Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№


ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата03.03.2017
өлшемі4,9 Mb.
#7250
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
Инновациялық технологияларды коммерциалау – инновациялық өнімді немесе технологияны нарыққа 
шығарудың негізгі тетігі, яғни ғылыми идеяны нарық өніміне қайта құрудың қиын көпкезеңді үдерісі. 
Әлем  тәжірибесі,  экономикалық  өсімнің  жоғары  қарқындарын  технологияларды  коммерциялаудың 
тиімді жүйесін құрған елдер ғана жететінін көрсетті. 
Қазақстанда инновацияларды дамыту үшін жаңа қарқын Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-
инновациялық дамыту бойынша 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) 
Кесте 7.4 - Финляндия тәжірибесі  

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
73
іске асыру басталуымен берілді. Осы кезеңде ұлттық инновациялық жүйенің бекімді институционалдық 
негіз құрылды, инновациялар мен жаңа технологиялар әзірлеуін және енгізуін ынталандыратын қажетті 
заңнама базасы («Индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «Ғылым туралы» 
ҚР Заңдары) құрылды, дамыту институттары сапалы түрде қайта құрастырылған. Инновациялық қызметті 
қолдаудың  құралдары  енгізіліп,  сынақтан  өткізілген  (инновациялық  гранттар,  технологиялық  бизнес-
инкубациялау қызметтері, салалық конструкторлық бюролар, ҚР БҒМ және Дүниежүзілік банктің гранттық 
қаржыландыруы және т.б.).
ҚР БҒМ және Дүниежүзілік банкпен ұсынылған гранттық қаржыландыру шеңберінде 6 компанияның 10 
жобасы бірінші сатулар деңгейіне шықты. Іс жүзінде, нарыққа Қазақстанда өндірілген өнімдер ұсынылған. 
Мәселең,  Ядролық  физика  институтының  ғылыми  қызметкерлерінің  тобымен  құрылған  «ҚазТрек 
Технолоджи» ЖШС суды тазарту үшін мембраналық сүзгілердің аз сериялық өндірісін ұйымдастырды 
және мүдделі коммерциялық компанияны серіктестікке тартты. 
«GENERAL GENETICS»
 ЖШС (Биотехнологиялардың ұлттық орталығы) әзірленген тест-жүйелердің негізінде 
жүрек-қан  тамырларының  ауруларымен  пациенттер  үшін  варфарин  мен  плавикс  сияқты  емдеу  дәрі-
дәрмектердің  оңтайлы  жеке  мөлшерлемесін  анықтау  бойынша  қызметтерді  Ұлттық  кардиологиялық 
орталыққа көрсетті.  
«AIMLAB»  ЖШС
  (әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  физикалық-химиялық  талдау  әдістерінің  орталығы)  бір 
жылда  200  тонна  көлемімен  техникалық  көміртектің  тәжірибелік-өнеркәсіптік  өндірісін  іске  қосты. 
Осы компанияда дайын өнімді жеткізуге коммерциялық келісімшарт бар және өндірісті ауқымдау үшін 
ынтымақтасу мүмкіндіктерін қарастырады. 
«UNILINE GROUP»
 ЖШС (Информатика және басқару мәселелерінің институты) қазақ тілін жинақтау және 
тану жүйесін дамыту бойынша жобаны әзірледі және  мәтінді тілге қайта құру бойынша бағдарламалық 
қамтамасыз етудің сатылымын жіберді. 
«АСПАНТАУ»
 ЖШС бетон қасиеттерін жақсарту үшін отандық супер пластификаторларды әзірлеп шығарды 
және коммерциялық негізде бірнеше компанияларға ұсынды. Зертханада шығарылған заттың химиялық 
формуласы нәтижесінде, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс шарттарында бетонға қосынды ретінде нақты 
өнімге іске асырылды және қазір шетелдік өндірушілердің ұқсас өнімін отандық нарықта ауыстыру үшін 
өндірісті ауқымдау туралы сөз қозғалды. 
 «АНТИГЕН» 
ғылыми-өндірістік кәсіпорны қымыз пен шұбат үшін стартерлердің аз сериялық өндірісін іске 
қосуда, кейінгіде оларды сүт өндірушілеріне сатады. 
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – ҚР ИДМ) соңғы 5 жыл ішінде (2010-2014 ж.) 4 000 
инновациялық әзірлемелер мен жобаларды сәйкестендіре алды, олардың ішінен шамамен 600-ін іске 
асыруда тәжірибелік көмек 13 млрд теңге жалпы сомаға көрсетілді.
Мәселең, инновациялық гранттар бойынша 1 400 аса сұраным өңделді, олардың ішінде 2010 жылдан 
бастап осы кезеңде 248 инновациялық жоба бойынша шамамен 9,8 млрд. теңге жалпы сомаға грант 
ұсынылды.  2014  жылғы  31  желтоқсанға  дейінгі  жағдай  бойынша  мониторингілеу  барысында  грант 
алушыларымен  ұсынылған  ақпаратына  сай  –  1  132  жұмыс  орны  ашылған,  оның  ішінде  441  тұрақты 
және 691 уақытша жұмыс орны. Грант алушылары 930,3 млн теңге салық төледі, 33,3, млрд. теңгеге өнім 
шығарды. 2013 жылы грантар ұсыну нәтижелері бойынша инновациялық гранттарға бөлінген мемлекеттік 
қаражаттың 1 теңгеге 3,40 теңге жекеменшік инвестициялар тартылды. Грант алушыларының ақпараты 
бойынша  инновациялық  гранттарды  іске  асыру  кезеңінде  83  инновациялық  патент  алынды,  4  тауар 
белгісі тіркелді және 28 сұраным күзет құжаттарын алуға берілді. 
Инновациялық инфрақұрылым белсенді дамуды жалғастырды. Қазақстанда 4 салалық конструкторлық 
бюро (көлік және ауылшаруашылық машинақұрылысы, тау-металлды және мұнайгаз жабдық) әрекет 
етеді,  олар  отандық  кәсіпорындарға  жаңа  және  жетілдірілген  өнім  өндірісін  ұйымдастыруда  қолдау 
көрсетеді. 2015 жылдың басына төрт ОКБ құру сәтінен бастап кәспорындар мүддесінде 72 жиынтық және  
техникалық құжаттамасының 560 кешені әзірленді. Кәсіпорындар тапсырылған техникалық құжаттаманы 
пайдаланумен әзірленген 168 өнімнің тәжірибелік үлгісін сынақтан өткізді, 139 өнім атауы сертификаттады. 
Жоғарыда аталған конструкторлық бюро қатысуымен игерілген өнімді отандық кәсіпорындармен сату 
көлемі  6,2 млрд. теңгеге жетті.
Оңтүстік  Корея,  Франция,  Норвегия,  АҚШ  және  Қытаймен  бірге  технологиялар  трасфертінің  5 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
74
5
4
3
2
1

2003
2004
2005
2006
2007
 
 
 
9
8
7
6
 
 
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2,1
2,3
3,4
4,84
,8
4,04
,0
5,2
7,1
7,6
8,0
8,1
2.5
2
1.5
1
0.5

2003
2004
2005
2006
2007
 
 
 
4
3.5
3
 
 
2008
2009
2010
2011
2012
2013
0,2
0,28
0,42
0,99
1,46
2,25
1,8
2,1
2,6
3,5
3,07
Жалпы, ҮИИДМБ іске асыру сәтінен бастап елде инновациялар дамуының негізгі көрсеткіштерінің оң 
қарқыны  байқалады.  Мәселең,  2014  жылдың  қорытындылары  бойынша  өткізілген  реформалардың 
нәтижесінде  инновациялық  белсенді  кәсіпорындар  үлесінің  өсімі  байқалады  8,1%  дейін  немесе  2009 
жылғы деңгейіне қарай 2 есе рет. 
Инновациялық өнімнің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда (82,6 млн. теңге) 7 есе ерет ұлғайды және 
2014 жылда 580,386 млн. теңге құрады. 
Дүниежүзілік банктің ресми статистикасына сәйкес 2013 жылда барлық әлем көлемінен Қазақстанның 
жоғары технологиялық өнімінің экспорт үлесі 0,15% құрады, сонда 2009 жылы осы көрсеткіш 0,09% тең 
болды. 
Инновациялық белсенді 
кәсіпорындардың бөлігі, %
Жоғары технологиялық өнімдердің 
экспорт көлемі, млрд. долл.
Дереккөз: ҚР статистика комитеті
Дереккөз: Дүниежүзілік банк, www.
worldbank.org
халықаралық  орталығы  құрылып,  қызмет  етеді,  мұнда  кез  келген  кәсіпорын  технологияларды, 
серіктестерді іздеу бойынша қызметтерді және жобаларды іске асырғанда басқа қолдауды алуға мүмкін.  
ҒЗИ және ЖОО базасында коммерциялаудың 21 кеңсесі құрылды, олар 95,6 млн теңге жалпы сомаға 
әзіремелер тұжырымдамаларының 122 негіздемені әзірледі, оның ішінен 55 жоба кейінгі технологиялар 
коммерциялауына таңдалды. 
«Инновациялық  технологиялар  паркі»  АЭА  бірінші  кезегінің  аумағында  «Алатау»  технопаркі»  ЖШС 
еншілес ұйымы әрекет етеді. Бүгінгі таңда «ИТП»АЭА қатысушыларының жалпы саны 158 компанияларды 
құрайды. «ИТП» АЭА барлық қатысушыларының жобаларының жалпы құны 46,5 млрд. теңгеден асады. 
«ИТП» АЭА қатысушыларының жалпы санынан 68% өз қызметін ІТ индустрия саласында, 14% жоғары 
технологиялық өнім және телекоммуникациялық құрылғыларды өндіру саласында жүзеге асырады, 10% 
зерттеу және білім беру қызметімен айналысады, қалған 8% басқа қызмет түрлерін жүзеге асырады. 
ИДМ  «Технологиялық  дамытудың  ұлттық  агенттігі»  АҚ  бірге  2014  жылы  форсайттық  зерттеулер 
шеңберінде, отандық ғалымдардың әлеуетін пайдалануын есепке алумен, ең жақын 5 жылға бизнестің 
технологиялық  міндеттерін  анықтауды  жүргізді.  Осы  жұмыс  ҚР  Кәсіпкерлердің  ұлттық  палатасының, 
салалық бизнес-қауымдастықтардың, ғылыми шеңберлер өкілдерінің белсенді қатысуымен жүргізілді, 
бұл 170 аса технологиялық міндеттерді анықтауға көмектесті, олардың шешіміне инновациялық қызметті 
мемлекеттік қолдау шаралары жіберіледі.

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
75
Дүниежүзілік Экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі (ДЭФ БЖИ) 
халықаралық рейтингіне сәйкес Қазақстан бүгін әлемнің бәсекеге қабілетті 144 ел арасында 50-нші 
орынға ие болып, орнын елеулі бекітті. 
Ел Аргентина, Бразилия, Хорватия, Малайзия, Ресей Федерациясы, Түркия және басқа сондай елдерімен 
бірге «басқару тиімділігі» мен «инновациялармен» қозғалатын мемлекеттер арасында орналасты.
2010 жылға қарай  «Инновациялар» факторы бойынша Қазақстан орындарының 16 пунктке (85 орын) 
жақсаруы байқалады, сондай-ақ «Технологиялық дайындық» факторы бойынша 21 пунктке (61 орын). 
НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР КЕСІМІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУ ДИНАМИКАСЫ
Жалпы, ДЭФ БЖИ технологиялық және инновациялық дамуының факторларын талдау салыстырмалы 
қысқа уақыт аралығында көрсеткіштердің көбінде түге тұрақты оң беталыстар байқалатынын көрсетті. 
20
14
20
13
20
12
20
11
20
10
20
09
20
08
20
07
20
06
20
05
100%
80%
60%
40%
20%
51
56
61
66
67
72
72
51
50
50

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
76
ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША ҚОСАЛҚЫ ФАКТОРЛАР КЕСІМІНДЕ ҚАЗАҚСТАН 
ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУ ДИНАМИКАСЫ
« НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ» 
АҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРЫ
В настоящее время благодаря активному 
внедрению передового международного 
Қазіргі кезде озат халықаралық тәжірибені 
енгізу және Елбасының тұрақты қолдауы 
арқасында «Назарбаев университеті» АҚ 
білім беру мен ғылым жүйесінің озаты болды. 
Ғылым дамуына елеулі үлесті университеттің 
ғылыми орталықтары енгізеді. 
 «Nazarbayev University Research and Inno-
vation System» жекеменшік мекемесі (бұдан 
әрі- NURIS) 
NURIS құрамына Энергетикалық зерттеулер 
орталығы (ЭЗО) және Тәртіпаралық құрал 
орталығы (ТҚО) кіреді, олар қәзіргі кезде 
әртүрлі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын орындайтын NURIS-тің екі бас 
ғылыми орталығы болып табылады. 
 2014 жылы NURIS-те гранттық және 
бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру 
шеңберінде 61 жоба бойынша ғылыми-
зерттеу жұмыстары және Дүниежүзілік 
банктің коммерциялау жобасы жүргізілді. 
Олардың арасында жаңа биопрепараттар 
әзірлеу және регенерациялық медицина; 
туберкулезді анықтау үшін биосенсорларды, 
инфекциялық агенттер мен рак биологиясы, 
ақуыздардың экспрессиясы; сондай-ақ 
остео-артикуляциялық аурудың модельдері 
мен механизмдері бойынша зерттеулер 
нәтижелерін атап өту қажет. 
2014 жылы халықаралық рецензиялатын 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
77
журналдарда, халықаралық 
конференциялардың жинақтамаларында 
– 40 ғылыми мақала, оның ішінде We-
bofKnowledge, ScienceDirectжәнеSpringer 
индекстелетін журналдарында 15 жариялым 
шықты. Өнертабысқа 3 патент алынды, 6-уы 
берілді. 
Ғылыми жобаларды іске асыруда NURIS 
22 шетелдік және 7 қазақстандық ғылыми 
және білім беретін мекемелермен 
ынтамақтасады, оның ішінде Пердью 
Университеті, АҚШ; ПитсбургУниверситеті, 
АҚШ; Техас Университеті, АҚШ; 
Айова штатының университеті, АҚШ; 
Арканзасштатының университеті, АҚШ; 
Нью-Йоркштатының университеті, АҚШ; 
Квинсленд университеті, Австралия; 
Ғылымдар және технологиялар институты, 
Австрия; Нагойи Технологиялар институты, 
Жапония; Витватерсранд университеті, 
ОАР; Токионың Технологиялық институты, 
Жапония;  Измир Технологиялық институты, 
Түркия;  Лондонның Университеттік 
колледжі, Ұлыбритания; Бұзылмайтын 
бағалау зерттеулерінің орталығы, Австрия;  
Лоуренс атындағы Берклидегі ұлттық 
зертхана, АҚШ;  Техас ауылшаруашылық және 
инженерлік университет, АҚШ;  Сэнфорд-
Бернам Биомедициналық зерттеу институты, 
АҚШ;  Мичиганштатының университеті, 
АҚШ; Инженерия, есептеуіш техника және 
суреттерді өңдеу зертханасы, Франция; 
Пулков астрономиялық обсерватория РҒА СБ, 
Ресей;  С.Л. Соболев атындағы математика 
институты, РҒА СБ, Ресей; Жылуфизика 
институты,РҒА СБ, Новосібір, Ресей және 
басқалар.
«Өмір туралы ғылымдар орталығы» 
жекеменшік мекемесі 
«Өмір туралы ғылымдар орталығы» ЖМ 
(бұдан әрі – ӨҒО) Денсаулық сақтаудың 
ықпалдасқан академиялық жүйесінің 
Университеттің құрама бөлігі болып 
табылады, оған ӨҒО басқа, Ұлттық 
медициналық холдинг клиникаларын және 
Университеттің медициналық мектебін кіреді. 
ӨҒО құрылымы трансляциялық медицинаны, 
ұзақ өмірді және жалпы денсаулықты 
ұйымдастыру және дамыту департаментінен, 
геномдық және дербестендірілген 
медицинаны ұйымдастыру және дамыту 
департаментінен, регенративтік медицина 
және жасанды органдар департаментінен, 
биоинженерия, жасушалы технологиялар мен 
жасушалы терапия департаментінен тұрады. 
2014 жылы ӨҒО-да 38 жоба бойынша 
ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді, 
нәтижелері бойынша 213 ғылыми мақала 
жарияланды, олардың ішінде 56 мақала 
халықаралық журналдарда және ТМД 
басылымдарында, 13 мақала импакт-факторы 
бар журналдарда, 157 тезис халықаралық, 
республикалық конференцияларда және 
ТМД конференцияларының рецензияланған 
жинақтарында жарияланды. 6 әдістемелік 
құжаттамалар және монография басылып 
шықты. 1 патент, өнертабыстарға 2 оң шешім, 
автор құқықтарын тіркеу туралы 3 куәлік, 3 
автор куәлігі алынды.
2014 жыл бойынша салада сұранысқа ие 
және практикалық денсаулық сақтауда 
ендіруге дайын анағұрлым маңызды 
және үздік ғылыми-зерттеу қызметтерінің 
нәтижелері:
• Адам микробиомасы және ұзақ өмір 
зертханасының ұжымы әзірлеген «НӘР» 
азықтанудың отандық симбиотикалық өнімі
«НӘР» симбиотикалық биопрепаратының 
жоғары пробиотикалық тиімділігі 
клиникаалды және клиникалық зерттеулерде 
дәлелденді.
«НӘР» симбиотикалық био-өнімінің 
тәжірибелі топтамасы «Астана – Өнім» 
сүт комбинатымен өндірілген. «НӘР» 
«Қазақ тағамтану академиясы» ААҚ-да 
сынақтан өтті. Пробиотикалық консорциум 
Ұлттық өнеркәсіптік микроорганизмдер 
коллекциясында депозитке салынды.
Әлдендіру және тыныштандыру әсері 
бар фармобиотикалық препарат - құрғақ 
функционалды өнімдер желісі әзірленді.
 • «БАҺРА» - қазақстандық будандастыру 
жүзімінің полифенолдарының бірегей 
концентраты. Компоненттік құрамы зерттелді, 
цитопротекторлы және антиоксидантты 
әсері дәлелденді, геропротекторлы әлеуеті 
анықталды. 
Қазақстандық будандастырудың Cabernet sau-
vignon сортты жүзімнің полифенолдарының 
концентраты негізінде биологиялық белсенді 
қоспаларын өндіру үшін технологиялық 
регламент әзірленді.
• Туберкулез бойынша Ұлттық ақпараттық 
жүйе (ТҰАЖ) әзірленді.
• Туберкулез жағдайларын болжаудың 
электрондық үлгісі әзірленді және осы 
үлгіні ендіру 2014-2020 жылдарға арналған 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
78
Қазақстан Республикасында туберкулезбен 
күрес бойынша кешенді жоспарда 
қарастырылды.
• 2007-2013 жылдар кезеңінде Қазақстан 
Республикасының халқын туберкулезге 
(демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, 
эпидемиологиялық және экологиялық) 
шалдығуын анықтайтын факторлардың 
интерактивті геоақпараттық базасы жасалды.
• 35% зертханалық жануарлардағы сынық 
кезінде сүйек тіндерін регенерациялау 
деңгейін арттыруға мүмкіндік берген 
мезенхималді бағаналық жасуша және 
түпкі остеофилді полимер негізінде 
остеопорозды емдеу саласы үшін сүйек тінін 
регенерациялауға ынталандырудың жаңа 
әдісі әзірленді.
Зертханалық жануарлардың 
жасушаларының өмір сүрі ұзақтығын 
9 % көбейтетін ресвератрол негізінде 
құрылымдық өзгертілген жаңа кіші 
молекулалар алынды.
• Қазақстандық индивидумдардың 
толық геномдарының және толық 
экзомдарының бірізділігі анықталды
олардың биоақпараттық талдамасы жасалды. 
Түрлі жағдайға генетикалық бейімділігінің 
ерекшелігі анықталды. Қазақстандық 
индивидумдарға тән бірегей генетикалық 
маркерлері айқындалды.
• Жүрек соғысы бұзылған 200 пациентке 
аяқасты болатын жүрек өлімі дамуының 
маркерлеріне генетикалық скринингі 
жүргізілді.
• Жүрек ырғағының бұзылушылықтары бар 
аурулардың hRYR2 генінде жаңа мутациялар 
анықталды. Жүрек-қан тамырлары аурулары 
бар науқастарды емдеуде дербестендірілген 
әдістеме қолданылған.
Алғаш рет Қазақстанда орындалып жатқан 
ғылыми-зерттеу жобаларының шеңберінде 
келесі нәтижелер алынды:
• Туберкулез даму қаупінің генетикалық 
факторлары зерттелді, адамның 
полиморфизді ген бойынша  өкпесінде 
алғаш рет туберкулез табылған зерттеуге 
қатысушылардағы туберкулездің 
дамуымен ассоциативті байланысты 
көрсеткен анағұрлым маңызды гендер мен 
полиморфизмдер табылды.
• M.tuberculosis екі толық геномдардың 
толық бірізділігі анықталды, нәтижелері 
AZBA00000000, AZAZ00000000 (M.tuberculosis 
ID - MTB489 и MTB476) нөмірлі көпшілікке 
қолжетімді халықаралық GenBank NCBI 
деректер базасына қабылданды.
• Қазақ ұлтты тұлғаларда, өңеш ісігімен 
науқастарда 10 толықтранскриптом, 10 
толықэкзом және 5 толық геном  РҒК 
секвенирлеу жүргізілген және өңеш ісігінің 
дамуына қатысатын гендер зерделенген. 
• Қазақстан Республикасында GCP – 
ICH стандарты бойынша халықаралық 
клиникалық зерттеулер жүргізу үшін 
жағдайлар жасалды. Цитафат – бауыр 
патологиясын емдеу үшін жаңа бірегей 
отандық препаратты клиникалық зерттеудің II 
фазасы жүргізілуде.
• Іріңдеп-қабынған ауруларды емдеу үшін 
эритроцитарлы фармакоциттер негізінде 
антибиотиктерді мақсатты жеткізудің 
орфанды технологиясы әзірленді және 
клиникалық практикаға ендірілді.
• Нәресте өлімін азайту үшін инновациялық 
технологияны қолданумен жатыр ішіндегі 
ұрық дамуының кешігуін антенатальді емдеу 
бағдарламасы әзірленді.
• Жүктілікті ұзартуға және жетілмеген 
балалардың өмір сүру көрсеткіштерін 
жақсартуға мүмкіндік беретін өсімпаздық 
денсаулық саласында әдіс әзірленді.
ӨҒО көптеген жетекші әлемдік ғылыми-
зерттеу институттармен ұзақ мерзімді 
серіктес қатынастарды орнатты: Брайтон 
университеті, Ұлыбритания; Оксфорд 
университеті, Ұлыбритания; Мартин Лютер 
университеті, Германия; Кюри институты, 
Франция және Грацк. Медицина университеті, 
Австрия; Regenera Research Group, Италия; 
Вавилов атындағы Мәскеу жалпы генетика 
институты, Ресей;   ГданьМедицина 
университеті, Польша; Ф.М. Достоевский 
атындағы Омбымемлекеттік университеті, 
Ресей; Сеул ұлттық университеті, Оңтүстік 
Корея; Ісіктің ұлттық орталығы, Жапония; 
Хиросима университеті, Жапония; Пекин 
геномика институты, ҚХР; Киото университеті, 
Жапония; RIKEN, Yokohama, Жапония; 
Нагасаки Университеті, Жапония; Mac-

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
79
rogen Inc, Бірлестігі, Жапония; Питтсбург 
университеті, АҚШ, Дюк университеті, 
АҚШ; Колумбия университеті, АҚШ; Ұлттық 
денсаулық институты, АҚШ; Карнеги-Меллон 
университеті, АҚШ; Миссури университеті, 
АҚШ; Биомедициналық информатика 
орталығы, Гарвард медициналық мектебі, 
АҚШ; сондай-ақ AstraZeneca, Sanofi, Hoff-
mann-La Roche, AbbVie компанияларымен 
және т.б.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ 
ДАМУЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ 
«Бес институционалдық реформаны іске 
асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт 
жоспарының шеңберінде Қазақстан елдің 
бәскеге қабілеттілігін, технологиялық 
жаңартылуы және әлеуметтік-экономикалық 
дамуын арттыру, қазақстандық ғылымның 
халықаралық беделін көтеру үшін ғылымды 
көп қажетсінетін экономиканы құруға бағыт 
алды. 
Ұзақ мерзімді келешекте басым міндет 
ғылымды көп қажетсінетін экономиканы 
құру және әлем деңгейінде оның бәсекеге 
қабілеттілігін көтеруді қамтамасыз ету болып 
табылады. Қазақстан Республикасын 2020 
жылға дейін кезеңге Инновациялық дамыту 
тұжырымдамасы, екінші бесжылдыққа 
(2015-2019 жылдарға) Индустриалдық-
инновациялық дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасы сияқты стратегиялық 
құжаттарда белгіленген артықшылықтарды 
іске асыру жоспарланады.  Мәселен, 
келесі бесжылдыққа Индустриализация 
бағдарламасының негізгі мақсаты 
түрлендіруді ынталандыру және өңдейтін 
өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін көтеру 
болып табылады. 
Осы үдеріс, сөзсіз,  жаңа технологиялар 
енгізумен және жоғары инновациялық 
белсенділікпен үзіліссіз байланысты. 
Бағдарламаға сәйкес инновациялық саясат 
роботтехника, нанотехнологиялар, гендік 
инженерия және тағы сондайлар сияқты 
«жаңа экономика» секторларын – келешек 
секторларын дамыту үшін орын дайындаумен 
бірге ауылшаруашылық, ГМК, мұнайгаз 
және басқалар сияқты базалық салалардың 
технологиялық қалып қалуын қысқарту 
сияқты екі негізгі міндеттер шешуіне 
бағытталады. 
Осы салаларды дамытудың ядросы ұлттық 
зияткерлік-инновациялық кластерлер: 
«Астана бизнес кампусы» ғылыми паркімен 
Назарбаев университеті және Инновациялық 
технологиялар паркі болады. 
Инновацияларды дамыту саласындағы 
жетекші міндеттер басым секторларына 
өзекті технологиялардың трансферті, 
экономикада инновацияларға сұранымды 
жасау және технологиялық құзыреттіліктерді 
қалыптастыру болады. Сонымен бірге, 
білім беру, кәсіби оқыту және қазақстандық 
кадрлардың технологилық құзыреттіліктерін 
өсіру жүйесінің құрылымдық реформалары 
жүргізіледі, олар адамның үзіліссіз 
оқуын ынталандыратын және қоғамның 
инновациялық мәдениетін қалыптастыратын 
ортаны жасауға көмектеседі. Сонымен, 
жоғарыда аталған және басқа шараларды 
іске асыру бойынша екінші бесжылдықтың 
Бағдарламаның нәтижелері ретінде бизнестің 
инновациялық белсенділігін 20% дейін, 
ЖІӨ инновациялық өнім үлесін 2,5% дейін, 
ЖІӨ-нен зерттеулер мен әзірлемелерге ішкі 
шығындардың үлесі 2% дейін ұлғайту сияқты 
негізгі көрсеткіштеріне жету болады. 
 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
80

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет