Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы



бет1/6
Дата22.12.2023
өлшемі1,49 Mb.
#142843
  1   2   3   4   5   6



Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.





Шарын ұзындығы 154 километр болатын, ал тік жартастарының биіктігі 300 метрге дейін жететін шөгінді жыныстардан тұратын кешен болып табылады. Оның тарихы 12 миллион жылды құрайды. Шөгінді жыныстардың қабаттарында тасқа айналған теңіз жануарларының қалдықтары көптеп кездеседі. Аңғар түбімен осыдан бірнеше миллион жыл бұрын Іле көлін қоректендірген Шарын өзені ағып жатыр. Жазда ауа температурасы 35°-қа дейін көтеріліп, қыста -6°-қа дейін дейін төмендейді. Сол себептен 48 Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар туристерге көктемнің соңы мен жаздың басында немесе күз мезгілінде келу ұсынылады. Бұл шөл зона болғанымен жартастардағы жарықтарда су болуы мүмкін.




1-сұрақ. Шарын шатқалының жер бедері қалай қалыптасты?


2-сұрақ. Ауа температурасының өзгеруі және жартас жарықтарындағы су жартастардың мүжіліп, бұзылуына қалай әсер етеді?
А. Суық су жылы тастарды ерітеді.
B. Су тастарды біріктіріп, қатырып тастайды.
С. Мұз тастардың беттерін тегістейді.
D. Қататын су жартастардың жарықтарында ұлғаяды.


3-сұрақ. Неліктен тасқа айналған теңіз жануарларының қалдықтары сақталған?
Осыдан миллион жылдай бұрын қандай оқиғалар болған?
А. Ежелгі уақыттарда адамдар теңіз өнімдерін мұхиттардан осы аймаққа әкелген.
B. Ерте кездерде мұхиттар өте сұрапыл болған, ал теңіздегі тіршілік иелері алып толқындармен шайылып, құрлыққа шығарылған.
C. Ерте кезде бұл жерде теңіз болған, кейін ол қайта шегініп, суы тартылды.
D. Ерте замадарда кейбір теңіз жануарлары теңізде тіршілік етуге шықпас бұрын құрлықта тіршілік еткен.


Түсіндірме Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіреді. Мысалы, Шарын шатқалы жер бедерінің қалыптасуы, тау жыныстарының бұзылуы. Химия, физика пәндерімен байланыс жүзеге асырылады. Оқушылар судың химиялық және физикалық қасиеттері туралы білімдерін естеріне түсіруі қажет.
Жауаптары
1.сұрақ. Шарын шатқалының жер бедері экзогендік күштердің әсерінің нәтижесінде қалыптасты. Тау жыныстарындағы ұзына бойы созылған аңғарды өзен салды, ал жартастардың көрікті пішіндері жел әсерінен қалыптасқан.
2.сұрақ. D. Қататын су жартас жарықтарында ұлғаяды.
3.сұрақ. C. Ерте кезде бұл жерде теңіз болған, кейін ол қайта шегініп, суы тартылды
Жауаптары 1-сұрақ Күн батареяларын салу үшін бір жыл ішіндегі ашық күндер санының өте көп болуы қажетті жағдай болып табылады. Ең ыңғайлы климаттық белдеулерге тропиктік және субтропиктік климаттық белдеулер жатады. Бірінші климатограмма бойынша, жыл бойы жылы күндер мен жауын-шашын мөлшерінің аз екенін байқауға болады. Ал екінші климатограмма бойынша, жыл бойы жауын-шашын мөлшерінің көп екені көрініп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет