Ғылымдағы ынталандыру


Berlin-Brandenburg Academy of Sciences Sponsorship Award



бет7/9
Дата07.02.2023
өлшемі108,36 Kb.
#65796
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Berlin-Brandenburg Academy of Sciences Sponsorship Award

  • 30 000 евроға дейінгі гранттар əлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды жас ғалымдарға ұсынылады жəне оларды докторантура деңгейінде əртүрлі бағыттағы зерттеулер жүргізуде қолдауға арналған.

Göttingen Academy of Sciences Dannie Heineman Prize

  • Грантқа өтінімді əлемнің кез келген елінің ғалымдары бере алады, ол ғалымның нақты жарияланымының ғылыми-зерттеу құндылығы мен сапасы негізінде беріледі. Гранттың мөлшері де осы көрсеткіштерге байланысты.

German Research Foundation (DFG)

  • DFG PhD студенттерінің жəне əртүрлі салалардағы ғылыми қызметпен айналысатын жас зерттеушілердің зерттеулеріне демеушілік жасайды. Грант алу үшін неміс магистр немесе доктор дəрежесі немесе оның баламасы, сондай-ақ ағылшын тілін еркін меңгеру қажет. Гранттар барлық елдерден келген шетелдіктерге қол жетімді жəне жас ғалымдарға Ғылымдағы ынталандыру, мотивация шаралары(əлем елдерінің ғылымға бөлетін қаржысы, ғылымдағы гранттар, Нобель сыйлығы, Ғылым қорлары т. б)

British Council Fellowship

  • Британдық Кеңестің гранттарын нəтижелері студенттің туған еліндегі адамдардың өмірін жақсарта алатын түрлі салаларда ғылыми зерттеулер жүргізетін магистратура мен докторантураның шетелдік студенттері ала алады. Гранттардың мөлшері шағын біржолғы төлемдерден бастап, ғылыми жұмыс жүргізу кезеңінде оқу жəне тұру құнын өтейтін сомаларға дейін түрленеді.

Marie Curie International Incoming Fellowships (IIF)

  • Атақты физик жəне химик Мария Кюри атындағы демеушілік қолдау бағдарламасы Еуропа мен əлемнің басқа елдері арасында ғылыми байланыстар орнатуға бағытталған жəне шетелдік ғалымдар үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Докторлық дəрежесі бар ғалымдар ақшалай гранттан басқа 12-24 ай бойы Еуропаның түрлі институттары мен зертханаларында зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік алады.

Hong Kong PhD Fellowship Scheme for International Students

  • Гонконгтың ғылыми гранттар кеңесінің (RGC) қаржылық қолдауы Гонконгтың үздік университеттерінің докторлық зерттеу бағдарламаларына қабылданған шетелдік студенттер мен жас ғалымдарға ұсынылады. Грант жылына 30 000 доллар көлемінде беріледі, сонымен қатар зерттеу əлеуеті жоғары студенттер үшін ғылыми сапарларды жүзеге асыру үшін 1300 доллар төлеуді көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет