3. 3D модельдеудің оқу үдерісіндегі маңызы
3.1 мектепте 3D модельдеуді оқытудың қазіргі жағдайы
Мектептерде 3D модельдеуді оқытудың қазіргі жағдайына тоқталсақ, жалпы қазіргі мектептерде информатика пәнін оқытуда 34 сағат беріледі, осы сағаттың 2 сағатында ғана жалпы модельдеудің не екенін, оның анықтамасы мен ержелеріне 8-ші сыныпта тоқталып кетеді, бұл сабақтарда бүкіл оқу жылы бойынша бойынша екі тақырыпты ғана қамтиды яғни екі сағатқа беріледі, бұл тақырыптар “Ақпараттық модельдеу” тарауында қаралады. [27]
Бұл тақырыптар:
Модельдерді сипаттау әдісі, модельдеу қасиеттері. Модель түрлері
Компьютерде модельдерді зерттеу және модель жасаудың негізгі кезеңдері
Бірінші тақырыпта оқушылар модельдердің сипатталу әдістерін, модельдеу қасиеттерін, модель түрлерін, ол компьютерлек модельме, математикалық модельме, әлде 3D модельме деген сияқты модель түрлерін ашып оқиды.
Ал екінші тақырыпта, компьютерде модельдерді зерттеудің кезеңдерін өтеді және оны жасаудың негізгі кезеңдерін өтеді, рендеринг, текстуринг, моделлинг деген сияқты анықтамаларды оқиды. 8-ші сыныпта оқушылар осы аталған тақырыптармен шектеледі.
Келесі 9-шы сыныпқа келетін болсақ оқу информатиканы оқытудағы 34 сағаттың 3 сағаты модельдеуді оқушыларға үйретуге жұмсалады. Бұл сыныптың 8-ші сыныптағы модельдеу тақырыптарынан айырмашылығы бұл сыныпта оқушылар программалау тілі арқылы модельдеуді үйрене бастайды. Берілетін тақырып атаулары:
Компьютерлік модельдеу
Есептеу эксперименті
Программалау тілі арқылы модельдер жасау
Бірінші тақырыптар бойынша оқушылар компьютерлік модельдеудің ережелерін еске түсіріп оны әрі қарай тереңдетіп оқып, талдайды. [27]
Екінші тақырып бойынша математикалық модельдеу бойынша есептеу эксперименнтерін жүргізеді яғни есептер шығарады.
Үшінші тақырыпта оқушылар модельдеудің күрделі түрі белгілі бір программалау тілі арқылы модельдер жасап үйренеді. Программалау тілі арқылы модельдер жасау түрлерін айтып оларға қысқаша мағлұматтар береді.
Осы кезеңде оқушылар 3D модель жасаудағы бағдарламалық жабдықтамалармен қысқаша танысып өтеді. Мысалы: blender, scetchup, Sculptris деген секілді бағдарламалардың мүмкіндіктерімен, ол бағдарламалармен не жасауға болады деген сұрақтарға жауап ала алады.
Нағыз 3D модельдеудің маманы болып шығуға немесе 3D модельдеудің алғашқы сатысынан өттім деп айтуға үлкен мүмкіндік беретін сынып бұл 10-шы сынып болып табылады. Себебі бұл сыныпта оқушылар модельдеудің қыр сырларын оны жүзеге асыратын бағдарламалардың интерфейстерімен толық таныса алады. Бұл сыныпта информатиканы оқытуда берілетін 34 сағаттың 8 сағаты осы 3D модельдеу мен жалпы модельдеуді оқытуды қарастырады. 10-шы сыныптың модельдеу тақырыптары:
3D-модельдеу және анимация. Виртуалдылық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі.
3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе.
Орнын ауыстыру және өзгерту.
Программа интерфейсі.
Объектілер, сығып шығару, бөлімшелер (subdivide), программада Булева операциялары, модификаторлар.
Mirror – айналық бейнелеу, программада объектілерді тегістеу.
Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру. [27]
Бірінші тақырыпты модельдеудің ішіндегі 3D модельдеу не екенін,оның ережелерімен танысады, дәл сол секілді анимацияның құрылымы мен анықтамасы, ережелерімен танысады. Жалпы 3D модельдеумен жұмыс жасағандағы жететін жетістіктер туралы толық мағлұмат ала алады.
Екінші тақырып бойынша оқушылар 3D кеңістігінің бағдарларына кіріспе жасайды.
Үшінші тақырыпта объектінің орын ауыстыруы мен оны өзгерту тәсілдерімен танысады.
Төртінші тақырыпта осы 3D модельдеуді жүзеге асыратын және оны өңдейтін, оны сақтап 3D принтер құрылғысына беретін бағдарламалардың интерфейсіне тоқталады. Интерфейс дегеніміз аталмыш 3D бағдарламаларының жұмыс жасау терезесіндегі модельдеуді жүзеге асыратын құрал-жабдықтар жиынтығы. Міне осы құрал жабдықтардың қызметіне, мүмкіндіктеріне жеке-жеке тоқталып ол туралы мәлімет алады.
Бесінші тақырыпта объектілерді, сығып шығару командаларын, бағдарлама интерфейсіндегі бөлімшелерді, бағдарламадағы Булева операциясының қызметі мен мүмкіндерін, модификаторлардың қызметі мен мүмкіндіктерін толық оқиды.
Алтыншы тақырыпта модификаторлардың ішінде mirror модификаторымен жеке танысады, себебі бұл модификатор 3D модельдеуде маңызды орын алады.
Бұл модификатор жаслып жатырған объектіні жан -жағынан X, Y, Z осьтерінде айналық бейнелеу жасап, программада объектілерді тегістеп көруге мүмкіндік береді.
Жетінші тақырыпта толық 3D модельді қалай жаса шығу керектігін оқытады. Бағдарламада керекті материалды қалай қосу жолдарын, қосылатын материал қасиеттерін оқытады. Осыған сәйкес blender-дегі текстураны, blender-дегі материалдарын, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру жолдары мен ережелерін оқытады. Міне қазіргі мектептердегі информатикадағы модельдеу мен 3D модельдеуді оқытуда осы тақырыптық жоспарлар бойынша оқытуда.
Достарыңызбен бөлісу: |