Ғылыми жұмыс тақырыбы: Оқу үрдісіндегі 3D модельдеу Орындаған Фазылов Е. С. Ғылыми жетекшісі п.ғ. к., доцент Медешова А. Б. Орал, 2021 мазмұны кіріспе


ҚОРЫТЫНДЫ 58 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



бет2/14
Дата26.01.2022
өлшемі10,57 Mb.
#24381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
3д коп

ҚОРЫТЫНДЫ 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта компьютерлік графиканы жасаудың маңызы мен пайдаланудағы артықшылығын бағалау өте қиынға соғады. Әлем бір орында тұрмайды, техникалық прогресстің даму қарқыны индустриалды-тұрмыстық жағдайларда көптеген салаларында компьютерлік графиканы талап етеді. 3D графикасы сәулетшілердің, дизайнерлердің, мәдениет қайраткерлерінің, жарнама мамандарының, ойын индустриясының және ауыр инженерия саласындағы сарапшылардың құрамдас бөлігі.

Қазіргі заманғы 3D графикасының мүмкіндіктері шексіз. Өмірімізде жиі кездесетін жағдайлар - өнімнің пайда болуына дейін жарнамалық науқан немесе хабарлама жасау. Бұл жағдайда компьютерлік графиканы пайдалану ұтымды шешім болып табылады. 3D-модель мен анимацияны құру үдерісіне дұрыс көзқараспен қарау, адамның көз алдындағы суреттің немесе жарнаманың нақты өнімі емес, оның компьютерлік өнім екендігін айыру өте қиын. Қазіргі заман талабына сай инновациялық және инновациялық емес технологиялар өте тез, қарқынды дамып келеді, сондықтан күрделі диклорацияларды немесе реквизиттерді пайдаланудың қажеті жоқ, себебі бұл мәселені компьютер оңай шеше алады.

3D-графиканың негізгі тұжырымдамасы 3D-модель. Жақсы ойластырылған модель - кез келген жобаның жартысы, себебі егер ол дұрыс емес болса, жоба текстураны, анимацияны немесе визуализацияны сақтамайды. Ал кез – келген заттың немесе бөліктің 3D-модельін ұсыну үшін сол заттың өлшемде толық жасалған компьютерлік нұсқасы қажет болды. Компьютерлік нұсқасы дайын болған жағдайда берілген заттың көлемінен кіші көлемде моделін жасайтын 3D принтер қолданылады.

3D принтер компьютерлік графиканың ажырамас маңызды бөлігі болып табылады. Бұл құрылғы қазіргі озық техниканың заманына сай ойлап табылған адам қажетіне жарайтын маңызды құрылғыладың бірі болып есептеледі. 3D принтер қазіргі біздің еліміздің барылығы дерлік жоғарғы оқу орындарында (ЖОО), арнаулы техникалық колледждерде, маманданған кәсіпкерлік орталықтарда т.б. белгілі бір кешендерде кеңінен қолданысқа енген.



Қазіргі білім беру ошақтарында 3D модельді құрайтын және оны басып шығаратын құрылғылар кемде кем, жоқ десе де болады. Себебі бұл құрылғыларды мектептерде оқыту әдістемелері қаралмаған, мұғалімдер тек оқушыларға 3D модель не екенін және қандай түрлері бар екенін ондағы жасалатын объектінің материалдарын, оларды басып шығаратын құралдардың түрлерін ғана көрсетумен және 3D объектіні құруға арналған бағдарламаларды таныстырумен ғана шектеледі. Бұлай игерілетін материалдар оқушылардың ары қарай сол 3D объектіні виртуалды өмірде жасап шығаруға, және оны көзбен көруге, 3D принтерде немесе 3D қалам құралдарында жұмыс жасауға жеткіліксіз болып табылады, елімізде белгілі бір маманданған орталықтардан басқа 3D принтер құралын қолдану немесе оны оқыту, зертханалық жұмыс жасау қарастырылмаған,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет