемі 2050 жылы ІЖӨ-нің 3%-ын құрайды, 
бұл ретте бюджеттен тыс қаражаттың үлесі 
(бизнестің үлесі) 60% және одан да жоғары өсуі 
тиіс.
 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
112
10. ӘДЕБИЕТТЕР
1. 
Қазақстан Республикасының Президенті 
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына 
Жолдауы: Қазақстанжолы – 2050: Бірмақсат, 
бірмүдде, бірболашақ. Астана, 17 қаңтар 2014 ж. 
2. 
Қазақстан Республикасының 2020 жылға 
дейінгі Стратегиялық даму жоспары: ҚР 
Президентінің 1.02.2010 ж. № 922 Жарлығы. 
3.
 Қазақстан Республикасының Президенті 
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқын 
Жолдауы: НұрлыЖол – болашаққа бастар жол. 
Астана,11 қараша 2014 ж. 
4.
 Ұлт жоспары – 100 нақты қадам баршаға 
арналған қазіргі заманғы мемлекет. Мемлекет 
басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес 
институционалдық реформасын жүзеге 
асырудың 100 қадамы. Астана, 25 мамыр 2015 ж. 
5.
 Қазақстан Республикасында білім беруді 
дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы: ҚР Президентінің 
7.12.2010ж. №1118 Жарлығы. 
6. 
Қазақстан Республикасындағы ғылыми-
техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика 
министрлігі Статистика комитеті, 2015ж. 
7.
 Л.М. Гохберг, Г.С. Сагиева. Ресей ғылымы: 
библиометрикалық индикаторлар // Форсайт. 
2007. №1(1). 44-53 б.
8. 
М.Н. Коцемир. Ресей және әлем ғылымының 
халықаралық жарияланымдардағы аралық әсер 
динамикасы. // Форсайт. 2012. Т. 6. № 1. 38-59 б.
9. 
Тау-кен өндірісін ғылыми-техникалық 
қамтамасыз ету: Д.А.Қонаев атындағы ТКІИ 
еңбектер жинағы, -Алматы, 2012.- Т. 82. – 184 б. 
10. 
Тау-кен өндірісін ғылыми-техникалық 
қамтамасыз ету: Д.А.Қонаев атындағыТКІИ 
еңбектер жинағы, Алматы, 2013. - Т. 84. – 228 б. 
11.
 Тау-кен өндірісін ғылыми-техникалық 
қамтамасыз ету: Д.А.Қонаев атындағы ТКІИ 
еңбектер жинағы, -  Алматы, 2014. т.86. – 348 б. 
12. 
«ШҒЗТКМИтүсмет» еңбектер жинағы: «Тау-
кен металлургия өндірісі тиімділігін арттыру 
саласындағы ғылыми зерттемелер» - Өскемен, 
2013. – 173 Ж.  
13. 
А.И. Ананин, Е.Н. Ковтун.Дон тау-кен байыту 
комбинатының Первомайск кен орнындағы 
қалау жұмыстарының ресурсты үнемдеу 
технологиясы // ҚР тау-кен металлургиялық 
кешенін дамыту бағдарламасына 
ШҒЗТКМИтүсметтің үлесі: «ШҒЗТКМИтүсмет» 
еңбектер жинағы– Өскемен, 2014. – 13-16 б. 
14.
 Түсупбаев Н.К., Сулаквелидзе Н.В., Ержанова 
Ж.А., Арабаев Р.А., Билялова С.М., Мұқанова 
А.А., Әкімбаева Н.О. Алтынды кен орындарын 
флотациялау кезінде тиімді жинауды қолдану // 
ҚазҰЖҒА хабаршысы. - 2013. - №3 -34-37 б.
15.
 15.03.2012 ж. 25568 ҚР инновациялық  патенті. 
Алтын-мышякты шикізатты қайта өңдеу әдісі / 
Қожахметов С.М., Бектұрғанов Н.С., Квятковский 
С.А.
16.
 Храпунов В.Н., Требухов С.А., Марки И.А., 
Төлеутай Ф.Х., Требухов А.А. Вакуумдық әдіспен 
күкіртқышқылы өндірісіндегі шламнан селенді 
алу // Минералды шикізатты кешенді пайдалану.- 
2014. - №4.
17.
 Загородняя А.Н., Абишева З.С., Шарипова 
А.С., Садықанова С.Э., Сапуков И.А., Аманжолова 
Л.У. Рений мен осмийді алу үшін айнымалы 
аммиакты технологиялық ерітінділерін дайындау 
// Химиялық технология. - 2014. - № 1. - 34-42 б. 
18.
 Загородняя А.Н., Абишева З.С., Шарипова А.С., 
Садықанова С. Э. Мыс шихтасын қайта өңдеуде 
металлургиялық газдардан шаюдан қалған 
қышқыл ағын сулардан аммоний перренатын алу 
// Минералды шикізатты кешенді пайдалану. - 
2014. - № 2. - 57–63 б.
19.
 Бочевская Е.Г., Абишева З.С., Загородняя А.Н., 
Айтқалиев Т.Н., Жұмабеков Ж.Ж., Саргелова 
Э.А. Түрлі реагенттерді қолдану арқылы мыс 
өндірісіндегі ағын сулардан осмий мен ренийді 
тұндыру // Минералды шикізатты кешенді 
пайдалану. - 2014. - № 1. - С.15–20. 
20.
 Бочевская Е.Г., Загородняя А.Н., Абишева 
З.С., Айтқалиев Т.Н., Жұмабеков Ж.Ж. Мыс 
өндірісіндегі ағын сулардан осмийді сорбциялық 
жолмен алу // Минералды шикізатты кешенді 
пайдалану. - 2014. - № 2. - 44–50 б. 
21.
 Бектұрғанов Н.С., Мылтықбаева Л.А., 
Абдулвалиев Р.А., Тастанов Е.А. Қазақстанда жаңа 
глинозем өндірісін құру / Минералды шикізатты 
кешенді пайдалану2014. № 2. 12-14 б. 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
113
22. 
Е.А. Тастанов, Р.А. Абдулвалиев, С.В. Гладышев, 
К.О. Бейсембекова, Л.А. Мылтықбаева. 
Қазақстандағы глинозем өндірісінің шикізатын 
базасын кеңейту//ҚазҰЖҒА хабаршысы. - 2014. - 
№ 4.
23. 
Қазақстан Республикасы минералды 
шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық 
орталығының еңбектері // А.А.Жарменовтың, 
А.Ж.Терликбаеваның, С.В.Ефремованың 
редакторлығымен - Алматы, 2013. – 656 б. 
24.
 Zharmenov A.A., Ushakov N.N., Shumskiy V.A. 
Application of KIVCET process in industrial produc-
tion / Proceedings of the 18th International Con-
ference on Non-Ferrous Minerals & Metals - 2014. 
- Nagpur, India, July 11-12, 2014. - P. Int 7/1-7/10.
25. 
Mekhtiev, A.D.; Tolymbekov, M.J.; Kim, A.V.; et 
al. Silicon production using long flaming coal and 
improvement of its quality indicators // Metalurgija. 
– Volume 53. – Issue 4. – P. 56.
26. 
Ақпараттық және коммуникациялық 
технологиялар Секторы,  маркетингтік шолу, 
«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» 
АҚ, 2014 
27. 
1http://www.tcs.com/SiteCollectionDocuments/
White-Papers/3rd-Platform-Enabling-Digital-Trans-
formation.pdf.».
28. 
Қазақстан Республикасындағы ғылыми-
техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: 
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 
2014ж.
29. 
Қазақстан Республикасындағы ғылыми-
техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика 
министрлігі Статистика комитеті, 2015ж.
30.
 2014 жылғы диссертациялық кеңес 
жұмысының нәтижесі: мәселелер және 
перспективалар //http://edu.gov.kz
31.
 Қазақстан Республикасындағы ғылыми-
техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: 
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 
2014ж.
32.
 Қазақстан Республикасындағы ғылыми-
техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика 
министрлігі Статистика комитеті, 2015ж.
33
. http://www.rdmag.com/articles/2012/12/asia-
drives-growth-2013-global-r-d12
34. 
70. Қазақстан Республикасының «Ғылым 
туралы» Заңы 2011 жыл 18 ақпан N 407-IV
35. 
 Қазақстан Республикасының негізгі қорлары 
// Стат. бюлл. – Астана: Қазақстан Республикасы 
Статистика агенттігі, 2013ж.
36.
 Қазақстан Республикасындағы ғылыми-
техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: 
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 
2011ж.
37.
 Қазақстан Республикасындағы ғылыми-
техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: 
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 
2012ж.
38. 
Қазақстан Республикасындағы ғылыми-
техникалық қызмет // Стат. бюлл. – Астана: 
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 
2013ж.
39.
 Қазақстан Республикасындағы 
кәсіпорындардың инновациялық қызметі 
туралы 2013ж. // Стат. бюлл. - Астана: Қазақстан 
Республикасы Статистика агенттігі, 2013 ж.
40. 
«Ғылым мен технологиялар саласындағы 
жүйелік талдау және болжау» жобасы 
«Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық 
сараптама орталығы» АҚ Астана. - 2014.
 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
114
11.ГЛОССАРИЙ
АККРЕЦИЯ
 – 
процесс падения вещества 
на космическое тело из окружающего 
пространства.
АККРЕЦИЯ
 – қоршаған кеңестіктен дүниелік 
нәрсеге зат түсу үдерісі.
АМНИОИНФУЗИЯ
–амниоцентез арқылы 
УДЗ бақылауымен амнион қуысына дәрі-
дәрмекті енгізу.
АНТИГРАВИТАЦИЯ
 - гравитациялық 
итерумен гравитациялық тартылысты толық 
өшіргенше дейін немесе түге арттырғанша 
дейін қарсы әрекет .
ГБЯ
 – галактиканың белсенді ядролары.
ДЕКРЕКТЕР БАНКІ
 – бір немесе бірнеше 
деректер қорларынан және оларда 
ақпаратты сақтау, өңдеу және іздеу 
жүйесінен тұратын автоматтандырылған 
ақпараттық-іздеу жүйесі (ГОСТ 7.73-96).
БАРОТРОПТЫҚ
–тек бір параметрден 
сұйықтықтағы тығыздықтықтың таратылуы 
тәуелділігі. 
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ СІЛТЕМЕ
 – құжатты 
сәйкестендіруге және іздеуге қажетті 
айтылған, қарастырылатын немесе аталған 
құжат туралы библиографиялық мәліметтер 
жиынтығы.
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАУ
 – құжатты 
біркелкі сәйкестендіретін және құжат 
авторының аты-жөнін, оның атауын, 
шығыс деректерден және кейбір басқа 
мәліметтерден (көлем, тіл және т.б.) міндетті 
түрде тұратын библиографиялық мәліметтер 
жиынтығы
БИБЛИОМЕТРИЯ 
– ғылыми құжаттар ағынын 
зерделеудің сандық әдістер кешені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет