25. Эмпирикалық зерттеу әдістері. Классификация. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру – зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық-дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа:
- жалпы ғылыми;
- интерғылыми
- жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған.Эмпирикалық зерттеу әдістері ғылыми-зерттеу еңбегінің анықтаушысы болып табылады, олар тәжірибемен, оның ішінде педагогикалық еңбекпен байланысты және бастапқы зерттеу материалдарын қорландыруды, бекітуді және жалпылауды қамтамасыз етеді. Эмпирикалық зерттеу әдістері:
- сұхбат;
- сауалнама;
- эксперимент;
- рейтинг;
- сарапшы бағасы;
- өзін-өзі бағалау;
- нәтижелерді талдау.
26. РБЗ жоспарлау мен өткізудің негізгі принциптері. Рандомизерленген бақыланатын зерттеу (Randomized controlled trial, RCT) —субьекттер топтарға рандомизерленетін, әдетте бақылау және тәжірибе топтары деп аталынатын әксперимент. Топтарға бөлу экспериментальді профилактикалық және терапиялық емдеу жүрзілуі немесе жүргізілмеуі үшін жүзеге асырылады.
РБС кезіндегі зерттеу құрылымы: 1.Бақылау (салыстырмалы) топтың болуы.
2.Науқастар іріктелуінің нақты көрсеткіштері (сынаққа алынуы мен шығарылуы).
3. Науқастарды зерттеуге рандомизация топтарына бөліну алдына дейін алу.
4. Науқастарды топтарға кездейсоқ бөлу (рандомизация).
5.«Жасырын» түрде емдеу.
6.Ем нәтижесін «жасырын» түрде бағалау.
7.Емнің жанама әсері мен асқынулары туралы мәлімет.
8.Сынақ барысында шығып кеткен науқастар туралы мәлімет.
9.Сәйкес статистикалық сараптама, қолданған мақалалар, бағдарламалар ж\е т.б. туралы мәлімет
10.Анықталған тиімділіктің өлшемі мен статистикалық нақтылығы туралы мәлімет