«Ғылыми- зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері»



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата25.09.2022
өлшемі0,64 Mb.
#40213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
. Пән туралы ақпарат 
2. Пәннің қысқаша сипаттамасы 
3. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 
4. Оқу-әдістемеліктің жабдықтау картасы 
5. Бағалау критериі және ағымдық бақылауды өткізу бойынша 
ұсыныстар


Дәріс тезистері 
15 
 


Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘН СИЛЛАБУСЫ 
1. Пән туралы ақпарат 
Пәннің атауы

«Ғылыми- зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері»
Кредит саны 2 
Курс, семестр 1 курс, 1 семестр 
Мамандықтың шифры және атауы «6М010800 - «Дене мәдениеті және спорт»
Институт Ӛнер, мәдениет және спорт 
Кафедра Дене мәдениеті және спорт педагогтарын даярлау теориясы мен әдістемесі 
Оқытушының аты-жӛні, дәрежесі, атағы, қызметі Ахметова Э.К. педагогика ғылымдарының
кандидаты, қауымдастырылған профессор
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai)
 
2. Пәннің қысқаша мазмұны.
«Ғылыми-зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері» пәнінің мақсаты магистратура 
түлектерін педагогика саласында ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруға дайындау, 
магистранттарда педагогикалық-психологиялық зерттеудің жалпы ғылыми әдіснамасы жӛніндегі 
ұғымын қалыптастыру болып табылады. 
«Ғылыми-зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері» пәнінің негізгі міндеттері:
магистранттарды ғылыми-зерттеу жұмысының мәнін тануға бағдарлау; ғылыми - зерттеу 
жұмысының әдіснама мен әдістемесінің негізін үйрету;
–  түрлі ақпарат кӛздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;
–  педагогикалық үрдіс барысында практикалық міндеттерді шешуде, зерттеу әдістерін 
қолдануды меңгеру құзырлылықтарын дамыту. 
«Ғылыми-зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері» пәнін оқыту нәтижесінде 
магистрант: әдіснамалық білімнің құрылымы мен қызметі туралы жалпы түсінікті; 
психологиялық-педагогикалық зерттеу және оның ғылыми аппаратының жүйелілік құрылымын; 
зерттеудің жалпы ғылыми және психологиялық-педагогикалық әдістерін; эксперименттің 
орындалу тәртібі және негізгі сипаттамасын, психологиялық-педагогикалық эксперимент 
барысында алынған мәліметтерді дәлелдей білетін болады. Ғылыми зерттеуді талдаудағы ептілік, 
ғылыми зерттеу жұмыстарының бағдарламаларының дербес құрастыра білу, түсіндіру, 
қорытындылау және зерттеу нәтижесін меңгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет