Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы


Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы



бет3/6
Дата22.12.2023
өлшемі1,49 Mb.
#142843
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Пиза 9-10 сыныптарға тапсырмалар

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы


Қолайсыз құбылыстар


Тапсырма 1 Атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картадан көрсетіп, сақтану шараларын ұсыну.
сұрақ.





1сұрақ Карта бойынша дауылдар мен қатты желдер жиі болатын аумақтарды анықта. Шартты белгілер:
1 – қатты дауылдардың болу қаупі бар
2 – жер сілкінісінің болу қаупі бар
3 –су тасқындарының болу қаупі бар 1 балл
2-сұрақ. Хабарлау жүйесі бойынша қатты дауылдың келе жатқаны туралы хабар берілді. Қатты дауылдың болу қаупі туындаған және дауыл кезіндегі сенің іс-әрекеттерің қандай болуы керек? 2 балл


Түсіндірме Тапсырмада өмірмен байланысты жағдай қарастырылады. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың картографиялық, сонымен қатар функционалды сауаттылықтың даму индикаторының бірі болып табылатын түрлі табиғи катаклизмдер кезінде дұрыс шешім қабылдай білу дағдылары да дамиды.

Жауаптары
1-сұрақ. Карта бойынша Қазақстан аумағында қатты желдер мен дауылдар жыл бойы байқалатынын анықтауға болады.
2-сұрақ. Дауылдың болу қаупі туралы хабарды алғаннан кейін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
• Жел соққан жақтағы терезелерді, есіктерді, шатырдың есіктерін және желдеткіш саңылауларды жауып, ық жақтан ашу керек.
• Азық-түлік қорын, ауыз суды, қолшамдарды, майшамдарды, дәрі-дәрмектерді және басқа да қажетті заттарды дайындап қою.
•. Егер дауыл кезінде ғимараттың ішінде болсаңыз, терезелерден алыс қауіпсіз жерлерге тығылу қажет (берік қабырғалар, есіктің керегесі, бұрыш). Желдің бәсеңдеуін күтіп, қауіпсіз жерге бару керек (жертөле)



Мәтінді мұқият оқып шығыңыз.

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын. Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады. Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен зардап тигізеді. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет