Ғылыми жоба: Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату



бет1/5
Дата13.02.2023
өлшемі23,73 Kb.
#67412
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ғылыми жоба


Ғылыми жоба: Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату
Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату
Жұмыстың бағыты : Таза табиғи орта -"Қазақстан- 2030" стратегиясын іске
асырудың негізі
Жұмыстың секциясы: биология
Жұмыстың жетекшісі: Нурпеисова Кунсулу Алимовна
Мазмұны
1.Кіріспе 3-бет

  1. Бөлім. Қазіргі замаңдағы қатты тұрмыстық қалдықтар проблемасы

1.1. Кіріспе ескертулер 6-8 бет
1.2. Қоқыстырдың сақталу мерзімі, оларды жою әдістері 9-бет
1.3 Қоқысты кәдеге жарату мәселелері 10-11бет
1.4 Шахтинск қаласындағы қоқыс проблемалары 12-13 бет
Қорытынды 14-бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15-бет
 
Кіріспе
Адамзат баласы өзінің бүкіл ғұмырында, тұрмыс тіршілігінде табиғат байлықтарын әр түрлі деңгейде, әр түрлі талаптармен, қолдан келгенінше игере отырып, өзінің қажетін қанағаттандыруға тырысады. Өз қажетін қанағаттандыру «алмақтың салмағы бар» деген қағида бойынша табиғатқа белгілі дәрежеде зиян келтіру, жапа шектірумен қабаттасып отыратынын бүгінде әркім біледі. Адамзат тарапынан табиғатқа әсер ететін осындай зияндардың бірі - қоршаған ортаның тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен ластауы.
Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Мысалы, Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мәліметі бойынша, Швецияда тұтыну қалдықтарының 25 -ы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол 30 құрайды, Германияда 35. Ал, Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың 2,5-ы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны 97,5-ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады.
Ежелгі замманнан бері келе жатқан мәселелердің бірі қоқыс қалдықтары бүгінгі заманда да әлі толық шешімін тапқан жоқ. Қалдықтарды, оның ішінде улы қалдықтарды екінші қайтара өңдеу бізде қолданыста жоқ. Қалдық атаулы арнайы полигондарда, жинақтаушы орындарда, қоймаларда жинаумен шектеледі. Мәселен, еліміздегі электр стансылардағы күл қалдықтарын кәдеге жарату және пайдалану 1 пайыздан аспайды. Ал Еуропада бұл көрсеткіш орта есеппен 60 пайызды құрайды.
Соңғы мәлімет бойынша, ел ішінде 30 миллиардтан астам қоқыс жиналған, оның 100 млн шамасы – тұрмыс қалдықтары. Бұл мәселені шешу үшін өткен жазда қалдықтарды қайта өңдеу орталығы мен қоқыс өңдеу зауыттарын салу туралы сөз қозғалған-тұғын. Орталық қоқыс сұрыптайтын және өңдейтін зауыт құрылысымен айналысады делінген. Республикалық бюджет есебінен бірқатар қоқыс зауыттарының құрылысы жоспарланған. Бірақ бұл шаруаның қашан жүзеге асатыны белгісіз. Еске түсірсек, 2004 жылы Алматыда қоқыс өңдейтін зауыттың тұсауы кесілген еді. Бірақ бұл кәсіпорынның «жүргенінен» тұрғаны көп болды. Әрі дау-дамайдан көз ашпады. Ал, шындығында, Алматы сияқты күніне 600 тонна тұрмыс қалдығын шығаратын ірі қала үшін бір зауыттың өзі аз. Әрі жыл сайын қоқыс көлемі 10 пайызға артып, оны сақтайтын жердің де тарылып бара жатқанын ескерген жөн. Соңғы жылдары қоқысты кәдеге жарату мәселелері көп қалаларда үлкен драмаға айналды. Мысалы, егер барлық қоқыс қалдығын өзіміздің қалада тіпті қабат бойынша бірдей қабатта орналастырсақ оның қалдығы 10 см биіктікке жетуші еді. Осындай қоқыс қалдығында батып кетпеу үшін қоқысты кәдеге жарату керек. Қоқысты кәдеге жарату жолдары туралы біз өзіміздің ғылыми жұмысымда айтып, талқылап кетеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет