Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы



бет2/6
Дата22.12.2023
өлшемі1,49 Mb.
#142843
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Пиза 9-10 сыныптарға тапсырмалар

2-сұрақ
Артықшылықтары: • дәстүрлі энергия көздері бағаларының үнемі өсу жағдайында болашағы бар, қолжетімді және энергия көзінің сарқылмауы; • қоршаған орта үшін қауіпсіздігі.


Кемшіліктері: • ауа райы мен тәулік уақытына тәуелділігі; • орта ендіктердегі маусымдылығы және энергия өндіру кезеңінің оның тұтыну кезеңімен сәйкес келмеуі; жоғары ендіктердегі тиімсіздігі және энергияны жинау қажеттігі; • сирек кездесетін элементтер (мысалы, индий және теллур) қолданылатын қондырғының жоғары бағасы; • электр станциясының үстіндегі атмосфераның қызуы; • үлкен аудандарды қолдану қажеттілігі.
Жауаптары
1.сұрақ. Шенген визасы – бұл оның иесіне Шенген зонасындағы кез келген бір елден екінші елге еркін баруына мүмкіндік беретін құжат. Еуроодаққа мүше елдерден басқа бұл зонаға Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцария кіреді.
2-сұрақ. Шенген визасы бойынша турист Франция, Германия, Нидерланды, Швейцарияға бара алады. Ал Ирландияға бара алмайды. Себебі Ирландия Шенген зонасына кірмейтін ел.




2-тапсырма Баламалы энергетика туралы айтылғанда ең алдымен қалпына келетін энергия көздері – күн энергиясы мен жел энергиясы туралы айтылады.

Электр энергиясының мұндай түрі, яғни күн энергиясы келесі бөліктерден тұрады: күн батареясы (тұрақты токтың генераторы), тұрақты токты ауыспалы токқа айналдыратын зарядты бақылайтын қондырғысы бар аккумулятор, инвертор. Күн батареялары күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын күн элементтерінің жинақтарынан тұрады.



  1. сұрақ Күн энергиясын алуды қазба отын (көмір не мұнай) қолданылатын электр энергиясын өндірумен салыстырып, бір артықшылығы мен кемшілігін сипатта.

Артықшылығ__________________ _______________________________________________
Кемшілігі_____________________________ _______________________________________________


Түсіндірме Тапсырманы орындау барысында оқушылар климатограммалармен жұмыс жасайды. Ол өз кезегінде оқушылардың функционалды сауаттылығы мен талдау дағдыларының дамуына әсер етеді. Қоршаған орта мен табиғат ресурстарын қорғауға байланысты сұрақтар PISA зерттеулеріндегі тапсырмалардың басым салалары болып табылады.


1-сұрақ Берілген климаттық диаграммаларда екі түрлі жердегі ауа температурасы мен жауыншашын мөлшері, олардың жыл бойы өзгеруі, өзара арақатынасы көрсетілген. Температураның жылдық көрсеткіштері график түрінде, ал жауын-шашын мөлшері айлар бойынша бағанды диаграммада берілген. Қандай климаттық диаграмма күннен энергия өндіретін Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар 49 күн батареяларын салу үшін едәуір қолайлы жерге сәйкес келеді? Жауабыңды түсіндір.

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.

Шенген келісімі – Еуропалық Одақтың бірқатар елдерінің шегарасындағы төлқұжаттық-визалық бақылауды жеңілдету туралы келісім.


1-сұрақ. Шенген визасы бар адамның қандай құқықтары бар?


2-сұрақ. Қазақстандық турист Шенген визасы бойынша келесі елдерге: Нидерланды, Германия, Франция, Ирландия, Швейцарияға барғысы келеді. Шенген визасы бойынша ол қандай елдерге бара алады, ал қайсы елдерге бара алмайды?


Картаны қолдана отырып, жауабыңды түсіндір.




Түсіндірме Тапсырмада күнделікті өмірден алынған жағдай қарастырылады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар картамен жұмыс жасайды. Бұл өз кезегінде оқушылардың картографиялық дағдыларының, функционалды сауаттылықтарының дамуына әсер етеді. Географиялық карталармен жұмыс жасау кезінде оқушылар қажетті ақпаратты іздеп, таба білуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет