1.2. Қоқыстырдың сақталу мерзімі, оларды жою әдістері Қалдықтар: тұрмыстық, кәсіптік, ауылшаруашылық, медициналық, химиялық және т.б., қалдықтарды қасиеттері бойынша да бөлуге болады ең маңызды бөлімдері ол қауіпті (жаңғыш, уытты, қышқылдық, улы т.б) және қауіпті емес қоқыстар. Барлық қоқыстар бір жерде сақталып денсаулыққа зиян келтіруде. Қатты өнеркәсіп қалдықтарының негізгі түрлері
Тұрмыстық қалдықтардың негізгі түрлеріне сипаттама беріп көрейік:
Тамақ қалдықтары Табиғаттағы залалы: Әр түрлі ағзалар қорек ретінде қолданады.
Адамға зияны: шіріген таиақ қалдықтары – микробтар ортасы.
Таралу жолдары: ұсақ ағзалар үшін қорек.
Таралу жолдарының соңғы өнімі: ағзалар денесі, көмірқышқыл газы және су.
Ыдырау уақыты: 1–2 жұма.
Қайта өндеу әдісі: компостирлеу.
Отта тастауға тиым салынады, себебі диоксидтер түзілуі мүмкін.
Қағаз қалдықтары Материал: қағаз, әр түрлі бояулармен боялған және қоспалармен сіңірілген.
Табиғатқа залалы: негізі қағаз қалдықтарының зияны жоқ, бірақ қағаз сіңірген әр-түрлі бояулар зиянды газдар бөледі.
Адамға зияны: бояғыш заттар ыдырау кезінде улы заттар бөледі.
Ыдырау жолдары: ұсақ ағзалар қорек ретінде қолданады.
Сонғы ыдырау өнімі: шымтезек, әртүрлі ағзалардың қалдықтары, көмірқышқыл газы және су.
Ыдырау уақыты: 2–3 жыл.
Қайта өндеу әдісі: Қаптама қағаз үшін өңдеу.
Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: көмірқышқыл газы, су, күл.
Қағазды тамақ қалдықтарымен бірге жағуға мүлдем тиым салынады себебі: диоксид түзілуі мүмкін.
Мата өнімдері Маталар синтетикалық және табиғи түрінде болады. Төменде жазылғанның барлығы табиғи маталарға қатысты.
Табиғатқа залалы: жоқ.
Ыдырау жолдары: кейбір ұсақ ағзаларға тағам ретінде қолданылады.
Соңғы ыдырау өнімі:шымтезек, адам ағзасы,көмірқышқыл газы және су.
Ыдырау уақыты: 2–3 жыл.
Қайта өндеу әдісі: компостірлеу.
Зиянсыз етудің ең аз дегенде қауіпті әдісі: толық жанып кетуді қамтамасыз ететің жағдайларда өртеу.
Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: көмірқышқыл газы, су және күл.
Қалбыр Материал: мырышталған немесе қалайымен қапталған темір.
Табиғатқа залалы: мырыштың қосарлануы, көп ағзалар үшін қалайы мен темір қауіпті. Қалбырдың өткір шеттері жануарлардың денесін жаралайды.
Адамға зияны: жалаңаяқ жүргенде жаралайды. Қалбырда қан сорғыш құрттар дамитын су жиналады.
Ыдырау жолдары: Оттегінің әрекетінен темір баяу тотығады.
Соңғы ыдырау өнімі: тоттың ұсақ даналары немесе темірдің ерігіш тұздары.
Ыдырау уақыты: жерде – бірнеше ондаған жылдар, тұщы суда шамасы 10 жыл, ал тұзды суда– 1-2 жыл.
Қайта өндеу әдісі: металлдармен қайта балқыту.
Зиянсыз етудің ең аз дегенде қауіпті әдісі: алдың ала күйдіруден кейін көму.
Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: оксидтер немесе темір, мырыш және қалайының ерігіш тұздары.