5. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫН ТАЛДАУ
(мемлекеттік бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын, ғылымға жекеше сектордан қаржы қаражатының
тартылуына талдау жасау)
Еліміздің ғылымға қатысты қаржылық саясаты мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады
және ол мемлекеттің ғылыми, ғылыми-техникалық қызметке көзқарасын арқау етіп, ғылым, техника, ғылым
мен техника жетістерін іске асыру саласындағы мемлекеттік билік органдары қызметінің мақсаттарын,
бағыттарын, формаларын анықтайды.
Ғылыми-техникалық жүйенің біртұтас құрылымдық түзілім ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін
қамсыздандыратын ресурстық ағым ретінде Республиканың әлеуметтік-экономикалық жүйесінің
ғылыми-техникалық қызметке бөлетін ресурстары анықталады [149,150]. Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру көлемі осы ресурстардың қарқынды түрде
бөлінетіндігін айқындайды (5.1 кесте).
Жоғарыдағы мәліметтен 2014 жылы Қазақстанның ЖІӨ-нен ғылымға 0,171%-ы бөлінгенін байқаймыз. Бұл
көрсеткіштің соңғы жылдардағы өсу динамикасы жағымды мәнге ие. Сондай-ақ, ғылыми жұмыстарды
қаржыландыру ісіне мемлекеттік бюджет есебінен бөлінетін қаржының басымдығы аңғарылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылы 30 қарашада бекіткен 2010-2014 жылдары инновациялық
даму және технологиялық жаңғыруға ықпал жасау жөніндегі бағдарламасында 2015 жылы ЖІӨ ғылымға
бөлінетін қаржыны 1%-ға дейін ұлғайту көзделген болатын.
Егер халықаралық деңгейде салыстырғанда, ғылымның табысты болуы үшін оның ЖІӨ-дегі үлесі 2%-ға
жуық болуы керек.
Қазіргі таңда ғылымға қомақты қаржы бөлу жағынан бірнеше жылдан бері АҚШ алдыңғы орында келеді.
2013 жылы АҚШ-тың ғылым саласын дамытуға бөлген қаржысы 405,3 млрд. долларға ұлғайып, ЖІӨ 2,7%-
ын құрады.
ҚХР Ғылым және техника министрлігі мәліметтеріне сүйенсек, Қытайда ҒЗТКЖ дамыту үшін 2006-2020
жылдар аралығын қамтитын ұзақ мерзімді бағдарлама қабылдаған болатын. 2013 жылы Қытай билігі
ҒЗТКЖ дамыту үшін мемлекет тарапынан 861 млрд. юань жұмсады (бұл ЖІӨ 1,83%-ын құрайды) [151].
Бүгінде Қазақстанның ҒЗТКЖ және ҒЗЖ қаржыландыру жүйесі түрлі қаржы көздерінің болуымен
ерекшеленеді (5.2 кесте).
Кесте 5.1 – ҒЗТКЖ-ына жұмсалатын шығындар
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
*) 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы Жалпы ішкі өнімнің көлемі, алдын ала берілген мәліметтер
бойынша.
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
51
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
Қазақстанда ғылыми зерттеулер үш бағытта жүргізіледі. Олар – іргелі және қолданбалы ғылымдар,
сонымен қатар тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер.
Мемлекет іргелі ғылыми зерттеулермен бірге басым бағыттар бойынша жүзеге асатын қолданбалы
ғылыми-зерттеу жұмыстарын да бюджет қаржысы есебінен қаржыландырады. Нәтижесінде ғылыми-
зерттеу және әзерлемелерге бөлінетін қаржы көлемінің 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы
54,1%-дан 57,9%-ға ұлғайғанына қарамастан, мемлекет қаржысы көп мөлшерде шығындалуда. Соның
салдарынан іргелі ғылымды қаржыландыру мөлшері «кесіліп» отыр (5.3 кесте).
Кесте 5.3 - Жұмыс түрлері бойынша ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ішкі шығындар
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
Кесте 5.2 - Қаржыландыру көздері бойынша ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын
ішкі шығындар
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
52
Елдің ғылыми-техникалық әлеуетінің деңгейін айқындауда ҒЗТКЖ-ға бөлінетін шығындарды жан басына
шағып есептеудің маңызы зор. Қазақстан Республикасында аталмыш көрсеткіш 2010-2014 жылдар
аралығында 1,9 есе артқан (5.4 кесте).
Барлық жалпы шығындар ішкі және сыртқы шығындардан құралады. Ішкі шығындарға ғылыми-зерттеу
жұмысына, әзірлемелерге жыл соңындағы есептік кезеңге дейінгі ішкі ұйымдастыру жұмыстарына
жұмсалған қаржы жатады. Ал сыртқы шығындарға ҒЗТКЖ іске асыруды мойнына алған мекеменің
кейбір жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған кезде өзге мекеменің қызметін пайдалануына
жұмсалған қаржы сыртқы шығындардың есебіне жатады. Әдетте субмердігермен келісімшарт ұйым
техникалық себептерге байланысты тиісті жұмыстарды өзі жүргізе алмаған жағдайда жасалады (5.5 Кесте).
Кесте 5.4 - ҒЗТКЖ-ға бөлінетін шығындарды халықтың жан басына шаққандағы үлесі (қазіргі бағалар
бойынша)
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
Сурет 5.1 – Ішкі шығындардың құрылымы
Әлемдік іс-тәжірибеге көз салған адам ғылымды қаржыландыруда жеке сектордың үлесі жоғары екенін
байқайды. Сондықтан Қазақстан жағдайында мемлекеттің отандық кәсіпкерлерді өндіріске инновациялық
жобаларды енгізуге ынталандырғаны абзал. Бұның өз кезегінде ғылымды қаржыландырудағы мемлекеттік
бюджеттен тыс қорлардың өсуіне септігін тигізері сөзсіз. Түсудің маңызы зор. 2012 жылы қазақстандық
кәсіпорындардың ғылымды дамытуға жұмсаған инвестициясы 5%-ға ұлғайды.
Соңғы уақытта инновациялық жетістіктерге қол жеткізуге жол ашатын тәжірибелік-конструкторлық
әзірлемелердің ролі артқандығы шығын құрылымынан аңғарылады (5.1 сурет).
Осы ретте ғылымға бағытталған қаржылық шығындардың көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Бірақ
отандық ғылым үшін маңызды бағыт ретінде дәстүрлі қолданбалы ғылыми-зерттеулер болып тұр.
Сонымен қатар, соңғы жылдары іргелі ғылымдарды дамытуға бөлінетін қаржы көлемі біршама қысқарды.
Мемлекеттің жыл сайын ғылымды дамытуға бөлетін қаржысының көлемі ұлғайғанымен, бұл бағытта
Қазақстан дамыған елдердің көрсеткішіне қол жеткізе алмай келеді.
Тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер
Қолданбалы зерттеулер
Іргелі зерттеулер
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
53
2012 жылдан бері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда түрлі себептерге байланысты өзге
мекемелер орындай алмағандықтан сыртқы шығындардың көлемі айтарлықтай қысқарғанын байқауға
болады. Бұл өз кезегінде жұмыстың сапалы орындалуын төмендетуі мүмкін (5.2 сурет).
Кесте 5.5 - ҒЗТКЖ жұмсалатын шығындарды бөлу
Сурет 5.2 – Жалпы шығындардың құрылым
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
Қазақстандағы тұтастай алғанда да, ғылыми ұйым типі бойынша да ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ішкі шығындар
жыл өткен сайын артып келе жатқанын 5.6 кестеден байқауға болады.
Кесте 5.6 - ЖОО мен ҒЗИ ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ішкі шығындарының көрсеткіштері
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
Сыртқы шығындар
ҒЗТКЖ-ның ішкішығындары
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
54
Жоғарыдағы мәліметтерден ҒЗТКЖ жүзеге асыратын ғылыми мекемелердің негізгі шығындарының құны
өсіп келеді (5.7 кесте) [153-156]. Дегенмен ғылыми-техникалық қызметті кәсіби тұрғыдан жүзеге асыратын
ғылыми мекемелерде негізгі жабдықтардың тозу коэффициенті 2013 жылы 77,6%-ды құрады. Ал негізгі
құрылғыларды жаңарту коэффициенті 11,8%-ды құраса, негізігі құрылымдарды жою коэффициенті 1,4%-
ды құраған.
Қазақстан Республикасындағы ғылымның жағдайына сараптама жасау негізінде 2014 жылы Астана
мен Алматы қаласында және Маңғыстау облысында ҒЗТКЖ-ына біршама көп мөлшерде шығындар
Кесте 5.7 - Ғылыми-техникалық қызметтің негізгі қаражатының орташа жылдық құны
Таблица составлена по данным Государственной статистики
Сопоставимые данные имеются только за 2013 и 2014 годы
Ауылшаруашылығы мен гуманитарлық ғылымдарға бөлінетін шығындар үлесі біршама артқанын
айта кеткен жөн. Шығындар құрылымы жаратылыстану және инженерлік ғылымдарға жұмсалатын
шығындардың жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл негізінен материалдық базаны нығайту жұмыстарымен
тікелей байланысты (5.3 сурет).
Сурет 5.3 – Ғылым салалары бойынша ішкі
шығындар құрылымы
2014 жылы ішкі шығындар 14,8%-ға ұлғайды. Ішкі шығынның артуы тек бір ғана бап шығындарының
артуына – жалақыға жұмсалатын шығындардың өсуіне алып келді. Ал қалған шығындар қысқарды.
Жалақыға жұмсалатын шығындардың 44%-дан 58%-ға дейін артқанын байқауға болады. Ал материалдық
база мен ғылымның негізгі қаражатын дамытуға байланысты шығындар 2014 жылы барлығы 8,1%-ға
артқан.
Жоғары оқу орындары секторында материалдық базаны нығайтуға ең төменгі мөлшерде шығын
жұмсалады. 2011 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен №407-IV «Ғылым
туралы» Заңының 9 бабының 1 тармағында жоғары оқу орындарының негізгі қызметі білім беру ісімен
қатар ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық, зияткерлік құқықтық меншікті қалыптастыру,
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды іске асыру болып табылатындығы
анықталған [34]. Сонымен қоса осы секторда ҒЗТКЖ-мен айналысатын қызметкерлердің еңбекақысына
жұмсалатын шығындардың үлесі көп.
2013 жылмен салыстырғанда, мемлекеттік және кәсіпкерлік секторларда шығынның барлық түрлері
бойынша шығын үлесі өскен, ал жоғары білім секторының үлесі керісінше қысқарған.
2014 жылы ғылымның бірқатар саласы бойынша шығындар төмендеген. Олар – медицина мен әлеуметтік
ғылымдар. Ал қалған салаларды шығындар ұлғайған. Әлеуметтік ғылымдар қалыптасқан дәстүр бойынша
ең аз қаржыландырылатын сала болып отыр. Себебі бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына
қаржылық шығыннан гөрі, зияткерлік шығындар көбірек қажет етіледі.
Гуманитарлық ғылымдар
Әлеуметтік ғылымдар
Ауылшаруашылық ғылымдары
Медициналық ғылымдар
Инженерлік әзірлемелер
Жаратылыстану ғылымдары
Кесте мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
55
Кесте 5.8 – Шығын түрлері бойынша өнімдік, үдерістік инновацияларға жұмсалатын шығындар
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
Саралау мәліметтері бойынша көптеген өнімдік, үдерістік, ұйымдастырушылық, маркетингтік
инновациялары бар кәсіпорындар Алматы (11,3%), Астана (11,0%) қалаларында және Қостанай (10,5%),
Қарағанды (8,2%) облыстарында орналасқан (5.9 кесте).
Жалпы алғанда, ғылыми-техникалық қызметтің қаржылық көрсеткіштеріне жасалған саралау жұмысы
ғылымның Қазақстан Республикасы экономикалық қызметінің бір саласы ретінде дамып келе жатқандығын
көрсетеді. Алайда бұл бағыттағы даму қарқыны тиісті деңгейде емес.
Кесте 5.9 – Кәсіпорындардың/ұйымдардың меншікті формасы бойынша өнімдік, үдерістік инновацияларға жұмсалатын
шығындар
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
жұмсалғандығы анықталды.
Қазіргі таңда Қазақстанда еліміздің индустриалды-инновациялық даму жолында ғылымның үлесін
арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда.
2014 жылы еліміздегі 24068 кәсіпорнының инновациялық қызметіне сараптама жүргізілгенде
статистикалық мәліметтер 1940 кәсіпорынның инновациялық бағытта қызмет ететіндігін көрсеткен.
Зерделенген кәсіпорындардың жалпы үлес салмағы 8,1%-ды құраса, олардың инновациялық бағытта
өнімді жұмыс істеуі 5,4%-ды құрайтындығы анықталған.
Ірі кәсіпорындар инновациялық үдеріске мейлінше белсенді түрде арласады. Инновацияның барлық
түрлері бойынша ірі кәсіпорындардың белсенді әрекеті 25,5%-ға жетіп отыр.
2013 жылмен салыстырғанда инновациялық өнімдердің көлемі 2014 жылы 0,4%-ға ұлғайып, 580386,0 млн.
теңгені құрап, оның 525924,9 млн. теңгесіне өнім сатылған. Ал экспортталған инновациялық өнімдердің
жалпы құны 177435,6 млн. теңгені құрайды.
Осы аралықта өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалатын шығындар өткен жылмен
салыстырғанда 0,6%-ға артып, 434602,6 млн. теңгені құраған (2013 жылы – 431993,8 млн. теңге) байқаймыз
[157]. Сонымен қатар 2014 жылы жекелеген кәсіпорындардың инновациялық өнім мен үдерістерге
жұмсаған жеке меншік қаражаты 256071,9 млн. теңгені құрайды, бұл инновациялық қызметті іске асыруға
жұмсалатын жалпы шығынның 58,9%-ы (5.8 кесте).
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
56
6. ҒЫЛЫМ ДАМУЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК
ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ
(шетелдік және халықаралық ғылыми ұйымдармен
ғылыми техникалық келісімдерді іске асыру нәтижесінде
алынған қазақстандық ғылымның жаңалықтары мен
жетістіктері)
6.1 ДҮНИЕЖҮЗІНДЕ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Қалыптастырылған ұзақ мерзімді
технологиялық және экономикалық дамудың
динамикасына қатысты, тиісінше тұрақты
өсу мен бүгінгі күні басым бесінші (қазіргі)
технологиялық тәртіпке ХХІ ғасырдың екінші он
жылдығында қол жеткізіледі [40].
Осы уақытқа соңғы онжылдықтың ішінде
туындайтын жаңа, технологиялық тәртіптің
жалпы кескіндері қалыптасты. Оның
негізгі технологиялары: биотехнологиялар,
нанотехнологиялар, материалдық
технологиялар және ақпараттық технологиялар.
Әрі, олардың арасындағы шекара шартты түрде
бола түседі. Бұл тізімде нанотехнологиялардың
рөлі айырықша жоғары және ол өсе түседі,
себебі дәл солармен информатикадағы,
молекулярлық биологиядағы, гендік инженерия
мен медицинадағы негізгі жаңа мүмкіндіктерді
байланыстырылады.
Анықталған негізгі трендтер (биотехнологиялар,
нанотехнологиялар, материалдық
технологиялар мен ақпараттық технологиялар)
экономиканың әр түрлі салаларында дамитын
өзара байланысқан технологиялар шоғырын,
әдіс-тәсілдерін білдіретін пәнаралық салалар
болып табылады.
Биотехнологияның технологиялық пакетіне кең
ауқымда ауыл шаруашылығы және табиғатты
пайдалану мәселелері кіреді. Мысалы,
жануарлардың өнімділігін көтеру жолымен
өзгертуге байланысты технологиялар, геномды
түрлендіру нәтижесінде оларға қалаулы қасиет
беру және өмір сүру мерзімін ұзарту кең
қоғамдық, этикалық және өнегелі мағынаға
ие. Қоғамда қазіргі кезеңнің өзінде клондау
технологиясына, тірі жандардың санасын
басқару және басқа ұқсас мәселелерге қатысты
пікірталастар жалғасын табуда.
Геномды басқару саласында «жабық»
зерттеулерге балама ретінде биоинженерлік
шешімдерге қарай бет бұру ықтималдылығы
қызығушылы тудырып отыр. Жаңа
организмдердің (регенерация, жаттығуға
бейімділік, қоршаған ортаға бейімделу,
рефлекс механизмдері, т.с.с) қасиеттеріне
ие құрастырымдық материалдар мен
техникалық жүйелердің жаңа буыны осындай
зерттеулердің нәтижесі болуы мүмкін.
Ақпараттық технологиялардың дамуы да
айқын пән аралық сипатқа ие болуда. Адам
қызметінің барлық салаларында туындайтын
ақпараттардың көлемінің өсуі оны жинау,
сақтау және пайдаланудың қарапайым, әрі
қолжетімді әдістерін талап етеді.
Табиғатты пайдалану технологиясы ақпараттық
технологиялар тәрізді технологиялық дамудың
барлық сценарилерінің жалпы элементі болып
табылады. Олардың дамуы бірқатар күйзелісті
жағдайлардың салдары болып табылады,
соның ішінде қалалардың кеңеюі, табиғи
ресурстардың таусылуы, қалдық көлемінің
артуы және адамның қызметі және табиғаттың
арасындағы қатынастың жаңа парадигмасының
қалыптасуын білдіреді.
Ғылым мен өндірістің барлық салаларындағы
инновациялар бірқатар негізгі үрдістердің
өзгеруінің жылдамдықтарына себепші болды.
Жаһандану және желілік коммуникациялар
жағдайында инновацияларды жаппай
тираждау іске асырылуда.
Әрі инновациялық белсенділіктің негізгі
бағыты ақпараттық, қаржы, инженерлік-
конструкторлық, медициналық және әлеуметтік
қызмет көрсету салалары болып табылады.
Бүкіл әлемде жүргізілетін форсайтты
зерттеулерде сарапшылар ғылыми-
технологиялық дамудың келесі негізгі
үрдістерін бөліп көрсетті:
− технологиялардың жуықтасуын күшейту;
− өндірістік саланың орташа технологиялық
секторына қазіргі жоғары технологиялардың
араласуын күшейту;
− ғылыми зерттеулердің көп пәнділік
мағынасының өсуі;
− икемді желі құрылымдарын ынталандыратын
бизнес түрлерін ұйымдастыруға және
басқаруға жаңа технологиялардың ықпалын
күшейті.
Технологиялардың жуықтасу үдерістерінің
дамуы байқалады. Жапон сарапшыларының
картерлеуді қолдана отырып 1999-2001жж.
жүргізген библиометриялық талдау
нәтижелерінің әлемдік ғылыми басылымдары
бірқатар ғылыми бағыттардың арасындағы
тығыз байланыстың (жуықтасуын) дамуын
көрсетті.
Оның ішінде бірнеше ғылыми бағыттардың
өзара әрекеті көрсетілген:
биоғылым – қоршаған орта,
биоғылым – когнитивті ғылым – әлеуметтік
ғылым,
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
57
биоғылым – химиялық синтез -
наноматериалдар
– компьютерлік ғылым.
Жаңа бағыт NBIC-жуықтасу туады (N — нано; B
— био; I — инфо; C — когно). Бұл нано-, био-,
когнитивті және ақпараттық технологиялардың
өзара бірлесу үдерісі. Ғылымның пән
аралық сипатын ескере отырып, осы уақытта
нанотехнологиялар, биотехнологиялар,
ақпараттық технологиялар мен когнитивті
ғылымды білімнің бірыңғай ғылыми-
технологиялық саласына біріктіру мәселесі
талқыланып жатыр.
Сарапшылар аса үлкен болжалдарын жаңа
салалық кешендердің қалыптасуының негізі
болып табылатын нанотехнологиялардың
дамуымен байланыстырады. Осыған
байланысты кластердің бірнеше түрлері
айырықшаланады: нанотехнология + АКТ;
нанобиотехнология + АКТ; когнитивті ғылым
+ АКТ; нанотехнология + материалтану + АКТ.
Нанотехнологияның дамуы бірқатар пәндердің
бірлесуіне негізделген: химия, физика,
биология, механика, материалтану, электроника
және с.с нанотехнологияларды қысқа мерзімді
келешекте қолдану алдымен дәстүрлі салаларға
ықпал етеді, ал ұзақ мерзімді келешекте аса
«өтпелі» жетістіктер жаңа секторлар мен
нарықтардың пайда болуына түрткі болады.
Өндірістік салалар мен сектор аралық
байланыстардың өзгеруі болады.
Технологиялардың жуықтасуы өзара
бағытталған сипатқа ие. Осылайша, нано-
және биотехнологиялардағы ілгерілеу өлшеу
құралының нақтылығы мен сезімталдылығын
үнемі көтеруге, мәліметтерді өңдеудің
ақпараттық жүйелерінің күштілігі мен осы
уақытта нано технологиялар саласындағы
инновацияларға сүйеніп тұрған ақпараттық
технологиялардың ілгерілеуіне байланысты.
Биотехнологиялардың дамуына тек
компьютерлік технологиялар ғана әсер етпейді,
сонымен қатар мысалы ДНҚ-компьютерлерде
кері үдеріс байқалады.
Биотехнология мен биомедицина саласындағы
қазіргі, аса келешекті зерттеулер мен
жасалымдарда нанодеңгейге шықты, олардың
ішінде гендік инженерия саласындағы
жұмыстар (ДНҚ молекуласы еніне қарай 3
нанометрден тұрады), биоүйлесімді протездеу
(жасанды молекулалар), нанобөлшектердің
көмегімен ауру жасушаларға дәрілерді
бүтіндей жеткізу және тағы басқалары.
Жинақталған ақпараттың жалпы көлемі
мынандай, ең алдымен – жүйелік биология,
оның мақсаты – әртүрлі әдістермен алынған
жетістіктерді біріктіру ғана емес, сонымен қатар
бар білімді біріктіріп, оларды жаңа сапалы
деңгейге ауыстыру.
Фармакогенетика (ауру, ген, протеин
және фармацевтикалық құралдар
арасындағы байланыстарды зерттеу)
тәрізді биоинформатика мен генетикадағы
жаңа жасалымдар дәрілерді және оның
генетикалық бейімделуіне байланысты ықпал
ету құралдарын іріктеу тәрізді медицинаға
адамды емдеу құралын, сонымен қатар
бағытталған әсерде дәрі құрылымын жасауды
береді. Бұндай жасалымдарда компьютерлік
технологиялар таптырмас құрал болып
табылады. наномедицина адамның денсаулығы
мен сырқат туралы дәстүрлі көзқарасты
өзгертуі мүмкін, ақыр аяғында ауруды емдемей
оны болжауға, оның алдын алуға негізделген
медицинаға әкелуі мүмкін.
Адамзаттың қартаюы, аурулардың, өмір сүру
стиліне байланысты ауру салдарынан өлімнің
көбеюі, нашарлап бара жатқан қоршаған
ортаның әсері тәрізді қазіргі әлемнің жаһандық
мәселелері, сапалы және белсенді ұзақ
өмір сүруді қамтамасыз етудің қажеттілігі
биомедициналық зерттеулерге белсенді
назардың себебі болып табылады.
Қазіргі медициналық ғылымға тән сипат,
оның «биологиялануы», молекулярлық және
жасушалық биология әдістеріне негізделген
тәсілдерді кеңінен қолдану. Молекулярлық
медицинаның жетістіктері болжалдық
және алдын алу қағидаттарына негізделген
персоналандырылған болашақ медицина
базисін қалыптастырады, ол ағзаның әлеуетті
және бейімдік мүмкіндіктерін ашуға және
тұрғындардың белсенді өмірінің мерзімін
өсіруге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары биомедицинада дамып жатқан
негізгі бағыттарға фармацевтикалық өндіріс,
парамедицина (БАД, қоректендіру және т.б.)
биотехнологиялар, диагностикалық жүйелер,
жасушалық терапия, регенеративті медицина
және нейрокомпьютерлік технологиялар кіреді.
Биомедицина саласында инновациялар
көбінесе ғылымның әр түрлі салаларының
ұштасуында пайда болады (биология,
компьютерлік технологиялар,
машинақұрылысы және материалтану),
ол кенеттен ғылыми жасалымдар мен
технологиялардың тиімділігін көтеруге
мүмкіндік береді.
Соңғы 30 жылда бірнеше технологиялық
серпілістер болды: 1960-1970 ж медициналық
химия мен фармакалогиядағы парадигма,
оның салдары антибиотик пен химиялық
дәрілік құралдардың шығуы, 1980 жылдары
биохимия, жасушалық биология және гендік
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
58
инженерияның жетістіктері қайта әрекет ететін
ДНҚ қалыптастыратын, генетикалық жағынан
түрлендірілген ағзалардың және терапевттік
биопрепараттардың бірқатар сериясын
жасаған, 2000 жылдардағы геномика – қазіргі
уақытта жекелендірілген медицинаға немесе
төрт «П» (болжалды, алдын-алатын, жеке,
партисипативті) медицинасына әкелді.
ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ
ЗЕРТТЕУЛЕР ҮШ САЛАДА ШОҒЫРЛАНҒАН:
1. Адамның денсаулығына арналған
медициналық биотехнология, генетикалық
әдістер мен медициналық технологиялар
2. Адамның денсаулығына арналған
зерттеулерді трансляциялау
а) биологиялық мәліметтер мен үдерісстердің
біріктірілуі
б) миды және оған байланысты ауруларды
зерттеу, адамның дамуы мен қартаю
в) инфекциялық ауруларды зерттеу
г) негізгі ауруларды зерттеу: онкология,
кардиоваскулярлық аурулар, сусамыр, май
басу, сирек аурулар, басқа созылмалы аурулар
3. Тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді
жетілдіру
а) дәрілік препараттарды қолданудың
жақсысын енгізе отырып, клиникалық
нәтижелерді тәжірибеге трансляциялау
б) денсаулық сақтау жүйесінің сапасы, тиімділігі
және ынтымақтастығы
в) денсаулықты нығайту және аурулардың
алдын алуды күшейту.
Жақын арадағы және орташа шұғыл
перспективада NBIC-технологияның
қосымша мағынасы ең алдымен нано- және
биомедицинамен байланысты болады.
Азиялық-Тынық мұхиттық Экономикалық
Бірлестіктің технологиялық болжау орталығы
(АТЭБ) үш жылда іріктемелі наносенсор
мен дәрілік наноқаптамалардың алғашқы
практикалық жасалымдарын болжайды, ал
медициналық диагностиканың жаңа жүйелері
мен жеке мүшелерді қалпына келтіру үшін
адамның жасушаларына әсер ету әдістері
жақын арадағы перспективада тұр.
Еуропалық сарапшылардың ойынша,
конвергенттік технологиялардың (нано-био-
инфо-когно) толық кешенінің толығымен
қалыптасуы және оның траекториясының
негізінде әлеуметтік-экономикалық дамудың
өзгеруін 2020 жылға дейін күтуге болмайды.
Болашақта конвергентті технологияларды
тәжірибелік тұрғыда тұтыну келесі
ерекшеліктермен сипатталады: толық
өткізгіштілік (жаңа технологиялар көрінбейтін
техникалық инфрақұрылым қалыптастырады);
шексіз ақпаратті қол жеткізілім (кез келген
үдерістер және құрам жайлы ақпарат алу
мүмкіншілігі); адамның санасы мен денесін
құрастыру (электрлік имплантаттар мен
физикалық модификаторлар адамның
мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді);
жекелендіру (нанобиотехнология саласындағы
зерттеулер нақты геномның ерекшеліктерін
ескере отырып, дәрі шығаруға мүмкіндік
береді, ол кері әсердің болмауына мүмкіндік
береді).
Конвергенттік технологиялар саласындағы
негізгі зерттеулер стратегиялық сипатқа
ие. Ұзақ мерзімді перспективада елдің
инновациялық, экономикалық және қорғану
потенциалын белгілі деңгейде анықтайтын дәл
осы нәтижелер айтарлықтай өзгерген жоғары
технологиялардың негіздеріне салынады.
Әлемде жүргізілген форсайтты зерттеулердің
талдауы көрсеткендей, алдыдағы 10-15
жылда ғалымдардың күші негізінен жасалған
технологияларды жетілдіруге бағытталады.
Білімдерді жинақтау және жүйелеу жалғасады,
бұл бағыт принципиалды жаңа жасалымдарға
қарағанда басым болады.
Генетикалық жағынан өзгертілген ағзаларды
жасау және ауыл шаруашылығында өнімділікті
көбейту сияқты технологиялық жетістіктер
аштық қаупіне қарсы кепіл бола алады және
кедей елдерде өмірдің басты аспектілерін
айтарлықтай көтеруге мүмкіндік береді.
Алайда «байлар» мен «кедейлер» арасындағы
айырмашылық өсе түседі, тек қана «кедей»
елдер жаңа технологияларды қолдануға
мүмкіндік беретін саясатты жүргізе бастамаса,
ал бұл мемлекеттің білікті басқарылуын,
жалпы білім алу мен нарықтық реформаларды
білдіреді. Әлемдік ғылыми-техникалық
ақпараттық желілерге және R&D кіретін
ақылды стратегиялар құру қажет.
АҚШ және Еуропа сияқты жоғары
технологиялар көшбасшылары өз дамуында
өткізген фазаларды қалдырып, дамудың бір
сатысынан екіншісіне «секіру» стратегиясын
қолдану қажет. Дамушы елдер даму үшін
әрі қарай алға қарай секіруді жылдамдату
мақсатында салыстырмалы түрде арзан
технологияларды қолдана алады.
2020 жылы білімнің қарқынды дамитын
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
59
саласы биологиялық ғылымдар болады.
АҚШ ағзаларды гентикалық түрлендіру
саласында өздерінің көшбасшылығын ұстап
қалады және оны нығайта түседі, ол аграрлық
технологиялардың дамуына жаңа серпін
береді және ауыл шаруашылығының тиімділігін
арттырады. Бұл зерттеулердің нәтижелерін
Қытай, Индия және Латын Америка елдері
пайдаланады. Керсінше еуропа тұрғындарының
көбісі генетикалық түрлендірілген өнімдерге
сенімсіздігін арттыра түседі. Сонымен қатар,
Еуропада клондау технологиясы мен тірі
ағзаларды қайта құру, мүшелерді «өсіру» және
оларды медицинада қолдану технологиялары
жаңа деңгейге көтеріледі. Бұндай зерттеулер
жүргізуге заңнамалық тиымның және діни
көзқарастың болмауы алдағы 15 жылда бірінші
болып адамдарды клондауға мүмкіндік береді.
Геронтологиялық зерттеулер белгілі
жетістіктерге ие болады. Жақын арадағы
онжылдықта дамыған елдерде өмір сүрудің
орташа ұзақтығы дамушы елдерге қарағанда
тез өсе түседі және ХХІ ғасырдың бірінші
тоқсанының аяғына қарай ЕС бен АҚШ
87-88 жас аралығын құрайды (ал белсенді
өмірдің орташа ұзақтығы – 74-75 жас).
Дамыған елдерде жаппай көшу уақыт өте
келе әлеуметтік және мәдени ұқсастыққа
қауіп болып қабылдана түседі, коммерциялық
берудің алдына жасы үлкен адамдарға
(қазіргі кезде зейнеткерлерге) жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін өндірістің көп саласын
автоматтандыруға және механиазциялауға
мүмкіндік беретін технологиялық жасалымдар
құрылады.
Жоғары технологияларда келесі күтілетін
төңкеріс - NBIC конвергенция – жаһандық
үдерістің жаңадан қатысушы-елдерінің
алдында жаңа перспективалар ашуы мүмкін.
Ақпараттық технологиялардың көмегімен
наносенсорлық технологиялармен
қамтылған «ақылды» материалдарды
қолдану адамдардың денсаулығын нығайтуға
мүмкіндік беретін, іскерлік тәжірибе мен
әрекет ету моделіне ықпал ететін көптеген
құралдарды жасауға мүмкіндік береді. Бұл
материалдар бізді қоршаған орта туралы
жаңа білімдермен қамтамасыз етеді,
қауіпсіздікті жақсартады және жеке тұлға
саласын қысқартады. Технологиялық үрдістер
өндірістің жылдамдатылған әдістері және
қазіргі жабдықпен үйлесімі, сонымен қатар
энергияны, суды алдыңғы қатарлы әдістермен
алу, қазіргі көлік технологиялары Қытай мен
Индияға олардың «бірінші әлемге» қосылу
ниетін жүзеге асыруға көмектеседі. Екі елде
іргелі зерттеулерге үлкен қаражаттарды салады
және бірқатар негізгі салаларда жетекші орын
алып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |