АҚШ ғылымды дамытуға жыл сайын 400 млрд доллардан астам қаржы жұмсайды, бұл АҚШ ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) 2,7 % құрайды. Бүкіл әлем бойынша ғылымды дамытуға жұмсалатын қаржының 34 % АҚШ үлесінде болса, 26 % - Еуро одаққа, 14 % - Жапонияға тиесілі
Әр елдегі ғылымға кететін қаржы
Соңғы жылдары Қытай мен Үндістан да ғылымға ІЖӨ 2 % бөлігінен астам қаржы бөліп, инновацияға баса назар аудару арқылы дамудың жаңа сатысына көтеріліп отыр. Ғылымға жұмсалатын қаржының 30% бюджеттен бөлінсе, 1% – штаттар мен жергілікті билік органдары бюджетінен, 6% – университеттің өз қаржысы есебінен және 63% өндіріс пен бизнестің инвестициясы.
Әр елдегі ғылымға кететін қаржы
Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы – мемлекеттік бюджет. 2009 жылы АҚШ федералды бюджетінен ҒЗТКЖ-ға бөлінген қаржы 165 млрд. Долларға жетті, соның ішінде 41,3 млрд. доллар – іргелі зерттеулерге, 30,7 млрд. доллар – қолданбалы зерттеулерге, 85,3 млрд. доллар – тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға. АҚШ әкімшілігі федералдық ғылыми мекемелерді бюджеттік қаржыландыруды екі еселеп, зерттеулер мен тәжірибелерге жаңа салықтық жеңілдіктер жасауды жоспарлап отыр.
Әр елдегі ғылымға кететін қаржы
АҚШ DARPA (Қорғаныс министрлігінің перспективалық зерттеулер мен әзірлемелер басқармасы) үлгісінде энергетика саласындағы перспективалық зерттеулер басқармасын (APRA-E) құратынын жариялады. Азаматтық ғылымға бөлінетін қосымша бюджеттік қаражат 43 млрд. долларды құраса, салықтық жеңілдіктер 75 млрд. долларға тең. (Main Science and Technology Indicators / American Association for the Advancement of Science and the OECD. 2008.)
Қорлар
Бүкіл әлем ғалымдарының ғылыми қызметін бағалау үшін Нобель, Копли, Альберт Эйнштейн, Вольф қоры, Киото, Дэн Давид, Кавли, Жапония, Хайнекен, король Фейсал, Абель, Тьюринг, Франклин институты сыйлықтарын, Дмитрий Менделеев атындағы алтын медалін, Михаил Ломоносов атындағы алтын медальді және басқа да наградаларды қамтитын көптеген халықаралық наградалар тағайындалды.