Синергетика немесе ӛзін-ӛзі дамыту теориясы педагогика үшін
эвристикалық мәні бар ӛзін-ӛзі дамытудың әмбебап үлгілерін іздеуге
бағытталған күрделі жүйе. Синергетика ӛзін-ӛзі ұйымдастыратын үрдістердің
жүзеге асуының нақты тәсілдеріне кӛңіл бӛледі, үрдістің интерсубъектілік
коммуникативті ұйымдастырылуын тірек етеді. Сондықтаи да оның грек
тілінен аудармасы «синергейя» - бірлесіп әрекеттесу, ынтымақтасу дегенді
білдіреді.
Акмеологиялық амал. Кәсіби шеберліктің шыңына шығу туралы
ғылымның «акмеология» деген атауы грек тілінен аударғанда «шың»,
«биіктік» деген мағынаны береді. Акмеологияда адам ӛзін-ӛзі дамыту мен
шығармашылыққа қабілетті, ӛзінің ӛмірі мен кәсіби әрекетін ұйымдастыра
алатын ӛз әрекетінің субъектісі ретінде танылады.
Адамның индивид ретіндегі прогрессивті дамуындагы шығар «шыңы»; тұлға
ретіндегі дамуындағы жетістіктері; еңбектегі жоғарғы жетістіктері (тұлғаның
әрекет субъектісі ретіндегі дамуымен байланысты); адамның даралық
дамуындағы жетістіктерінің шыңы. Әр адамда бұл бағыттардың байқалуы
әркалай болады. Олар бір-бірімен тығыз байланыса отырып, олардың
түйісулері нәтижесінде адамның әрекеттің «жоғарғы баспалдағында» болуы
орын алады.
Аксиологиялық амал (құндылықтар) Философияда құндылық деп адам
және қоғам үшін мәні бар айналаны қоршаған ӛмірдің әлеуметтік объектілер,
коғамдық ӛмір мен табиғат адам тіршілігіне қатысуы танылады. Әлемдегі бар
нәрсенің барлыгы құндылық қарым-қатынастардың объектісі бола алады
Гуманистік амал. Гуманизм (ізгілік) - дүниетанымдық амал болғандықтан,
оның негізінде адамның" мүмкіншілігінің шексіздігін, ӛзін-ӛзі дамыту
қабілеттілігіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау,
адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын
қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест